Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет27/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147

62 
 
Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Қол 
бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз тәрбиесіне мән берген. 
«Қыз  баланы  тәрбиелей  отырып,  ұлымызды  тәрбиелейміз»,  -  деген 
Ж.Баласағұнның сӛзі бұған дәлел. 
Қазіргі  кезде  ұлттық  тәрбие  мәселелерін  дамытуда,  кеңейтуді  алдымызға 
мақсат  етіп  қойып  отырмыз.  Себебі,  ұлтты  ұлт  ететін  оның  тілі,  дәстүрі, 
мәдениеті.  Ендеше  ата-бабамыздың  бұрынғы  тіршілігін,  тұрмыс  тарихын 
бүгінгі  ұрпаққа  жеткізу,  атадан  балаға  мирас  болып  келе  жатқан  қол  ӛнерін 
зерттеп,  біліп,  үйреніп,  шеберлігін  үлгі  тұта  отырып  халықтық  педагогикамен 
тәрбие жұмыстарын жүргізу ұстаздардың парызы. 
«Имандылық - инабаттылық мұраты» деген. Имандылық пен әдептілік бір-
біріне  балама  ұғымдар  емес,  бірақ  олардың  арасында  тығыз  байланыс  бар. 
Оқушыларды ізгі ілтипатты, тура сӛзді, мейірімді адам етіп тәрбиелеп,  бойына 
әдеп - инабат ұғымдарын сіңіре отырып білім берген дұрыс.  
Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы бар, ӛрісте тӛрт түлік малы 
мен  келісті  жайлауы  бар.  Қазақ  баласы  ақ  білектің  күшімен,  ақ  найзаның 
ұшымен жан алысып, жан берісіп, қазақ сахарасын сақтап келген, тәуелсіздікті 
аңсап ӛткен ата-баба ұрпағы ақыры дегеніне жетті. Бүгінгі жастарға тӛрт түлік 
ӛмірін, ӛміріне негіз еткен халқымыздың мол тәжірибесін үйрету, малды күтіп, 
ӛнімін ұқсата білуге баулу біздің міндетіміз.  
Халқымыздың  ерекше  қасиеттерінің  бірі  -  қонақ  жайлылық.  Қыз 
балаларды ұлттық дәстүр негізінен тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді 
сіңіруге  тырысамын.  Қонақты  ақжарқын  кӛңілмен  күту  кӛргенділік, 
адамгершілік,  тіпті  міндет  те  деп  айтуға  болады.  Халқымыздың  осындай 
қонақжайлылығы,  дастарханның  кеңдігі,  таныс-біліс  түгел  бӛтенге  де 
кӛрсететін мырзалығын дәріптеп, қыз балаларды қонақты жақсылап күте білуге 
үйрету  керек.  Осыған  байланысты  айта  кететін  бір  жайт,  мамандық  бойынша 
«Ұлттық асхана» атты пән ендірілген. Осы пәнді оқытқанда тек ұлттық асхана 
тағамдарын  дайындауды  ғана  емес,  әр  тағамның  тағайындалуын,  кімге  қалай 
ұсынылатындығын, әр тағамның белгілі тарихын қоса үйрету керек. «Келгенше 
қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне әсіресе 
әйелге  сын.  «Қонақ  аз  отырып,  кӛп  сынайды»,  оның  ӛзі  кейін  ел-жұртқа 
таралатындықтан, қонақ күтуге ерекше мән беріледі.  
Осыған  ороай,  халық  арасында  сақталған  аңызда:  «Ертеде  бір  қыз 
тұрмысқа  шығыпты.  Біршама  уақыт  ӛткен  соң  әкесі  қызының  халін  білу  үшін 
іздеп барады. Қызының отауына әкесінің кӛңілі толмайды. Салақ қыз кір басқан 
ыдыстарымен  әкесіне  шай  береді.  әкесіне:  ыдыстарым  тозып  кетті,  басқасын 
алып берші», - деп қолқа салады.  

Жарайды  қызым,  ыдыстарыңды  қоржыныма  салып  бер,  -  дейді.  Құмға 
ысып-ысып, жалтыратып әкелген ыдысын кӛріп «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз 
болған екен. 
Ұстаздық  тәжірибеден  түйіндегендей:  «Ұстаз,  ӛндірістік  оқыту  шебері, 
арнайы  пән  оқытушысы  болу  -  жүректің  батырлығы,  сезімнің  ақындығы,  деп 
Ғафу Қайырбеков айтқандай, шәкіртін сүйген ұстаз шебер ақынға да айналады. 


63 
 
Сонымен,  арнайы  пән  оқытуда  қыз  бала  тәрбиесінің  ықпалы  зор,  салт-
дәстүрді  дәріптей  отырып,  күнделікті  ӛмірде  соны  сақта  деп  үйрету  арқылы 
қыздарымыздың нағыз қазақтың қызы деп тәрбиелейтінімізге сенемін. 
Әдебиеттер: 
1. «Кәсіптік білім» журналдары, 2012 жыл 
2. С.Кенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы» 
«Алматыкітап», 2005 
 
 
ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ 
 
Рахимбекова Н. Т.,  
кәсіптік оқыту магистрі, Ожаева Б.Б., оқытушы 
Академик Ғ.С. Сейтқасымов атындағы  
индустриалды-экономикалық колледжі,  
Астана қаласы, ber_naz.kz@mail.ru 
 
Қазіргі  таңда  ӛтіп  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгеріс  жағдайында 
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде педагогтың жеке тұлға 
ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда.  
Жан-жақты  «қаруланған»  білім  мен  білік  ӛрісті  іске  жол  ашып  қана 
қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан 
да  шығар,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Жолдауында  «Бәсекеге  қабілетті 
дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», 
дей  келіп:  «Қазіргі  әлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып 
қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  және  ең 
заманауи ӛндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»,  -
деді. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  ел 
тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын 
Жолдаулар  ертеңгі  ел  болашағының  кепілі  деп  білеміз.  Еліміздің  тәуелсіздік 
алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің 
стратегиялық  дамуының  кезеңдерін,  жалпы  Қазақстан  халқын  ӛмірдің  барлық 
саласында  нақты  жетістіктерге,  әл-ауқатымызды  тұрақты  жақсартып  отыруға 
баса  назар  аударып  келеді.  Осы  салиқалы  саясаттың  арқасында  әлем  халқы 
бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды.  
Жолдауда  маңызды  мәселенің  бірі  -  білім  саласының  жай-күйі  кеңінен 
сараланған.  Білімді  жоғары  сапаға  кӛтеру,  міндетті  мектепалды  даярлықты 
енгізіп,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім  беру,  мектептер  мен 
балабақшалар  салу  арқылы  заманауи  білім  беруді  қалыптастыру,  әлемдік 
деңгейдегі  мектептер  мен  кәсіптік-техникалық  колледждер  желісін  одан  әрі 
дамыту, білікті мамандар қатарын кӛбейту[1].  
«Білім  туралы»  ҚР  Заңындағы:  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  - 
ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау