Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет21/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   147

49 
 
коммуникациялық  желілерге  шығу»  деген  жолдар  әрбір  мұғаліммен  ізденісті, 
білімділік пен біліктілікті қажет етеді. 
Осы орайда мұғалім мамандығының мәртебесін кӛтеру бағытында біршама 
игілікті  істер  атқарылмақ.  Біліктілікті  арттыру  және  қайта  даярлау 
институтының басты ұстанымы - тыңдаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. 
Институт  қызметкерлері  курс  барысында  облыс  педагогтарының  шеберлігін 
арттыру  мақсатында  интерактивті  тақтаның,  интернеттің  мол  ақпараттық 
мүмкіндіктерін тиімді қолданады. 
Қазіргі  білім  беру  мазмұнының  жаңа  парадигмасына  сай  оқытудың 
сапасын,  нәтижелілігін  қамтамсыз  ету  мақсатында  институтта  облыстық 
лицензия  және  сараптама  қызметі  жүйелі  түрде  жұмыс  істеп  келеді.  Бұл 
лицензиялық кеңестен облыс мұғалімдердің ӛз іс-тәжірибесіне байланысты оқу 
-әдістемелік,  еуростандарт  үлгісі  бойынша  жасалған  деңгейлік  тапсырмалар 
жинақтары,  мемлекеттік  аралық  бақылау  мен  ұлттық  бірыңғай  тестілеуге 
дайындық жасауға  байланысты  ұсыныстар,  әртүрлі  пәндерді  оқытуға  арналған 
әдістемелік нұсқаулықтар мен кӛмекші құралдар шығарылып отырады. 
Білім  беру  жүйесі  басқару  органдарынан,  түрлі  типтегі  және  деңгейдегі 
білім  беру  мекемелерінен,  жүйенің  жұмыс  істеуі  және  дамуын  қамтамасыз 
ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан 
тұратын  күрделі  құрылым  болып  табылады.  Технологиялық  тәсіл  білім  беру 
жүйесінің  кез-келген  саласында  (басқару,  білім  беру,  қаржыландыру, 
мониторинг т.б) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, « білім беру технологиясы» - 
деген  сӛз  тіркесін  бірыңғай  түсіндіру  мүмкін  емес.  Бұл  ұғымды  тек  қана 
оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  арнайы  ұйымдастырылған  процестерге  ғана 
қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда 
оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. 
«Технология»  ұғымы  «Techne»-ӛнер,  шеберлік,  «Logos»-ілім,  білім,  оқу, 
ғылым  деген  мағыналарды  білдіретін,  грек  тілінен  енген  екі  сӛзден  тұрады. 
Сондықтан, «технология»-терминін-ӛнер туралы ғылым немес шеберлік туралы 
ғылым - деп те аударуға болады. 
Қазіргі  кезеңде  батыста  білім  беру  саласындағы  технологияны  белгілеу 
үшін  «білім  беру  технологиясы»  -  ұғымы  пайдаланылып  жүр.  осы  ұғымның 
ғана  мейлінше  аясы  кең,  білім  берудің  түрлі  салаларында  (басқаруда, 
материалдық  жабдықтауда,  қаржыландыруда,  біліктілікті  арттыруда,  кадрлар 
даярлауда,  түрлі  оқыту  мекемелеріндегі  оқыту  процесінде  және  т.б.) 
қолданылатын  кез  келген  технологияны  қамти  алады.  Сондықтан,  «білім  беру 
технологиясы»  -  терминін  бүкіл  білім  беру  жүйесін  технологияландыру 
заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді.  
«Білім беру  технологиясы»  - ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім 
берудің  жоспарланған  мақсаттарына  бағытталып,  арнайы  ұйымдастырылған 
ӛзара қарым-қатынас процесі  технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің 
технологиясына-оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын 
ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. 


50 
 
Білім  берудің  технологиясы  педагогикалық  пән  ретінде  дидактикадан 
кейінгі орын алады. Оқытудың технологиясын - қолданбалы дидактика десе де 
болады.  Бір  сӛзбен  айтқанда,  оқытудың  технологиясы  -  оқыту  іс  -  әрекетінің 
әдіс - тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.  
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 
меңгермейінше  сауатты,  жан  -  жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 
технологияны  меңгеру  тұлғаның  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 
рухани,  азаматтық  және  де  басқа  кӛптеген  адами  келбетінің қалыптасуына  игі 
әсерін  тигізеді.  Қазіргі  педагогика  жаңалықтарын  пән  ерекшелігіне  қарай 
қолдана  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты  жолдарын  кӛрсетеді. 
Оқытудың  жаңа  технологиясы  іс-әрекеттің  жоспарланған  нәтижесіне  жетудің 
шартты  тәсілі  ретінде  қарастырылатын  жаңа  әдістердің  жиынтығынан  тұрады. 
Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада: 
-  Білім  алушы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы  аз  уақыт  ішінде  қабылдау 
дәрежесінің жоғары мӛлшеріне жетуіне бағытталғандығы; 
-  Білі алушы мен оқытушының белсенділігінің сәкес болуы; 
-  Оқытушы мен білім алушының ӛзара қарым-қатынасда жауапкершлікітің 
міндеттілігі. 
Оқытудың  дамыту  функциясы  білім  алушы  тұлғасын  жетілдіруге 
бағытталған  арнай  дайындалған  кейбір  оқыту  технологиясында,  әдістемелік 
жүйелері  мен  әдістер  де  жүзеге  асырылады.  Оларға  бүгінгі  ӛркендеп  келе 
жатқан  жаңа  сипаттағы  жаңа  технологияларды  жатқызуға  болады.  Олар: 
«Дамыта  оқыту  технологиясы»,  «Модульдік  оқыту  технологиясы»,  «Сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы»  т.б.  жатады.  Осы  жаңа 
технологияларды  сипаттай  келе  мен  қазіргі  таңда  кӛп  қолданысқа  ие  болып 
жүрген «Модульдік оқыту технологиясы»-на тоқтала кеткім келеді. 
Ағылшын  тілін  оқытуға  бүгінгі  күні  үлкен  жауапкершілік  жүктелген. 
Себебі ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Ал ағылшын тілі компьютер 
тілі,  ақпарат  тілі.  Осы  бағытта  ағылшын  тілінде  сӛйлейтін,  қарым  қатынас 
жасайтын  ортаны  үлкен  жауапкершілікке  қоямыз.  Сондықтан  оқу  үрдісі 
оқушыға  ӛтілетін  материалды  толық  меңгертуді,  оны  жақсы  есте  сақтай 
алуына,  белсенді  сӛздік  қорын  дамытуға  бағытталуы  қажет.  Ал  осындай 
қажетті  қанағаттандыратын  бірден  бір  технология  модульдік  технология  деп 
айтар едім. Бұл технология тұлғаның танымдық процестерді ойлауды, ынтаны, 
қабылдау  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін  қанағаттандыруға, 
ауызша, жазбаша тілді дамытуға бағытталған. 
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу 
ерекшелігі мынада:  
-  Оқу материалын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек - сызба арқылы беру; 
-  Жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  бекіту,  еске  түсіріп  үнемі 
қайталап отыру; 
-  Білім  алушыларды  білімге  қызыұтыру  және  бірлесе  отырып  жұмыс 
жүргізуге үйрету; 
-  Білім алушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу; 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау