«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет112/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146

 
 
231 
 
мектеп  директорының  ғылыми-әдістемелік  ісі  жөніндегі  орынбасары  –  Сүлейменова  Анар 
Кәдірбайқызы Республикалық «Үздік мектеп директорының орынбасары» тағы басқа мектеп 
әкімшіліктері осындай  байқаулардың  жеңімпаздары  атануда.  
Сондай-ақ,«Үш  тілде  оқытатын  мамандандырылған  дарынды  балаларға  арналған» 
мектеп  директоры  Раушанова  Рахат  Арқабайқызы  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 
ғылым  министрлігі  «Дарын»  республикалық  ғылыми-практикалық  орталығының 
ұйымдастыруымен  Астана  қаласында  өткізілген  «Үздік  мамандандырылған  білім  мекемесі-
2015» байқауында бас жүлдені иеленді. 
Жамбыл  облысының  үздік  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  «Лучшие  люди  в 
образовании» халықаралық Энциклопедиясына үздік білім мекемелері  мен үздік білім беру 
ұйымдарының басшылары ретінде ұсынылып халықаралық энциклопедияға жарияланды. 
2011  жылдан  бері  облыста  өткізілетін  «Орта  білім  беретін  үздік  ұйым»  грантын 
тағайындайтын байқауына қатысып, берілген критерийлерге сәйкес сапалы қызмет атқарып 
жүрген  үздік  білім беру  ұйымдарының  басшылары  да  жетерлік.  Атап  айтсақ,  2011  жылы  – 
Меркі ауданы И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясы, директоры - Тлеубердиева Гүлжан 
Ержанқызы;  2012  жылы  –  Тараз  қаласа  №1  гимназиясы,  директоры  Тумабекова  Алия 
Абдрахманқызы;  2013  жылы  –  Тараз  қаласы  Бауыржан  Момышұлы  атындағы  №45  қазақ 
классикалық  гимназиясы,  директоры  Ниязбекова  Айша  Бердешқызы;  2014  жылы  – 
«Дарынды  ер  балаларға  арналған  мамандандырылған  қазақ-түрік  интернаты»,  директоры 
Ахмет  Гази  Чолак;  2015  жылы  –  Тараз  қаласы  №40  гимназиясы,  2016  жылы  -  «Үш  тілде 
оқытатын  мамандандырылған  дарынды  балаларға  арналған»  білім  мекемелері  грант  иегері 
атанып облыс әкімінің қаржылай сертификаттарына ие болуда. 
 Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  бес  институционалдық 
реформасын  іске  асыру    мақсатында  «100  нақты  қадам»  Ұлттық  жоспарының  76-шы 
қадамындағы табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру облыс бойынша жалпы орта 
білім  беретін  мектептердің  білім  беру  мекемелері  қызметтерінің  тиімділігін  бағалау,  білім 
беру  сапасын арттыруға ынталандыру, мақсатында облыс бойынша  инновация режиміндегі 
«Табысты  мектеп»  номинациясы  бойынша  Тараз  қаласы  әкімдігінің  білім  бөлімінің  №45 
Бауыржан  Момышұлы  атындағы  қазақ  классикалық  гимназиясы,  Сондай-ақ  Тараз  қаласы 
№1  гимназиясы,  Жуалы  ауданы  әкімдігінің  білім  бөлімінің  Г.Орджонекидзе  атындағы 
мектеп-гимназиясы   қаржылай сертификаттарға  ие болуда. 
Мінекей    әдістемелік  қызметтің  тиімділігі  мен  нәтижелілігінің  түйіні  осында  жатыр 
деп  ойлаймын.  Алдағы  уақытта  бұдан  да  жоғары  көрсеткішке  ие  болу  үшін  мектеп 
басшыларын  ақпараттық-әдістемелік  қамтамасыз  ету  қызметтері  дами  түсуі  тиіс.    Әсіресе  
мектеп директорлары 2016 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 
25  сәуірдегі  №243  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және 
ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 
жөніндегі іс-шаралар жоспарының 86-тармағы «Мектеп директорларының қызметін бағалау 
мен  мониторингтеуді  жүргізу  бойынша  ұсыныстар  енгізу»  туралы  тапсырмасына  сәйкес 
жергілікті  атқарушы  органдардың  білім  беру  ұйымдары  басшыларын  бағалауды  жүргізуіне 
арналған  әдістемелік  ұсынымдары    бойынша  басшылық  және  басқару  сапасының 
өлшемшарттары мен дискрипторлары бойынша бағалау ұсынылуда.  
Ол  үшін    Білім  беру  ұйымын      басқарудағы  негізгі  ұстанымдар    яғни,    ғылымилық, 
басқару  мәдениеті,  мақсаттылық,  жүйелілік,  жекелей  жауапкершілік,  жеке  тұлға  ретінде 
қарау, адамгершілік, сауаттылық, ынтымақтастық,  инновациялық даму, жаңа бағытта дамуға 
бағыт-бағдар  беру,    Блез  Паскальдің  «Мектеп  ұжымына  әсер  етудің  екі  түрлі  жолы  бар. 
Бірі  –  ынталандыру,  екіншісі  әр  мұғалімнің  білімі  мен  білігіне  күмән  келтірмеу.  Соңғысы 
қашанда өтімдірек болмақ» демекші ынталандыру әдістері арқылы айтарлықтай жетістікке 
жетуге мүмкіндік бар.   


 
 
232 
 
Аталған,    әдістемелік  ұсынымдағы  өлшемшарттарға  сәйкес  келу  үшін  мектеп 
басшылары  тынбай  сапалы,  нәтижелі  қызмет  етулеріне    әдістемелік  сүйемелдеу  бойынша 
барынша ықпал етуіміз қажет. 
Қорыта  айтқанда,  Тәуелсіздіктің  үшінші  онжылдығына  еркін  қадам  басқан  егемен 
еліміздің  білім  беру  саласындағы  әдістемелік  қызметтерінің  міндеттері  мен  перспективасы  
айқын.  
Қазақстанды әлемге паш ететін – ғылымы мен сапалы білімі - деп Елбасы Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаев  тілге  тиек  еткендей  білім  беру  ұйымдарындағы  сапалы  білім  беруді 
дамытуда  табысты  мектептердің  қатарын  көбейту,  инновацияға  жаңа  қадам  басу  –  басты 
міндет  десек,  болашаққа  бағдарланған  осы  саясат  аясында  жүзеге  асырылып  жатқан  
қызметтің    орындалуына  барынша  үлес  қосу  –  әдістемелік  қызметтің  басты  міндеті    деп 
білемін.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер:  
1. «Білім туралы» ҚР 2007 жылдың 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы; 
2.  2016  жылғы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  25  сәуірдегі  №243  қаулысымен 
бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы; 
3. Білім беру ұйымының әдіскері №7 (7)-2015ж. 
4. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 8(72) 2016ж. 
 
 
Кәсіби құзіреттілікті дамытудағы  шығармашылық 
топтардың үлесі 
 
 
Бейсекеева Ф.М. 
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы  
«Абылай хан атындағы орта мектебі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  
директордың ғылыми әдістемелік 
 ісі жөніндегі орынбасары 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде еліміздің зияткерлік, дене бітімі 
және  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  тез  өзгеретін  әлемде  табысқа  жетуін 
қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  еліміздің  экономикалық 
игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуды мақсат етеді. Бұл мақсаттарды 
жүзеге  асыру  үшін  ақпараттық  қоғамдағы  өмір  сүру  жағдайы  мен  уақыт  талабына  сәйкес 
әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағдарланған  жаңа  білім  беру  жүйесі  құрылуда. 
Дүниедегі  ең  абзал  нәрсе  –адам  баласының  тәуелсіздігі  мен  еркіндігі  десек,  еркін  елдің 
ертеңі –кемел білім мен кенен ғылымда.  
Біздің  мемлекетіміз  үшін  ХХІ  ғасыр  –дүниежүзілік  өркениетке  өрлеу  ғасыры,  білім 
бәсекесі  ғасыры.  Қазақстан  республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «ХХІ  ғасырда 
білімін жетілдіре алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз 
әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқаруларсыз біз инновациялық 
экономика құра алмаймыз» -деп атап көрсеткені баршамызға аян. Мұның өзі білім беру мен 
мектепті басқаруда жаңаша педагогикалық құндылықтар көзқарасы тұрғысынан келуді талап 
етеді. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты–бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 
Халқымыздың  заңғар  жазушы  М.Әуезов  «Халық  пен  халықты,  адам  мен  адамды 
теңестіретін- білім» деген пікірі үлкен көрегендік пен даналықтың белгісі. Бүгінгі таңда білім 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау