«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет51/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   146

 
 
104 
 
жеткізеді.  Сыни      ойлау  дағдыларын  дамытудағы  маңызды  әдіс  -  Блум  таксономиясының 
деңгейлік сұрақтары. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір  деңгейінен 
екінші  деңгейіне,  яғни  қарапайымнан  күрделігі  біртіндеп  өтеді  деп  саналады.  Сыныпта 
осындай  сұрақтар  қою  арқылы  оқушылар  үйреніп  қана  қоймайды,  сондай  орта 
қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі. Блум таксономиясы - жеке 
тұлғаға  бағытталған  шығармашылығын  дамытушы  және  білімді  толық  меңгертудің  әдісі 
болып табылады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір түкпірінен жиылған 
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис 
С.Мередит,  Чарльз  Тэмпл.  Жобаның  негізін  салушылар  Ж.Пиаже,  Л.С.Выготский 
теорияларын басшылыққа аламын. [3] 
Күтілетін  нәтиже:  Сыни  ойлау  арқылы  оқушылардың  белсенділігі,  өзіндік  сана-
сезімі  мен  пайымы,  шығармашылығы  және  дарынды  тұлғаның  эмоционалдық  сферасы 
дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады.  
Зерттеу  жаңалығы:  Интербелсенді  әдістерді  қолдана  отырып  тұлғаның  сыни 
ойлауын  дамыту  арқылы  шығармашылыққа  тәрбиелеу  және  дарынды  тұлғаның 
шығармашылық әлеуетін дамыту.  
Қорытындысы:Сыни  ойлау  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытып,  оларды  оқу 
мен  өмірде  туындайтын  проблемаларды  өздігімен  шешуге  бағыттайды.  Осы  арқылы  сыни 
ойлау  оқушыларды  ақпаратпен  жұмыс  жасауға,  өзбеттерімен  түсінуге,  шешім  қабылдауға 
үйретеді.  Сыни  ойлау  әр  адамды  табиғатындағы  менмендіктен  және  ортаға  тәуелділіктен 
арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, ортақ шешім, ортақ ой түйеді. 
Сабақта  сыни  ойлауларын  дамыту  мақсатында  Блум  таксономиясының  деңгейлік 
сұрақтары  қолданылады,  сұрақ-жауап  арқылы  бір-бірімен  тиімді  диалогқа  түседі. 
Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа өтеді, тақырыптың мәнін ашады, 
сабақты жан-жақты талдайды, жинақтайды және оның болашағын бағалайды. Оқуды бағалау 
және оқыту үшін бағалау жүзеге асады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылықпен 
жұмыстанады  және  топтық  жұмыста  ұжымдық  іс-әрекетке  тәрбиеленеді.  Нәтижесінде 
дарынды және талантты тұлғалар өсіп жетіледі. 
«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге 
жетелейді»  -деп  неміс  педагогі  А.Дистерверг  айтып  өткендей  бүгінгі  таң  мұғалімдері  жаңа 
әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы тұлғаны алған білімін сыныптан тыс қолдануға жетелейді. 
Мен  сабағымды  оқушының  көңіл-күйін  білуден,  міндетті  түрде  танысу,  сәлемдесу, 
көңіл-күй немесе логикалық ойлауға негізделген ойсергектерінен бастаймын. 
Топқа  бөлінуді  өткен  тақырыптармен  байланысты,  немесе  өткен  сабақ  пен  бүгінгі 
сабақты  байланыстыратындай  етіп    құрамын.  Алдымен  оқушы  суырған  шиырмасына  не 
жазылғанын  қарап,  ол  туралы  1  секунд  болсада  ойлау  керек,  сосын    құрдастарымен  тез 
қарым-қатынасқа түсіп өзінің қай топқа жататынын тауып қосылу керек. Топ құрылған соң 
аттарын  соған  байланысты  қойып,  қорғау  қажет.  Бұл  жерде  «Ұйымшыл  топты»  бағалау 
болады.                      
8-сыныптағы  «Биквадрат  теңдеу»  тақырыбында  шиырмада  толық  квадрат,  толымсыз 
квадрат  және келтірілген квадрат  теңдеулерге мысалдар жазылып,  оқушылар сол мысалдар 
бойынша 3 топқа бөлініп, топқа мысалдарға сәйкес ат қойып, «неге олай аталды?» сұрағына 
жауап  беріп,  анықтамаларын  айтып  топ  аттарын  қорғады.  «Не  білгім  келеді?»  арқылы 
квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеу биквадрат теңдеу тақырыбына келеді.  
6-сыныпта  «Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу»  тақырыбында  шиырмаға  ах=в 
түріндегі  сызықтық  теңдеу,  санды  теңдік  және  ах+в=сх+d  түріндегі  бір  айнымалысы  бар 
сызықтық теңдеу мысалдары жазылды. Оқушылар алдыңғы екі топқа тез бөлінді де, 3- топ 
аттарын қалай атарын білмей тұрып қалды. Мен сұрақтар қойдым: «Берілгенін оқы?», «ах=в 
түріндегі    теңдеумен  салыстыр,  сонда  не  байқадың?»,  «Неге?»,  «Қандай  теңдеу  деп 
ойлайсыздар?» Бұл бүгінгі бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу екен. 


 
 
105 
 
10-сыныпта  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында  топтың  атын  топ 
басшылары  суырды,  «бұл  атаулар  нені  білдіреді?»  деген  сұраққа  кеңістіктің  негізгі  3 
ұғымына  байланысты  атау  деп  тапты.  «Бұл  ұғымдарға  анықтама  беріле  ме?»  деген  сауалға 
жауап берді.Үш ұғымның өзара байланысын түсіндірді. 
«Адасқан әріптер» әдісі бойынша жаңа тақырыпты жазып, «Атаулар туралы 3 сұрақ» 
әдісімен  жаңа  тақырыпта  кездесетін  терминдерге  сипаттама  береді.  «Жазықтықтардың 
перпендикулярлығы»  тақырыбындағы  жазықтық  ұғымы  негізгі  ұғым,  анықтама  берілмейді, 
ал  перпендикуляр  терминіне  төмендегідей  сұрақтар  қойылып,  оқушы  пікірлері  тыңдалады. 
Бұл  терминді  бұрын  қайда  және  қандай  мағынада  кездестіріп  едіңіз?  Қалай  қолдандыңыз, 
мысал келтіріңіз? Осы сабақта бұл атау қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? Мұғалім 
сұрақтарды  шығармашылық  тұрғыда  әр  сабақта  тақырыпқа  байланысты  өзгертіп  отыруы 
тиіс. 
Үй  тапсырмасын  тексеруді  немесе  өткен  сабаққа  шолуды  кластерлер  арқылы, 
«Шаттық  шеңберде»,  «Шынжыр»,«Бұл  кім?»  немесе  «Мен  кіммін?»  ойындары  негізінде 
сұрақ-жауап  арқылы  бір-бірімен  диалогқа  түcіріп  ұйымдастырған  тиімді.  Бұл  жерде  сабақ 
басында  оқушылардың  сыни  ойлауын,  белсенділігін  арттыру  үшін  кіріспе  сұрақтар  немесе 
Блум таксономиясының деңгейлік сұрақтары қамтылады.  
6-сыныпта  «Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеу»  тақырыбында  өткен  сабаққа 
шолуда ах=в жазуын суырған оқушы басқа оқушылармен диалогқа түседі:  
- Мен кіммін? 
- Сен теңдеусің. 
- Қандай теңдеумін? 
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеусің. 
- Неге? 
-  Себебі, құрамыңда бір ғана айнымалы х бар, анықтамасын айтады. 
- Менің қандай қасиеттерім бар? 
- Менің түбірімді қалай табуға болады? 
- Маған мысал келтіріңдер.  
- Менің санды теңдіктен ұқсастығым, айырмашылығым неде? 
- Болашақта менің қандай көмегім бар, пайдам бар?  
Бұл  жерде  оқушының  деңгейі  де,  білімі  де  көрініс  табады  және  жоғары  деңгейде 
диалогқа түседі. Диалог арқылы баланың сыни ойлауы, сөйлеу мәдениеті дамиды. 
10-сыныпта  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында  үй  тапсырмасын 
тексеруге оқушы төмендегідей деңгейлік сұрақтар қойды: Екіжақты бұрыш деген не? Оның 
элементтерін атап, сызбадан көрсетіңдер? Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не? 
Екіжақты бұрыш моделінен сызықтық бұрышы 30
0
,  45
0
,  90

болатындай етіп бүктеңдер. Не 
айтуға  болады?  Екіжақты  бұрыш  пен  жалпы  бұрыш  ұғымдарының  айырмашылығы  неде? 
Өмірде,  күнделікті  тұрмыста  қолданылуына  мысалдар  келтіріңдер.  Бұл  ұғымдардың 
болашақта қолданыста қажеті бар ма?  
Балаларды  ойлауға  итермелейтін  ашық    деңгейлік  сұрақтарды  сабақта  қолдану 
арқылы  олардың  сыни  ойлау  деңгейлерін,  белсенділігін  арттыруды  көздедім.  Сұрақтарды 
оқушылар өздері әзірлейді, жауап береді. 
Негізгі  бөлімде  жаңа  сабақты  өзбеттерінше  түсіну  үшін  «Биквадрат  теңдеу» 
тақырыбында топта алгоритм құрса, «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуде» оқулықтағы 
алгоритм  бойынша  топтық  жұмыс,  «Жазықтықтардың  перпендикулярлығы»  тақырыбында 
«Үш  қадамды  сұхбат»  әдісімен  жұптық  жұмысы  жүргізілді.  «Ойлан,  Жұптас,  Пікірлес» 
интербелсенді әдісі арқылы берілген уақыт ішінде өз тобында не жұбында қағазға түсіреді, 
талқылайды, пікірлеседі, содан соң тақтаға жазып көрсетеді, геометрияда постерде қорғады. 
Танымдық  қабілетін  аша  білетін  деңгейлік  тапсырмаларды    пайдалану  арқылы 
шығармашылыққа жетеледім. 8-сынып оқушылары әлем, квадрат теңдеу, биквадрат теңдеу, 
тазша бала тірек сөздері  арқылы ертегі құрса, 6-сынып  «Теңдеуге»  өлең шығарды, өмірден 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау