«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет41/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146

 
 
84 
 
Әдістемелік жұмыс дегеніміз – ғылым мен озат тәжірибе жүйесінің тұтас жетістігі, бір 
–  біріне  қатысты  жан  –  жақты  білімі  жетілген  өз  ісінің  маманы,  шебер  ұстаз  ісіне 
бағытталған,  мектеп  ұжымының  шығармашылық  деңгейде  болуына  және  дамуымен  тығыз 
байланысты.  
Әдістемелік жұмыста бастысы: 
1. Мұғалім жұмысындағы қиындықты анықтау. 
2. Өз уақытында көмек беру. 
3. Ғылыми жетістіктерімен таныстыру. 
Алдымен  жас  мұғалімдерді  перспективалық  жоспар  барысында  біліктілік  курсынан 
өткізіп отырдым. Қазіргі таңда 15 жас мұғалімнің бесеуі біліктілік арттыру курсынан өткен 
жоқ. 10 мұғалімді біліктілік арттыру курсынан өткіздім. Курстан келген жас мұғалімдермен 
пікіралысу  мақсатында  дөңгелек  үстел  өткізіп,  мұғалімдердің  курстан  үйренгендерін, 
тәлімгерлер  мен  тәжірибелі  ұстаздар  сабағына  қатысқанда  үйренген  жайттарды  ортаға 
салады.  
Сондай-ақ,  апталықтар,  тәжірибе  алмасу  күндерін  яғни  семинарлар  өткіземін.  Жас 
мұғалімдер клубы жетекшісі ретінде 10-сыныпқа Абайдың қарасөздерінен  өзім ашық сабақ 
өткіздім.  «Теориялық    білім  мен    методикалық    шеберлік    ұштасқанда»  дөңгелек    стол,  
«Инновациялық технология әдістерін  қолдану  барысында  оқушылардың  ой  белсенділігін  
арттыру»  деген    тақырыпта    семинар    өткіздім.  «Сыни  олау  арқылы  топтық  жұмыстың 
тиімділігі»    тақырыбында  коучинг,  «Көшбасшылық»  тақырыбында  шебер  сынып 
өткізіп,тәжірибелі мұғалімдерге ашық сабақтар қойып, жас мұғалімдердің сабаққа қатысуын 
қамтамасыз  еттім.  Тәжірибелі  мұғалімдердің  сабақтарына  қатысу  арқылы  жас  мамандар 
сабақ үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын үйреніп отырды.   
Қазіргі білім беру  парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімге көшуді көздейді. 
Білім беру  жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта  
болса,  оны  жалғастырып  сабақтастыратын  жас  мамандар  болмақ.  Ол  үшін  жас  маманға 
қойылатын  талаптар:  бәсекеге  қабілеттілік,  білім  беру    сапасының    жоғары  болуы,  кәсіби 
шеберлігі,  зерттеушілік,  әлеуметтік  тұлғалы  ақпараттық  құзіреттіліктердің  жоғары  
деңгейімен  сипатталатын  рухани-адамгершілігі,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты, 
шығармашыл  тұлға  болу  [2].  Егер  жас  маман  ізденуден  жалықпайтын  шығармашыл  тұлға 
болса,  ол  сабақты  түрлендіріп,  тұлға    жүрегіне  жол  таба  біледі.Сондықтан  олардың  
функционалды  сауаттылықтарын    кәсіби    шеберлікпен  ұштастыру  үшін  нәтижеге 
бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  әдістемелік    жұмыстарды  ұйымдастыру 
қажеттілігі туындайды. «Адамға  оқып-үйрену өмірде  болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей 
әдістемелік жұмыстарды жаңаша  ұйымдастыруда  мұғалім жұмысын  жаңашыл педагогтар 
еңбектерімен таныстыру жұмыстары жас мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа 
педагогикалық  технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу, 
оқу танымын ұйымдастыруда кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, 
іске  асырылу  мүмкіндігін  үнемі  оқып-үйрену  және  өзін-өзі  жасау    талабын  қалыптастыра 
алады.  
Жас  мұғалімдер  жұмысына  мониторинг,  рейтинг  жасай  отырып,  мектебімізде  жас 
мұғалімдер  тұрақтылығын,  білім  дағдыларының  қалыптасу  барысындағы  жетістіктерін 
аңғарамыз. 
Жеке    тұлғаның    жан-жақты  жетілуіндегі  басты    ерекшелік    өз    бетімен    іздену,  
ғылыми  жұмыспен  айналысу  болса, мектептегі  жас  мұғалімдерді  «Дарын»  орталығымен 
тығыз    байланыс    жасату    негізінде  біршама    игі    істер    жүзеге    асты.  Биология    пәнінің 
мұғалімі  Г.  Сабырованың    жетекшілігімен  10-  сынып    оқушысы  А.  Төлегенова  «Вирусты 
ісіктер және  одан  қорғану  жолдары»  тақырыбындағы ғылыми  жұмысы аудандық  ғылыми  
жобалар    байқауында  І  орынға    ие    болса,  тарих    пәні    мұғалімі  Л.  Сүлейменованың  
жетекшілігімен  8-  сынып    оқушысы    Д.  Жалғасова  «Р.  Қарамановтың    ерлікке    толы  
ғұмыры» жұмысы  І  орын, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Төлегенованың жетекшілігімен  оқушы 


 
 
85 
 
Н.Көшербаев  «С.Мұратбеков шығармаларындағы адамгершілік» тақырыбындағы жұмысы ІІ 
орынға  ие  болды.    «Зияткер  І»  республикалық  сырттай  ғылыми    жоба  байқауынан  да  жас 
маманда  жетекшілігімен    жүлделі  орындарға  ие  болып  жүрген  оқушылар  бар.  
Педагогикалық    технология    жеке    басын    дамыту  мен    білім    беру    мақсатына    жету  
жолындағы іс-әрекеттің  жүйелі  дамып  отыратын  жобасы  ретінде  оқушы  белсенділігін  
арттыруды  көздейді.  Ал  оқушы  белсенділігінің  артуы  оны  шығармашылыққа  жетелейді.  
Мұғалімнің    кәсіби    білігін    шыңдаудың    үздіксіздігі  оның  шығармашылық  
қабілетінің    дамуының      кепілі    және    өзіндік    жеке  педагогтық  тәжірибесі    дамуының  
алғышарты    болып    табылады.  Бұл    орайда,    жас    ұстаздардың    атқарған    істері  өз  
нәтижелерін  көрсетіп  келеді. Математика  пәнінің  мұғалімі Т. Ерболатова  математика  пәні  
панорамалық    сабақтар    байқауынан  ІІ  орын,  биология    пәнінің    мұғалімі  Г.  Сабырова  
биология    пәні    мұғалімдерінің    олимпиадасында  ІІ  орын,  «Интерактивті    тақтаны    озық  
пайдаланушы»  байқауынан І орын, жаратылыстану- математика  пәні мұғалімдері арасында 
өткен «Полиглот-2016»   байқауына қатысқан екі мұғалім де  жүлделі орындарға ие болып, 
үш  тілді  еркін  меңгерген  жан-жақты  жетілген  маман  ретінде  таныта  білдіА.  Құрманиязова  
«Нашақорлық  бекеті»  байқауынан аудан  бойынша І орын,  облыстан ІІІ орынды иемденді.   
Қорыта  айтқанда,  жас  мұғалімдердің  құзыреттілігін  қалыптастыруда  әдістемелік  
жұмысты жүйелі  жүргізудің  мәні  зор. Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев 
2014  жылғы  17  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  -Білім  сапасын  арттыруда 
заманауи    бағдарламалар    мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсынудың  
маңыздылығы жоғары [6],-деп жас мамандарға  артылар  сенімнің жоғары екендігін айтқан  
болатын. Олай болса, ел сенімін ақтар жас мамандарды білікті маманетіп шығару жолында 
жұмыстанып келемін. Менің болашақтағы жоспарым: 
1.  Он-лайн   режиміндегі  сабақтарға қатыстыру 
2.  Ғылыми жұмыспен шұғылдануға баулу 
3.  АКТ мүмкіндіктерін тиімді  қолдануды тәжірибеге енгізу 
4.  Ата-анамен  байланысты нығайту 
5.  Баспасөз  беттеріне сабақтарын енгізу. 
6.  Деңгейлік курстарда өткізу. 
 
Пайдаланған  әдебиеттер тізімі: 
1. 
Білім бастауы  А.Б. Сарсекенова 
2. 
Құзіреттілікті  қалыптастырудың  жолдары.  Г.Құдайбергенова  
3. 
Қазақстан  мектебі  журналы 2013 ж. №6 
4. 
Мектеп  директорының  орынбасары  журналы.  2013ж.  №5,6 
 
     
 
Ата-ана социумымен ынтымақтастық 
 
Нұржанова Ш.Ө. 
М.Жұмабаев атындағы  
№39гимназия, Қарағанды қаласы 
 
Сынып  жетекші  жұмысы  оқушы  12-14  жас  аралығында  болғанда  күрделі  ме?-  деп 
ойлаймын. Балалар 5 сыныпқа келгенде бала қылықтарымен тартымды болады. 6 сыныпта, 
жасөспірім  12  жасқа  толғаннан  бастап  балалардың  мінез-құлықтары  өзгере  бастайды. 
Биылғы  жылы  7  сыныпта  балалардың  жасөспірім  шағында    ата-аналар  социумымен 
ынтымақтасып,  тәрбие  жұмыстарын  жүргізуге  жоспар  жасалынды.  Тәрбие  жұмысы  оқу 
процесімен бірге жүргізілді. Ата-аналармен «Ғаламторға тәуелділік» тақырыбында жиналыс 
өткізілді.  Бұл  тақырыпты  таңдау  себебім,  өркениет  өркен  жайған  бүгінгі  өскелең  дәуірдегі 
өрелі  жаңалықтардың  бірі-  ғаламтор  техникасы  екені  баршамызға  аян.  Қазіргі  таңда  осы 
техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау