378
бағыт бойынша жүріп өту немесе айналасы жақсы көрінетін бір
нүктеде тұрып полярлық тəсілмен жүргізіледі. Жүріп өту бағыты
жолдар, кескіні айқын ажыратылатын сызықтық нысандардың
бойында кедергілер кездеспейтын нысандар арқылы жүргізіледі.
Кескіндік шысандарды алу үшін көбінесе бір нүктеде тұрып
түсіретін полярлық тəсіл қолданылады. Ол үшін түсірілетін
аумақтың шеткі нүктелеріне нысаналауға қолайлы екі түспен
боялған жолақты қадалар орнатады. Содан кейін түсіру
жұмыстарын жүргізетін аумақтың ортасындағы бірінші нүктеге
штативті орнатып, көлденең түзу жағдайға келтіреді. Одан кейін
планшетті қойып, жоғарыда көрсетілген тəсіл бойынша тұсбағдар
тілінің тұрақты түрде солтүстікке бағытталуын қадағалап
бағдарлайды да түсіру алаңының кескінін айқындайтын шеткі
нүктелеріндегі əрбір қадаға бағыттап азимуты мен румбасын
есептеп, арақашықтығын жұп адыммен, рулеткамен немесе дала
циркулінің көмегімен өлшейді. Түсіру жұмыстарын жүргізіп
болған соң алынған сандық деректерді транспортирдің көмегімен
азимутын анықтап белгіленген масштабпен қағаз бетіне түсіреді.
Жергілікті жердегі түсіретін аумақтың жер бедерінің ойлы
қырлылығын, өзендер мен жолдардың иректігін, орман, тоғай
мен батпақ шалғындар шекараларының күрделі кескінін нақты
анықтау үшін көз мөлшері түсіру барысында құрамдасқан
əдістерді қолданған тиімді. Өзеннің иректілігін анықтау үшін,
өзенді бойлай перпендикулярлар тəсілдері бойынша бағыттық
түсіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өлшеу жұмыстарын жүргізу
барысында түсірілетін аумақтың сұлбасына (абрисіне) белгілі
бір бағыттағы сызықтардың көлденең бұрыштары мен бастапқы
нүктеден немесе жүріп өтетін бағыттың бойындағы түзу сызықтан
арақашықтығын жазып отыру қажет.
Егер кескіндейтін аумақтың бір бөлігі өзен жағалауына сай
келсе арнайы магистральды түзу сызық жүргізіп, перпендикуляр
əдіспен түсіреді.
Егер тура жəне кері азимуттың өлшемі 180º-қа ауытқыса,
қажетті нүктелердің көлденең бұрыштарын қайта өлшейді, егер
өлшемдердің ауытқу шамасы аз болса, орташа арифметикалық
өлшемін есептеп шығарып, тура жəне кері азимутқа бөліп жа-
зады. Мысалы, 1-2 нүктенің тура азимуты 280º10’ + кері ази-
379
муты 208º 20’ тең құралдың екі жақты өлшемінің айырмасы 10
өлшемнің ауытқуының рұқсат етілген шегіне жатады. Кері жəне
тура азимутқа бөліп жазғанда тура азимут 28º 15’ болады.
10.11 сурет. Жергілікті жердің көзмөлшері түсіруінің сұлбасы
Көз мөлшері түсірудің қағаз бетіне кескінделген сұлбасына
кескінделетін аумақта жүргізілген өлшемдердің барлық сандық си-
паты тіркеледі. Буссольдық түсіру барысында жіберілетін қателік
±
30' аспауы керек. Магниттік ауытқудың бір тəулік ішіндегі
тұсбағдардың магнитті тілі 15º шамасында ауытқиды. Осыған
орай қандайда бір бағыттың бұрышының азимутын анықтағанда
бастапқы жəне соңғы нүктелердің арақашықтығына тепе тең
қателіктер кетеді. Сондықтан тұсбағдармен арақашықтығы 50-60
метрден аспайтын шағын аумақты түсірген тиімді [10.11-сурет].
Жергілікті жерде бағдарлаудың қарапайым əдістерін меңгеруді
қажет ететін көз мөлшері түсіру жұмыстарын полярлық əдіспен
қатар тура белгілеу, перпендикулярлар тəсілдерімен де жүргізуге
болады.
380
Топографтың міндетіне жергілікті жердің сұлбасында (пла-
нында) жергілікті нысандардың сандық жəне сапалық сипатта-
рын белгілеуіде кіреді. Ағаштардың, бағаналардың, көпірлердің
өтетін бөлігінің биіктігін сызғышпен де анықтауға болады.
Нысанның биіктігі (Н)
;
Lh
H
l
=
мұндағы h – сызғыш бойынша алынған санның мəні, l -сызғыштан
көзге дейінгі қашықтық,
L – нысанға
дейінгі жергілікті жердегі
метр есебімен алынған арақашықтық. Осы формуламен адамның
бойы, ағаштың, электр желілерінің бағаналары сияқты биіктігі
алдын-ала белгілі жақын алыстан жақсы көрінетін нысанның
арақашықтығын да өлшеуге болады.
Ашық күндері биіктігі белгілі нысанның көлеңкесін пайдала-
нып нысанның биіктігін де өлшеуге болады. Мысалы, адамның
бойы 1,8 м ал оның көлеңкесі 1,2 м болса көлеңкенің транс-
формациялану коэффициентін есептеп оны басқа нысанның
биіктігін өлшеуге қолдпануға болады. Кітап, таяқ, сіріңке қорабы
сияқты шағын затты пайдалануға да болады. Оның басты шарты
көлеңкенің ұзындығын нысанның биіктігін өлшер алдында есеп-
теу болып табылады.
Геометрияның ережелерін басшылыққа ала отырып бір жаға-
лауында тұрып онша күрделі өлшеулермен өзеннің енін анық-
тауға болады. Өзеннің бір жағасында тұрып екінші жағалау дағы
бір-біріне жақын орналасқан екі бағдарлық нысанды таланады.
Қолды созып, көз алдына бұтаның бір бөлігін ұстайды да,
сол арқылы екі нысанды да бағдарлайды, екі ұшы арқылы ны-
сандар көрінетіндей қашықтыққа бұрын бұтамен өлшенгендей
қашықтықтың жартысындай болғанға дейін жағалаудан артқа
жылжиды. Екі жағдайда да бұтаны көзден бірдей қашықтықта
ұстайды. Жүріп өткен жолдың жұп адымға сəйкес келетін
ұзындығын метрге айналдырады [10.11-сурет].
Жердің шағын аумағының буссольдық сұлбасын (пла-
нын) перпендикулярлар тəсілдерімен құру. Буссольдық үсіру
жұмыстары аяқталған соң, дала жағдайында əртүрлі əдіспен
жергілікті жерде түсірілген барлық нысандар жазықтыққа (қағаз