87
мен қиялға беріліп, өзіндік өмірдегі таңдауын жасауға талпынады. Бұл кезеңнің балалардың
тәртібі мен сабақ үлгеріміне кері әсері бар. Кейбір балалар қоғамды жатсына бастайды.
Ағзада болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жасөспірімдер өмірінде сезімге
берілгіштік, түрлі мазасыздықтар көбейеді. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар үшін ең
басты нәрсе: бұл күйзелісті әрі сыртқы ортаның ықпалына тез ұшырайтын өтпелі кезеңде
жасөспірімдерге түсіністікпен қарап, оларға өмірге керекті дұрыс, басалқы ақыл-кеңес беріп,
салдары ауыр болатын жаман әдеттерден сақтандыру.«Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер»
бейнефильмі ұсынылды. Әр ата-ана бейнефильм туралы ойымен бөлісті.Топтық жұмыстар
ұйымдастырылды. «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне отбасының ықпалы», «Өтпелі
кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне мектептің ықпалы», «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің
тәрбиесіне достарының ықпалы», «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне қоғамның
ықпалы» Топтар өз тақырыптары бойынша презентация жасады.Мектеп психологы мен
дәрігер ата- ана өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаларының өтпелі кезеңіндегі тәрбиенің
маңызы туралы мол ақпарат алғандары туралы кері байланыста жазды. Ата-әжесі мен әке-
шешесімен бірге тұратын баланың тәрбиесінде осы кезеңде жауапкершіліктің жоғары
болатынын
жас
ата-ананың
жазған
ойынан
білдім.
Балалармен « Отбасындағы әдет-ғұрыптар» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Жанұяда
қандай әдет-ғұрыптарды ұстанасыңдар? деген сұраққа. Біздің үйде әке,ана және балалар
бірге отырып ішкен ас тәтті болады дейді, сондықтан біз үстел басына барлығымыз
жиналғанда
тамақ
ішеміз.
Отбасындағы
өздерінен
кіші
балаларға
көмектесетіндерін,үлкендердің айқандарын тыңдайтындарын айтты.Отбасында қандай күнді
атап өтесіндер?- деген сұраққа балалар туған күндерін, жаңа жыл, 8 наурыз, наурыз
мерекелерін айтты. Балаларды бір-бірімен жақсы араласып,танымдық ойындармен
қызығушылықтарын арттыруға, мерекелік дастархан басына жинауды ата-аналармен бірігіп
жоспарладық. Жаңа жыл, 8 наурыз, 7 мамырда мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Әр
отырыста балаларға ұнайтын түрлі танымдық ойындар ойналып, қызықты көріністер
көрсетілді.
Тәрбие сағатында оқушылардың жақсы қасиеттерін, ұнамайтын қасиеттерін, жақсы
әдеттерін, жаман әдеттерін анықтадым да ата-аналарлармен балалардың жағымсыз
қасиеттерін, жаман әдеттерін тыю үшін «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында
жиналыс өткізілді. Балалардың жақсы қасиеттері: еңбекқорлық, мейірімділік,ақ көңілділік,
адалдық,кішіпейілділік. Ұнамайтын қасиеттері: тез ашулану, қызғаншақтық, қырсықтық,
ұмытшақтық, жеңілтектік. Жақсы әдеттері: ерте тұру,сөзінде тұру, жауаптылық, ұқыптылық.
Жаман әдеттері: жалқаулық, көп ұйықтау, кеш жату, интернетте ұзақ отыру, қатты сөйлеу,
сөз қайтару, еркелік,өтірік айту. Жиналыста «Менің балам фразасын 10 рет жазыңыз. Енді
осы фразаны өз балаңыздың мінезімен байланыстырып, жазбаша осы нұсқаларды
жалғастырыңыз деген тапсырма берілді. Мысалы: «Менің балам ұқыпты», «Менің баламның
зейіні төмен». Ата-аналаржазған мінездемелерді екі топқа бөлді.1.Баласының бойындағы
жағымды қасиеттері 2. Өзгерткісі келетін қылықтары Енді ата-аналарды күнделікті
тәжрибелеріне жүгінуге шақырдым. Елестетіңіз, заманауи үлкен супермаркеттің алдында
тұрсыз. Онда үш қабат бар:
1-ші қабатта сапасы төмен ақауы бар заттар сатылады.
2-ші қабатта орташа сапалы
және орташа бағадағы заттар
3-ші
қабатта ең сапалы,жақсы заттар сатылады
-Сіз қай қабаттан заттарды сатып алғыңыз келеді? Ата-аналар кезекпен жауап берді.
Отбасымызда бала өмірге келгеннен бастап біз оның «3-ші қабатқа» сәйкес келгенін
ақылды, ақкөңіл болып, музыкалық мектепке немесе шет тілдері мектебіне барғанын
қалаймыз. Мүмкін қиял арманымыз орындалар....
Өкінішке орай, өмірде бәрі керісінше. Әр бала өзінше бір әлем. Оның бойында 1,2,3
қабаттардан бір нәрсе болады.Сіздің балаңыз да одан тыс емес,оған көзіңіз жетеді. Оның
бойында сізге ұнайтын жағымды қылықтармен қатар,өзгерткіңіз келетін қылықтар да