Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05 12-07. 06 17 беттің -ші беті



жүктеу 4,65 Mb.
Дата04.02.2020
өлшемі4,65 Mb.
#28188
түріСабақ




Кәсіби қызметтегі ақпараттық

технологиялар пәнінен тәжірибелік

сабаққа арналған әдістемелік өңдеу


ӘӨ-05.1.12-07.06




17 беттің -ші беті



Нұсқа-2





Сабақтың тақырыбы: MS Word-та мәтінді енгізу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Уақыты: 90 мин

Оқыту орны: 315 компьютерлік технология кабинеті
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: үш деңгейлі әдістемелік жүйе(ТВL), (CBL), ақпараттық, интерактивті технологиясы.
Білімділік: Жаңа сабақты меңгерту барысында студенттерге компьютер жайлы жалпы мағлұмат беру. Студенттерді MS Word-та мәтінді енгізу жолдарымен таныстыру. Студенттердің өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастыру, өз бетінше білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Студенттерді өз мамандығына деген қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен қарауға баулу. Жаңа заман талабына сай технологиялармен жұмыс жасауға, тиімді пайдалануға, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Техниканың заман талабына сай қажеттілігін түсіндіру, өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау.

Тәрбиелік: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Кәсіптік қасиеттерін қалыптастыру


Қасіптік қасиеттер

Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оларды қалыптастыру мүмкіндіктері

Жинақылық, ұйымдастырушылық сезімі, ұқыптылық

1 кезең

6 кезең


Тәртіптілік, орындағыштық

Сабақтың барлық кезеңінде

Жауапкершілік, ұқыптылық, зейін қою, байқағыштық, коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу, талдай білу және жалпылау, қарым-қатынас мәдениеті, логикалық ойлау, орындағыштық

Сабақтың барлық кезеңінде

коммуникативтік қабілеттер, мұқият болу

4 кезең

5 кезең


мамандығына қызығушылық

4 кезең

5 кезең



Сабақтың жабдықталуы:

Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:

    • Слайдтар;

    • Электронды оқу құралы;

Үлестірме материалдар:

    • Интерактивті тақтадан тапсырмалар;

    • Компьютерден тапсырмалар;

Оқытудың техникалық тәсілдері:

    • Компьютер;

    • Интерактивті тақта;

    • CD, DVD дискілер.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Симоновича С.В. 2-е издание 2004 г.



  1. Рапаков Г.Г. Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль» 2005 г.

  2. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики

  3. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995 ж.


Қосымша:

1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.« Новые информационные технология» – Алматы-2003 г.

2. Голобуцкий О.,Шевчук О «Электронное правительство».

3. К.Б.Есекеева,Г.К.Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению население компьютерной грамотности» Алматы 2007 г.

4. Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. Информатика -2003 г.
WEB сайттар тізімі

1. google.kz

2. google.ru

3. ustaz.kz

4. sabaktar.kz

5. youtube.com



6. savefrom.net
Кәсіптік модуль білімін игеру нәтижесіне қойылатын талаптар

БҚ-1

Оқу




БҚ-1.1.

Өзін-өзі дамыту: оқуды, кәсіптік дамуды ұзақ мерзімді жоспарлау машықтары игерген.




БҚ-1.2.

Ақпарат: ақпаратты жинақтайды және талдайды.




БҚ-1.3.

Компьютерлік технологиялар: жұмысында және өзін дамыту барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын қолданады.

БҚ-2

Этика




БҚ-2.1.

Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсене қатысады.




БҚ-2.2.

Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптейтіннін көрсетеді.




БҚ-2.3.

Эстетика: жұмыс орнының эстетикасын бағалайды және қолдайды.

БҚ-3

Коммуникация және қызмет




БҚ-3.1

Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, түрлі адамдармен тиімді коммуникация үлгісін көрсете біледі.




БҚ-3.2

Командада жұмыс істеу: түрлі командада жұмыс істегенде жауапты екенін көрсете біледі.

Студент білуі керек:

  • Мәтінді енгізу ережелерін;

  • Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелерін;

  • Емле ережесін тексеруді.


Студент істей алуы керек:

  • Мәтінді енгізу ережелерімен жұмыс істеуді;

  • Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелерін;

  • Емле ережесін тексеруді.


Пәнішілік байланыс:

  • Тақырып 4.1 MS Word текстік редактор туралы негізгі мағлұматтар;

  • Тақырып 4.2 MS Word-та құжатты әзірлеу.


Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)

Қамтитын пәндер:

  • Қазақ тілі

  • Орыс тілі

  • Ағылшын тілі

Қамтылатын пәндер:

  • Математика, геометрия.


Тәжірибе сабағын жоспарлау кезеңдері





Сабақ кезеңдері

Мақсаты

Қызметті сипаттау

Уақыты

Жабдық

талу


оқытушының


студенттің


1

Ұйымдастыру сәті

Сабаққа дайындығын ұйымдастыру, жұмыс көңіл-күйді қалыптастыру

Студенттермен амандасу.

Аудиторияның дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін тексереді сабақтың жабдықталуын, оқулық, жұмыс дәптерлердің түгелдігін тексереді келмеген студенттерді белгілейді.



Оқытушымен амандасу кезекші келмеген студенттердің аты-жөнін, сабаққа келмеу себебі туралы ақпарат береді.

2 мин

Топша журналы, студенттер

дің оқулықта-

ры, дәптер-лері, сабақ-қа қажетті көрнекі құралдар, техникалық құралдар


2

Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру, студенттерді сабақтың жоспары мен мақсаттары-мен таныстыру

Тақырыптың тәжірибелік маңыздылы-ғын, алған білімдерін кәсіптік қыз-метте қолдану қажеттілігін ашып көрсету.

1. Студенттерді сабақ жоспарымен таныстырады.

2. Сабақ мақсаттарын анық хабарлайды, сабақ барысында студенттер нені білуі, игеруі қажеттілігін түсіндіреді

3.Пәнаралық бай-ланыстарға көңіл бөледі.


1.Оқытушыны тыңдайды.

2.Сабақтың тақырыбы, мақсаттары-мен танысады.

3.Тақырыптың өзектілігін, маңыз-дылығын анықтайды.


3 мин

Қосымша

№1


3

Студенттердің теориялық білімін бақылау

Жаңа тақы-рыпты игеру деңгейін анықтау

1.Студенттердің білімін ауызша сұрау.

2.Студенттердің білімін тестілеу арқылы бағалайды.



1.Ауызша сұрақтарға жауап береді.

2.Тест сұрақтарын жауап береді.




15 мин

Қосымша №2


4

Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру

Тақырып бойынша жоспарлан-ған тәжірибе-лік дағдылар-дың техника-сын көрсету.

1. Тәжірибелік тақырыптың терминдерімен таныстыру.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Ақпарат көздерімен жұмыс жасауға бағдар беру.


1.Оқытушы-ны тыңдай-ды, пысық-тау мақса-тында бірігіп орындайды.

2.Қажет ақпараттар-ды дәптер-леріне жазады.



15 мин

Қосымша №3 /интерак-тивті тақта/

5

Тәжірибелік тапсырмалар-ды орындауда-ғы студенттер-дің өзіндік жұ-мысы


Студенттер-дің жадыда сақтау қабі-летін, зейін-ділігік дамы-ту, қарым-қатынас мәдениетін дамыту

1.Интерактивті тақтада дайындал-ған тапсырма береді.

2.Оқулықтан тапсырма береді.

3.Тапсырмаларды орындау жолын түсіндіреді.


Интерактивті тақтада, оқу-лықтан беріл-ген тапсырма-ларды топпен де, жеке де орындайды.

45 мин

Қосымша №4,5,6


6

СӨЖ-ді бағалап, сабақты қорытындылау

Алған материалды жинақтап қорытынды-лау

Сабақтың барлық кезеңіне қысқаша тоқталып, әрбір студенттің жұмыс нәтижелерін талқылайды, оң және теріс жақтарын көрсетеді.

Қорытынды-лауда қаты-сады, өз пікірлерін ортаға салады.

5 мин

Қосымша

№7


/интерак-тивті тақта/


7

Үйге тапсырма

Студенттер-дің келесі сабаққа дай-ындығын қамтамасыз ету. Сабақ-тың аяқтал-ғанын хабар-лау, кезекші-лерге тап-сырма беру

Студенттерге білуі керек болған сұрақтарды, игеруі қажет болған тапсырма-ларды, әдебиеттер тізімін хабарлай-ды.

Үйге тапсыр-маны жаза-ды. Жұмыс орнын тәртіпке келтіреді.

5 мин

Қосымша №8,9

1 Қосымша


Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру, студенттерді сабақтың жоспары мен мақсаттарымен таныстыру
Мәтіндік құжаттардың құрамында, негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі, кестелік, программалақ мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда мәтіндік файлдарға жатпайтын және енгізілген объектілер: сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер болуы мүмкін.

Мәтіннің жоғарыда аталған түрлерінен басқа тағы бір түрі гипермәтін болады, ол, негізінде Internet-те электрондық оқулықтарда, анықтамалар мен энциклопедияларда қолданылады.



2 Қосымша

Студенттердің теориялық білімін бақылау
Студенттердің білімдерін тест тапсырмасы арқылы бақылау

Тест сұрақтары:

I – нұсқа

1. Microsoft Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

  1. сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту

  2. файл – Бөлектеу әмірін орындау

  3. сөздің алдын үш рет шерту

  4. сөзді шерту

  5. тінтуірді бос орынға шерту

2. Құжатқа мәтінді енгізу кезінде <Enter> пернесін қашан басу керек?

    1. әрбір жолдың соңында

    2. әрбір сөзден кейін

    3. әрбір беттің соңында

    4. әрбір сөйлем соңында

    5. әрбір еже соңында

3. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. көк

  2. жасыл

  3. күлгін

  4. қызыл

  5. қара

4. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін ... керек.

  1. құжатты жабу

  2. компьютерді қайта қотару

  3. құжат аймағының кез келген жерінде шерту

  4. құжатты сақтау

  5. құжатты ашу

5. Сөздегі қателерді түзету үшін ... керек.

  1. Бас мәзірдің көмегімен Анықтама және қолдау қызметіне қатынау

  2. сөзді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту, мәтінмәндік мәзірде ұсынылған нұсқаны таңдау

  3. ақаулық туралы есеп жөнелту

  4. компьютерді қайта қотару

  5. компьютерді өшіру

6. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?

  1. Файл

  2. Өңдеу

  3. Көрініс

  4. Пішім

  5. Құралдар

7. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. жасыл

  2. көк

  3. күлгін

  4. қызыл

  5. қара

8. Қателерді тексеру және түзетудің қанша тәсілі бар?

  1. 5

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. Дұрыс жауап жоқ

9. Қателерді тексеру және түзетудің тәсілдері?

  1. негізгі және қосымша

  2. негізгі және фондық

  3. монохромды және түрлі – түсті

  4. өздіктік, қолдан және өзауыстырғыш

  5. матрицалық, шектік және лазерлік

10. Мәтінді түгелдей бас әріппен теру үшін қай пернені басамыз?

  1. Esc

  2. Caps Lock

  3. Shift

  4. Enter

  5. Backspace


II – нұсқа

1. Word бағдарламасында мәтінді бөлектеуді болдырмау үшін ... керек.

  1. құжатты жабу

  2. компьютерді қайта қотару

  3. құжат аймағының кез келген жерінде шерту

  4. құжатты сақтау

  5. құжатты ашу

2. Word бағдарламасында стилистикалық қателер қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. жасыл

  2. көк

  3. күлгін

  4. қызыл

  5. қара

3. Word бағдарламасында емле қателері қандай түспен айрықша көрсетіледі?

  1. көк

  2. жасыл

  3. күлгін

  4. қызыл

  5. қара

4. Microsoft Word бағдарламасында мәтіндегі сөзді бөлектеу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?

  1. сөзді тінтуір батырмасымен екі рет шерту

  2. файл – Бөлектеу әмірін орындау

  3. сөздің алдын үш рет шерту

  4. сөзді шерту

  5. тінтуірді бос орынға шерту

5. Мәтінді түгелдей бас әріппен теру үшін қай пернені басамыз?

  1. Esc

  2. Caps Lock

  3. Shift

  4. Enter

  5. Backspace

6. Қателерді тексеру және түзетудің қанша тәсілі бар?

  1. 5

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. Дұрыс жауап жоқ

7. Қателерді тексеру және түзетудің тәсілдері?

  1. негізгі және қосымша

  2. негізгі және фондық

  3. монохромды және түрлі – түсті

  4. өздіктік, қолдан және өзауыстырғыш

  5. матрицалық, шектік және лазерлік

8. Құжатқа мәтінді енгізу кезінде <Enter> пернесін қашан басу керек?

  1. әрбір жолдың соңында

  2. әрбір сөзден кейін

  3. әрбір беттің соңында

  4. әрбір сөйлем соңында

  5. әрбір еже соңында

9. Сөздегі қателерді түзету үшін ... керек.

  1. Бас мәзірдің көмегімен Анықтама және қолдау қызметіне қатынау

  2. сөзді тінтуірдің оң жақ батырмасымен шерту, мәтінмәндік мәзірде ұсынылған нұсқаны таңдау

  3. ақаулық туралы есеп жөнелту

  4. компьютерді қайта қотару

  5. компьютерді өшіру

10. Емле және грамматика әмірі Word бағдарламасы мәзір жолағының қай тармағында орналасқан?

  1. Файл

  2. Өңдеу

  3. Көрініс

  4. Пішім

  5. Құралдар


Тест эталоны:

I – нұсқа II – нұсқа

  1. a 1. c

  2. e 2. a

  3. d 3. d

  4. c 4. a

  5. b 5. b

  6. e 6. c

  7. a 7. d

  8. c 8. e

  9. d 9. b

10. b 10. e
10 дұрыс жауап «5»

9 - 8 дұрыс жауап «4»

7 - 6 дұрыс жауап «3»

5 және ↓ дұрыс жауап «2»

3 Қосымша



Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру

Сабақтың тезистері:

  1. Мәтінді енгізу ережелері;

  2. Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелері;

  3. Емле ережесін тексеру.

1. Мәтінді енгізу ережелері

Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік процессорлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа еже бастау үшін Enter пернесін басу қажет.

Мәтіні түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, Caps Lock пернесін басу қажет. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.

Сөзді бас әріптен бастап теру үшін Shift пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет (Caps lock пернесін режимы қосылып тұрмаса).

Мәтінмен жұмыс істеу кезінде тыныс белгілерін енгізу ерекшеліктерін де есте ұстау қажет.

Мәтіндегі қос нүкте белгісі сөзден кейн бос орын қалдырмай, бірден жазылады, ал одан кейін міндетті түрде бос орын қойылады.

Мәтіндегі жақшалар ондағы ұғымға жабыстырыла қойылады. Жақшадан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса,міндетті түрде бос орын қалдырылады.

Тырнақшалар ішіндегі ұғыммен бірге жазылады. Тырнақша ашылар алдында және жабылғаннан кейін еш қандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.

Тырнақша жабылар алдында нүкте, үтір, қос нүкте және сызықша қойылмайды. Бұл таңбалар тырнақша жабылғаннан кейін қосымша бос орын қалдырылмай қойылады.



Леп белгісі, сұрақ белгісі және көп нүкте тырнақшаға алынған сөздерді қамтитын сөйлемге тұтастай қатысты бола алады. Бұндай жағдайда олар тырнақшадан кейін қойылады.

Көп нүкте де ортақ ереже бойынша жазылады: оның алдында бос орын қалдырылмайды, ал соңынан бос орын міндетті түрде қажет. Егер көп нүкте леп белгісімен не сұрақ белгісімен бірге келсе, бұндайда белгі мен екі нүкте жазылады.

2. Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелері

Мәтінге қатысты қандай бір әрекетті орындар алдынды мәттінің қажетті болігін- сөз, сөйлем, еже, т.б. бөлектеп алу керек.





Бөлектелген мәтін үзіндісі

Мәтін үзіндісін бөлектеудің бірнеше ережесі де бар:



  • Мәтін үзіндісін бөлектеу үшін тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, тінтуір жүгіргісін үзіндінің басынан айағына дейін жылжыту керек.

  • Сөзді болектеу үшін жүгіргіні оның үстіне қойып, тінтуірді екі рет шерту қажет.

  • Жолды бөлектеу үшін оның сол жағындағы бос орынды шерту керек.

  • Бірнеше жолды бөлектеу үшін тінтуірмен бірінші жолды шертіп,сол жақ пернені басып ұстап тұрып, жұгіргіні жолдың соңын дейін апарып, содан кейін қажетті жолдың соңына дейін сүйреу қажет.

  • Сөйлемді бөлектеу үшін Ctrl пернесін басып ұстап тұрып, сөйлемді тінтуірмен шерту керек.

  • Ежені бөлектеу үшін тінтуірмен еже басындағы бос орынды шерту немесе бөлектейтін ежені үш рет шерту керек.

  • Бірнеше ежені бөлектеу үшін тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, бірінші еженің басынан сол жақ шетпен сонғы еженің аяғына дейін жылжу керек.

  • Тік төртбұрышты үзіндіні (кесте емес) бөлектеу үшін Alt пернесін және тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, жүгіргіні бөлектенетін үзінді бойымен жылжыту қажет.

Мәтінді бөлектеп алғаннан кейін сіз оған қатысты қарапайым амалдарды, мысалы көшіру, жою, жылжытуды орындай аламыз. Бұл үшін мәзір жолағында орналасқан Өңдеу мәзірінің әмірлерін немесе Стандартты құралдар үстелінің батырмаларын қолдануға болады.

Мәтінді көшіру үшін Көшіру әмірін тандау қажет.

Ал егер мәтін үзіндісін бір бөліктен екіншісіне ауыстыру қажет болса, дәл сол қосымшада орналасқан Қиып алу деген әмір бар. Мәтін бөлігі аралық сақтағышқа салынады да, басқа Көшіру немесе Қиып алу әмірі орындалғанға дейін сонда жатады, содан кейін басқа мәтін бөлігіне ауыстырылады. Аралық сақтағышқа соңғы рет қандай мәтін бөліктері салынғанын көру үшін, Өңдеу қосымшасын ашып, Office аралық сақтағышын шертіңіз.

Көшірілген немесе қиып алынған мәтін бөлігін кірістіру үшін алдыңғы екі әмір сияқты


Өңдеу қосымшасынан табуға болатын Қою әмірін пайдалануға болады.

Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін:



  1. Мәтінді бөлектеп алыңыз.

  2. Жылжыту үшін Қиып алу немесе Көшіру әмірін орындаңыз.

  3. Жүгіргіні мәтінді қию қажет жаңа орынға апарыңыз. Егер ол орын басқа құжатта болса, сол құжатты ашыңыз.

  4. Өңдеу мәзірінен Қою әмірін орындаңыз.

Word-та жұмыс істеу кезінде қандай да бір әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекетті болдырмай тастайтын Болдырмау әмірі атқарады.

Егер сіз қандай да бір қате әрекет жасап, нәтижелеріне көңіліңіз толмаса, мысалы өзіңізге қажетті мәтін бөлігін жойып жіберсеңіз, осы қызметті пайдалануыңызға болады. Бұл үшін Өңдеу мәзірін ашып, Енгізуді болдырмау әмірін таңдаңыз немесе құралдар үстеліндегі Болдырмау батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы + пернелер тіркемесін пайдаланыңыз.



3. Емле ережесін тексеру

Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіктік тексеру, қолдан тексеру және өзауыстырғыш.



  • Өздіктік тексеру. Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өздіктік бақылау жасалып отырады. Бағдарлама стилистикалық қателері бар сөздердің астын жасыл, ал орфографиялық қателері бар сөздердің астын қызыл толқынды сызықпен сызады



Өздік тексеру




Қатесі бар сөзді ауыстыру

нұсқалары



  • Құжатты қолдан тексеру. Қолдан тексеруді жүргізу үшін Емле құралдары сұхбат терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үшін Стандартты құралдар үстелінде Емле тексеру құралдары батырмасын басу немесе Құралдар мәзірінің Емле және грамматика әмірін орындау қажет.

Сөздегі немесе сөйлемдегі қатені түзету үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертуі қажет, сонда қатені түзету нұсқалары ұсынылатын мәтінмәндік мәзір қалқып шығады.

Word бағдарламасы құжатындағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін тексеру қажет, өйткені жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Осы мәтінмәндік мәзірдің көмегімен сөзді сөздікке қосуға немесе осы сияқты сөздерді өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.





Емле және граматика сұхбат терезесі

  • Өзауыстырғыш. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді ( қате терілген сөздерді ) өздіктік түзетуге арналған. Microsoft Word – та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа элемент үстеу үшін Құралдар мәзірінің Өзауыстырғыш параметрлері әмірін орындау қажет, осының нәтижесінде Өзауыстырғыш сұхбат терезесі ашылады.


4 Қосымша

Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы
Қауіпсіздік техникасы ережелері

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:



  1. Жалпы;

  2. ДК - де жұмыс істеу алдындағы;

  3. Жұмыс кезіндегі;

  4. Апатты жағдайдағы;

  5. Жұмыс аяқталғандағы.

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  1. Компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте сақтаған дұрыс;

  2. Мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;

  3. Монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;

  4. Тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;

  5. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты оқытушының рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. Арқаңызды тік ұстаңыз;

  2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын;

  3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз;

  4. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық кемінде – 50 см;

  5. Орындығыңыздың отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тікбұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек;

  2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек;

  3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

1. Оқытушының айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек;

2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек;

3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.


5 Қосымша
Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:

1-cұрақ. Жаңа ежеден бастау үшін қай пернені басу қажет?

Жауабы: Жаңа еже бастау үшін Enter пернесін басу қажет.
2-cұрақ. Мәтіні түгелдей бас әріптермен теру үшін қай пернені басу қажет?

Жауабы: Мәтіні түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, Caps Lock пернесін басу қажет. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.
3-cұрақ. Сөзді бас әріптен бастап теру үшін қай пернені басу қажет?

Жауабы: Сөзді бас әріптен бастап теру үшін Shift пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет (Caps lock пернесін режимы қосылып тұрмаса).
4-cұрақ. Мәтінмен жұмыс істеу кезінде нені есте ұстау қажет?

Жауабы: Мәтінмен жұмыс істеу кезінде тыныс белгілерін енгізу ерекшеліктерін де есте ұстау қажет.

5-cұрақ. Мәтін үзіндісін бөлектеу үшін не істеу керек?

Жауабы: Мәтін үзіндісін бөлектеу үшін тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, тінтуір жүгіргісін үзіндінің басынан аяғына дейін жылжыту керек.
6-cұрақ. Жолды немесе бінеше жолды бөлектеу үшін не істеу керек?

Жауабы: Жолды бөлектеу үшін оның сол жағындағы бос орынды шерту керек. Бірнеше жолды бөлектеу үшін тінтуірмен бірінші жолды шертіп,сол жақ пернені басып ұстап тұрып, жұгіргіні жолдың соңын дейін апарып, содан кейін қажетті жолдың соңына дейін сүйреу қажет.
7-cұрақ. Сөзді немесе сөлемді бөлектеу үшін не істеу керек?

Жауабы: Сөзді болектеу үшін жүгіргіні оның үстіне қойып, тінтуірді екі рет шерту қажет. Сөйлемді бөлектеу үшін Ctrl пернесін басып ұстап тұрып, сөйлемді тінтуірмен шерту керек.
8-cұрақ. Ежені немесе бірнеше ежені бөлектеу үшін не істеу керек?

Жауабы: Ежені бөлектеу үшін тінтуірмен еже басындағы бос орынды шерту немесе бөлектейтін ежені үш рет шерту керек. Бірнеше ежені бөлектеу үшін тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, бірінші еженің басынан сол жақ шетпен сонғы еженің аяғына дейін жылжу керек.
9-cұрақ. Тік төртбұрышты үзіндіні (кесте емес) бөлектеу үшін не істеу керек?

Жауабы: Тік төртбұрышты үзіндіні (кесте емес) бөлектеу үшін Alt пернесін және тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап тұрып, жүгіргіні бөлектенетін үзінді бойымен жылжыту қажет.
10-сұрақ. Қателерді тексеру және түзетудің қанша тәсілі бар?

Жауабы: Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіктік тексеру, қолдан тексеру және өзауыстырғыш.
11-сұрақ.Өздік тексеру дегеніміз не?

Жауабы: Өздіктік тексеру. Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өздіктік бақылау жасалып отырады. Бағдарлама стилистикалық қателері бар сөздердің астын жасыл, ал орфографиялық қателері бар сөздердің астын қызыл толқынды сызықпен сызады.
12-сұрақ. Құжатты қолдан тексеру дегеніміз не?

Жауабы: Құжатты қолдан тексеру. Қолдан тексеруді жүргізу үшін Емле құралдары сұхбат терезесі пайдаланылады. Оны іске қосу үшін Стандартты құралдар үстелінде Емле тексеру құралдары батырмасын басу немесе Құралдар мәзірінің Емле және грамматика әмірін орындау қажет.
13-сұрақ. Өзауыстырғыш дегеніміз не?

Жауабы: Өзауыстырғыш. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді ( қате терілген сөздерді ) өздіктік түзетуге арналған. Microsoft Word – та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа элемент үстеу үшін Құралдар мәзірінің Өзауыстырғыш параметрлері әмірін орындау қажет, осының нәтижесінде Өзауыстырғыш сұхбат терезесі ашылады.

6 Қосымша



Студенттердің компьютерде орындайтын тапсырмалары:

1-тапсырма: Берілген тапсырманы компьютерде орындау.

1. Берілген мәтінді тер және тыныс белгілерін қой.



Правила ввода текста

Знак двоеточия в тексте пишется без пробела после слова, за которым он следует, После двоеточия обязательно делают пробел... Скобки ставится в тексте слитно к заключаемому в них понятно. После скобки обязательно делаются пробел, если нет другого знака препинания. Кавычки пишут слитно со словом, которое они в себя заключают - Перед открывающей. кавычкой обязательно делают пробел, а также после закрывающей, если далее не следует знак препинания. Точка-запитая, точка с запитой, двоеточие и тире перед закрывающими кавычками не ставятся. Эти знаки могут быть написаны после кавычек без дополнительного пробела. Восклицательный-вопросительный знак и мнтготочие могут трноситься ко всему предложению., включающему в себя слова, заключённые в кавычки.В этом случае их ставят после него – пробел необходим. Если многоточие сочетается с восклицательным или вопросительным знаком,. то в этом случае пишут знак и две точки.

2. Терілген мәтінді «Құжатты қолдан тексеруді» жүргіз.

Дұрыс жауабы:

Правила ввода текста

Знак двоеточия в тексте пишется без пробела после слова, за которым он следует. После двоеточия обязательно делают пробел. Скобки ставится в тексте слитно к заключаемому в них понятно. После скобки обязательно делаются пробел, если нет другого знака препинания. Кавычки пишут слитно со словом, которое они в себя заключают. Перед открывающей кавычкой обязательно делают пробел, а также после закрывающей, если далее не следует знак препинания. Точка, запитая, точка с запитой, двоеточие и тире перед закрывающими кавычками не ставятся. Эти знаки могут быть написаны после кавычек без дополнительного пробела. Восклицательный, вопросительный знак и мнтготочие могут трноситься ко всему предложению, включающему в себя слова, заключённые в кавычки.В этом случае их ставят после него – пробел необходим. Если многоточие сочетается с восклицательным или вопросительным знаком, то в этом случае пишут знак и две точки.


2-тапсырма. Жұмыс дәптеріңе орында. Кестені толтыр.

Құжатты тексерудің тәсілдері:

Мазмұны

Өздіктік тексеру




Қолдан тексеру




Өзауыстырғыш



7 қосымша


СӨЖ-ді бағалап, сабақты қорытындылау. Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау.

8 қосымша


Үйге тапсырма. Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.
Тақырып: MS Word – та графикалармен жұмыс.

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

    • Мәтінге суретті кірістіру үшін қандай әмірлерді орындаймыз?

    • Қалыпталған суреттерді кірістіру үшін қандай әмірлерді орындаймыз?

    • Суреттің жарықтылығын, контрастын, көлемін, мәтін тасымалы мәнерін өзгерту

үшін қандай құралдар үстелін қолданамыз және сол құралдар үстелін жұмыс

терезесіне қандай әмірлер көмегімен шығарамыз?



  • Сурет құралдар үстелі батырмаларын атаңыз?

  • Құжатқа өзкескінді кірістіру үшін қандай әмірлерді орындаймыз?

  • Өзкескіндерге нелер жатады?

  • Құжатқа WordArt нысанын кірістіру үшін қандай әмірлерді орындаймыз?

  • Сурет салу құралдар үстелі батырмаларын атаңыз?

Қосымша:

  • MS Word – та графикалармен жұмыс істеу тақырыбына интернеттен, баспа беттерінен және т.б. қосымша материалдар әкелу, өз бетінше іздену.

9 қосымша


Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

1. Симоновича С.В. 2-е издание 2004 г.



  1. Рапаков Г.Г. Ржеуцкая С.Ю. «Программирование на языке паскаль» 2005 г.

  2. Салливан Ф., Уайт Дж.С. Основы медицинской информатики

  3. Бөрібаев Б. Информатика және компьютер, - Алматы « Білім » 1995 ж.


Қосымша әдебиеттер:

1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.« Новые информационные технология» – Алматы-2003 г.

2. Голобуцкий О.,Шевчук О «Электронное правительство».

3. К.Б.Есекеева,Г.К.Нургалиевой «Учебно методическое пособие по обучению население компьютерной грамотности» Алматы 2007 г.

4. Макарова Н.В., Матвеев А., Бройдо В.Л. и др. Информатика -2003 г.

WEB сайттар тізімі
1. google.kz

2. google.ru

3. ustaz.kz

4. sabaktar.kz

5. youtube.com

6. savefrom.net



жүктеу 4,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау