«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет137/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146

 
 
282 
 
 
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызметі  мұғалімдердің 
қоғамдастығы арқылы дамыту 
 
Мухамжарова М.Ж. 
Батыс Қазақстан облысы,  
Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылы 
Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім  
беретін мектеп-балабақшасы. 
мектеп директорының тәрбие ісі  
жөніндегі орынбасары 
 
Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті,  қуатты  мемлекет  болып  қалыптасуын  қамтамасыз 
ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру 
жүйесiнің алдында тұрған басты міндет  – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 
бұл  өз  кезегінде  азаматтардың  кез  келген  салада  бәсекеге  қабілетті  болуын  талап  етеді. 
Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстанда болашақта өркениетті  дамыған елдердің 
қатарына  жеткізетін  де,  терезесін  тең  ететін  де  білім  екенін  өз  сөзіне  тиек  етіп,      заман 
талабына сай білімнің  қажет екенін,  экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне 
сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі  екенін айтқан болатын [1]. 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында  Ұлт  Көшбасшысы  Н.А. Назарбаев білім  беру  саласының  басты  міндеттерін 
айқын  белгіледі:   Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердегідей  сапалы  бірегей  білім  беру 
жүйесін  қалыптастыру.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсарту.Орта 
білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі 
оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік 
білу.  Тілдерді  оқыту  нәтижесі  бойынша   оқушылар  сындарлы  ойлау,  өзіндік   ізденіс  пен 
ақпаратты терең талдау машығын игерулері қажет, - деп көрсеткен болатын. [2] 
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын 
болашағы,  мектеп  болашағы  –  ұстаздардың  ізденісінде,  балаларға  деген  сүйіспеншілігінде, 
кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында, мұғалімнің алдында оқушыларға 
білім  мен  тәрбие  беруде  үлкен  жауапкершілік  тұр.  Әрбір  оқушыны  оқытып  тәрбиелеуге 
байланысты  мәселелерді  өздігімен  және  шығармашылық  ынтамен  шешуге  қабілетті 
жаңашыл  мұғалім  керек.  Жаңа,  тез  өзгермелі,  білімді  де  білікті,  тың  серпіліске,  өзгеруге 
дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді 
қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Заман талабына сай болуы үшін кез келген ұстаз кәсіби 
құзіретті болуы керек. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі  - педагогтардың құзіреттілігін үздіксіз 
дамыту.  Құзретті  мұғалімдерді  қалыптастыру  үшін  алдымен  басшылар  мен  әдіскерлердің 
өздері де белгілі бір құзырлылықтарды меңгеруге ұмтылғаны жөн. Олар қоршаған ортаның 
талабына сай өздерінің көзқарасын өзгертуі тиіс. Білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат 
та осыны көздейді [3].   Мұғалімдердің құзіреттлігіне қол жеткізіп, білім беру мен тәрбиені 
барынша  сапалы  етіп  беруде  мектепте  әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру    өте  маңызды. 
Мектептегі әдістемелік қызмет – бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжірибеге және нақты 
оқу  тәрбие  процесіне  негізделген  біртұтас,  әр  мұғалім  өз  кәсіби  біліктілігін  жан  –  жақты 
дамытуға,  мектеп  пен  педагогикалық  ұжымның  шығармашылық  мүмкіндігін  арттыру  мен 
жоғарылатуға  арналған  жүйе.     Әдістемелік  жұмыс  –  педагог  кадрлардың  ғылыми-ілімдік, 
кәсіптік,  әдістемелік,  мәдени  деңгейін  сапалы  көтеру  бойынша  ұжымдық,  топтық,  жеке 
жұмыстар  жүйесін  қосатын  кешенді  және  шығармашылық  даму  үрдісі.  Ол–оқу-тәрбие 
жұмысын  басқару,  мұғалімдерді  жоғары  әдістемелік  мәдени  рухта  тәрбиелеу  және  өз 
еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде 
ұтымды,  тиімді  әдістерді  шығармашылықпен  игеру.  Бұл  бағыт  оқушылардың  танымдық, 


 
 
283 
 
ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын 
болады. Білім  беру  ұйымдарындағы  әдістемелік  жұмыс  шығармашылық  сипатта  құрылды. 
Әрбір  білім  беру  ұйымдары  өздерінің  мақсат,  міндеттеріне  сәйкес  ұжымның 
шығармашылығын  арттыратын,  нәтижелікті  қамтамасыз  ететін  әдіс-тәсілдерді  таңдап, 
әдістемелік  қызметтің  өзіндік  үлгісін  жасайды  [4].Әдістемелік  жұмысты    жоспарлағанда  
басқарушы  алдымен  оның  мәні  мен  міндеттерін  анықтап  алу  керек.  Осы  орайда,  өз 
тәжірибемдегі    мектепішілік  әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыруды  атап  өтсем,  алдымен,  
мектептің  әдістемелік  жұмысын  жоспарлау  мақсатында  мектептің  бастапқы  жағдайы 
жөнінде ізденіп, олардың оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу бағытында 
мектеп  басшылығымен,  мұғалімдермен,  оқушылармен  және  ата  -  аналармен  әңгіме, 
сұхбаттар,  сауалнамалар  өткізіледі.  Олар  да  мектеп  әкімшілігінің  жұмысы,  мектеп 
мұғалімдерінің    көзқарастары  мен  ұстанымдары,    өз  кәсіби  міндеттерін  атқару  сапасы, 
оқушылардың білім алуы, олардың білім берудің әдіс - тәсілдерін өз бетінше талдауларына 
қаншалықты  мүмкіндік  берілген  деген  сияқты  сұрақтар  мен  мәселелер  төңірегінде  ой 
қозғайды.  Сауалнама  қорытындысында  мектеп  мұғалімдерінің  мектептегі  ахуалға 
көзқарастары,  жұмыстарының  қаншалықты  ынталандырылуы,  қызметте  кездесетін 
қиындықтар,  олардың  шешілу  жайы  мен  жолдары,  жаңа  бастамаларға  деген  көзқарастары 
деген т.б. сауалдарға жауаптар алынды.  
Осы зеріттеулердің нәтижесінде мектептің жетістіктері мен олқы тұстары анықталды. 
Мектеп  әкімшілігі  мұғалімдердің  кәсіби  өсуіне  барлық  жағдайларды  жасайды,  мектептің 
психологиялық ахуалы жақсы, педагог кадрлармен толықтай қамтылған, мектептің көпшілік 
бөлігі  жастар,  жас  ұстаздарға  көмек  беретін  шығармашылық  топтар  құрылған,  жас 
ұстаздардың    белсенділігі  жылдан  жылға  көтерілуде.    Ата-аналардың,  қоғамдық  ұйым 
өкілдерінің  мектеппен  байланысы  бар.  Сонымен  қатар,  мектептің  олқы  тұстары  да  оқу-
тәрбие жұмысының талдауында да нақты көрсетілген. Олар:  
-Мектеп  оқушыларының  білім  сапасының  және  ҰБТ  қорытындысының  соңғы  үш 
жылдың қорытындысы бойынша төмендеуі; 
-Бастауыш  сынып  оқушыларының  бесінші  сыныпқа  өткенде  өз  білімдерін  ақтай 
алмауы; 
-Мектеп  мұғалімдерінің  көпшілігі  оқытудың  жаңа  технологиялары  бойынша  білім 
жетілдіру  курстарынан  өтіп  келсе  де,  өздерінің  күделікті  іс-тәжірибелерінде  жеткілікті 
дәрежеде қолдана алмай отыруы;   
-Ата-аналардың  педагогикалық  -  психологиялық  сауаттылығының  жетіспеуі,  бала 
біліміне  жауапкершілікпен  қарамауы.  Осы  олқылықтарды  түзету  мақсатында  мектепің 
әдістемелік  қызметінің  мақсаты:  Мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  көтеру,  оқыту  мен 
оқудағы  жаңа  тәсілдерді  сатылап  ендіру  арқылы    білім  сапасын  арттыру,  шығармашылық 
әлеуетін  және  жеке  тұлғаның  бәсекеге  қабілетін  дамыту.  Осы  мақсатты  жүзеге  асырудағы 
басымдылық  педагогикалық  кадрлардың  біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламалары 
 бойынша біліктілігін  арттырған  мұғалімдерге  беріліп  отыр.Бағдарламаны  іске  асырудың 
тұжырымдамалық  негіздері  мен  деңгейлік  қағидаттары  оқып  шыққан  сертификатталған 
педагог кадрларға коучинг пен менторинг  үдерісі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, 
желілік  педагогикалық  қоғамдастық  қызметі  ХХI  ғасырда  оқушылардың  сын  тұрғысынан 
ойлау,  өзін-өзі  ынталандыру,  өзін-өзі  реттеу,  оқи  білу  дағдыларын  белсенді  әрі  табысты 
қолдануға  дайындығын  қалыптастыруға  ықпал  ететін  қажетті  білім  ортасын  құруға 
мүмкіндік береді.  
Мұғалімдердің 
кәсіби 
дамуындағы 
педагогикалық 
қоғамдастық 
және 
көшбасшылықтың  маңызы  зор.    Өзара  тәжірибе  алмасу  мен  оқып-үйренуге  бағытталған 
кәсіби  қоғамдастық  құруда    қарым-қатынас  пен  біріккен  іс-әрекет  жүргізуге    ұйымдасқан 
адамдар  тобын  құру,  іскерлік  қатынастар  желісін  орнату  бағытында  мектепте  "Ізденіс" 
желілік  қоғамдастығы  құрылды.  Мектептегі  12  педагог  қызметкер  (30  пайыз)  жаңа 
форматтағы  сабақтар  өткізіп,  желілік  қоғамдастықты  дамыту  бағытында  жұмыстанады. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау