Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет136/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141

446

Геоид – дүниежүзілік мұхиттың деңгейлік  бетімен шектелген екі 

бүйіріне сығылыңқы болып келген дене. Жердің нақты пішіні тепе-

теңдік сақталған, толық тыныштық күйіндегі  дүниежүзілік мұхиттың 

деңгейімен ойша жүргізілетін гойд  тəрізді болады. Геоид  түсінгін ХІХ 

ғасырдың екінші жартысында алғаш рет неміс физигі И. Б. Листиг 

ұсынды.


Гипсометриялық тəсіл – ірі жəне ұсақ масштабты карталарда жер 

бедерін теңіз деңгейінен биіктіктері бірдей изогипс немесе горизон-

тальдардың  көмегімен кескіндеу.

  Картаның масштабына сай гори-

зонтальдар белгілі бір биіктікте жүргізіліп, олардың аралықтары жер 

бедерінің негізгі пішіндерін айқындайтын қабатты бояулармен боялады. 

ГЛОНАСС – нысанның  географиялық координаттын, теңіз 

деңгейінен биіктігін, қозғалатын бағытты анықтауға, геодезиялық тірек 

торларын құруға басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін 

 

 



Ресейдің

  Ғаламдық жерсеріктік навигациялық жүйесі.  

Глобустың тең аралық қасиеті – Жердің кішірейтіліп алған үлгісі 

бол ған  дықтан, ұзындық масштабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей 

болуы.

Глобустың тең аудандық қасиеті – глобустың барлық бөліктерінде 

ұзындық масштабы тең болған жағдайда барлық бағыттарда ауданның 

масштабы да тең болуы.

Глобустың тең бұрышты қасиеті – тең аралық жəне тең ауданды 

қасиетіне сай глобустағы барлық нүктелердің бұрыштары да  тең болуы.



Горизонтальдар - бұл  Жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді 

қосатын қисық сызықтар.



Горизонталь аралық қима биіктік – көршілес жатқан екі 

горизонтальдың биіктік айырмасы. Ол латынның һ əрпімен белгіленеді.



Горизонталь аралық ұзындық – географиялық карталардағы 

көршілес жатқан екі горизонтальдың бір-бірінен метр есебімен алынған 

арақашығы. Ол d əрпімен белгіленеді.

Ғарыштық түсірулер – Жер атмосферасының шегінен биікте Жердің 

жасанды серіктерінен, орбиталық бекеттерден, ғарыш кемелерінен 

жүргізілетін түсіру жұмыстары.

Дирекциондық бұрыш – аймақтың біліктік меридианының солтүстік 

бағыты (тік бағыттағы шақырымдық сызық) мен қажетті нүктенің 

арасында түзілетін бұрыш. Ол латынның 

α

 əрпімен белгіленеді. 



Дирекциондық бұрыш меридианның солтүстік бағытымен сағаттың 

тіліне бағыттас 0° пен 180° аралығында өлшенеді. 



Еркін проекция-

лар – проекцияларға картаның белгілі бір бөлігіндегі географиялық 

нысандардың бұрыштары, аудандары мен пішіндері бұрмаланғанымен, 

математикалық заңдылықтарға сай олардың мөлшері аз болатын про-

екциялар жатады. Еркін проекциялардың ішіндегі картаның басты 

бағыттарының біріндегі (параллельдері мен меридиандарының) ұзындық 

масштабы өзгермей сақталатын теңаралық проекциялар да бар. 




447

Жалпы бағдарлау – баратын соңғы нүктеге жету үшін өзің тұрған 

орынды, қозғалатын бағыт пен уақытты шамамен анықтау, оны сақтау. Жал-

пы бағдарлау карта болмай тек  баратын соңғы нүктеге дейінгі сызбанұсқа 

ғана болғанда қолданылады.



Жарма тəсілі – қоршау, электр желілері сияқты жүріп өту жолда-

рына қатысты алғанда белгілі бір бұрыш түзе орналасқан түзу сызықты 

телімдерді немесе желілі сызықтарды түсіру барысында қолданылатын 

түсіру тəсілі. Жергілікті жердегі бір түзудің бойында орналасқан көзге 

көрінетін екі нысан (нүкте) жарма деп аталады. Жүріп өту сызығының 

(АВ) бойында орналасқан шекарасы түзу бұрышты болатын түсіруді қажет 

ететін жарманы табуға болады.

Жердің физикалық (топографиялық) беті – барлық ойлы-қырлы-

лы ғын қоса есептегендегі құрлық беті. Ол өте күрделі болғандықтан 

математикалық өлшеу қиынға соғады. Сондықтан Жердің физикалық 

бетінің пішіні барлық ойлы-қырлылығымен емес, теңіз деңгейімен 

есептелінеді.

Жердің деңгейлік беті – жердің кіндігіне бағытталған барлық сызыққа 

перпендикуляр болатын дүние жүзілік мұхиттың деңгейі.  Физикалық бетке 

қарағанда ол біршама тегіс болуымен ерекшеленеді. 

Жердің  физикалық бетінің деңгейі – тыныш жатқан теңіз 

деңгейіндейінен алынған  жердің беткі деңгейі.



Жер бетінде түсіру əдісі – инженерлік міндеттерді жүзегеасыру (ірі 

ғимататтарды, каналдарды, жолды тағы да басқа нысандарды салу)  ба-

рысында жергілікті жердің ірі телімдерін аэрофототүсіру тиімсіз болған 

жағдайда жергілікті жердің шағын бөлігінің сұлбалары (пландар) мен кар-

таларын  құру əдісі. 

Жеке масштаб – элипсоид пен картаның жеке бөліктеріндегі белгілі 

бір нысандар өлшемінің сəйкестігін көрсететін масштаб.



Жеке  диаграммалар тəсілі – картаға түсірілген қандайда бір 

құбылыстардың жер бетінің əртүрлі нүктелеріндегі абсолют немесе салы-

стырмалы мəнін көрсету үшін қолданылатын жеке диаграммалар. 

Жер бедерінің карталары – жер бетінің үш өлшемді, көлемді үлгісі 

түрінде құрылатын картографиялық өнім. Көрнекі, əрі, мағыналы болу 

үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік масштабы 

таулы аумақтар үшін  2-5 есе, жазықтар үшін 5-10 есе ірі болып келеді.



Жоспарлы торлар – элипсоидтағы жоспарлы координаттарды бекітуді 

қамтамасыз ететін геодезиялық тор.



GPS  –  нысанның  географиялық координаттын, теңіз деңгейінен 

биіктігін, қозғалатын бағытты анықтауға, геодезиялық тірек торларын 

құруға басқа да жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін  американның 

Ғаламдық позициялау жүйесі (Global Positsioning system). 



Изосызықтар тəсілі  – ұсақ жəне ірі масштабты  карталарда белгілі 

бір құбылыстардың көрсеткіштері бірдей нүктелерін қосатын қисық 

сызықтар. Изосызықтар тəсілін жер бедерін кескіндеуге, тақырыптық кар-



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау