Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет15/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147

36 
 

 
Модульды орындауға арналған әдістемелік материалдар; 

 
Оқу материалдары. 
Бұл  бағдарламада  оқу  модульдері  үш  құжат  арқылы  беріледі:  модуль 
ерекшелігі, модульді орындауға басшылық, модуль түйіндемесі. 
«Электрмен  қамтамасыз  ету»  мамандығы  бойынша  жұмыс  оқу  жоспары 
мен  модульдік  оқу  бағдарламасы  әлеуметтік  серіктес  мекемелермен  бірге 
отырып дайындалды. 
Бүгінгі  таңда  жастарымызға  сапалы  білім  беріп,  ертеңгі  жарқын 
болашағымызды  қамтамасыз  етуіміз  үшін  халықаралық  тәжірибелерді 
қолданып,  әлеуметтік  серіктестермен  бірлескен  жұмысты  күшейте  түсуіміз 
қажет. 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  кезде  кәсіби  біліктілігі  мен  дағдыларды, 
іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына 
мүмкіндік  беретін  кадрлар  дайындауда  оқытудың  жаңа  модульдік  жүйесі 
арқылы  білім  беру  ӛте  маңызды,  әрі  білім,  ғылым,  ӛндірістің  -  ӛзара 
байланысын  қамтамасыз  ету  арқылы  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру 
жүйесінің сапасын арттыратынымыз сӛзсіз. 
Әдебиеттер: 
1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009  
2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008  
3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007  
4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009 
5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009 
6. Ұстаздық шығармашылық - Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007 
7. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары - К.С.Құдайбергенова Алматы 
2007 
 
 
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ 
РЕФЛЕКСИВТІК КОМПОНЕНТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Б. М. Жамекова, Ж. М. Адилова, 
Ақтӛбе гуманитарлық колледжі оқытушылары,  
madikon_2009@mail.ru 
 
Қоғамның  қазіргі  даму  сатысында  болашақ  мамандарға  білім  беру 
құзіреттілік  қалыптастыру  тұрғысынан  қарастыру  күн  тәртібіне  шығып  отыр. 
Құзіреттілік  жеке  тұлғаның  оқу  және  әлеуметтенуі  барысында  іс-әрекетке  ӛз 
бетінше  және  белсене  араласуы  нәтижесінде  пайда  болатын  белгілі  бір  істі 
атқаруға  дайындығы  мен  жалпы  қабілеттерінің  кіріктірілген  сипаты  ретінде 
түсіндіріледі. 
Кәсіби  құзіреттілік  маманның  ӛз  жұмысын  атқаруға  теориялық  және 
практикалық тұрғыдан дайындығын сипаттайды. 
Құзіреттілікке бағытталған зерттеулерде оның құрылымдық компоненттері 
де жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеттерімен сәйкестендіріледі [2. 56]. 


37 
 
1. Танымдық (пәндер салалары бойынша білімдерінің жиынтығы); 
2. Іс-әрекеттік (іс-әрекет тәжірибесі); 
3. Технологиялық  (оқу  міндеттерін  шешу  іскерлігі  мен  дағдысының 
жиынтығы); 
4. Тұлғалық 
(кәсіби  іс-әрекет  үшін  маңызды  жеке-психологиялық 
қасиеттері, қабілеті, бағыттылығы т.б.); 
5. Құндылық-мотивациялық  (құндылық  бағыттылығы,  дүниетанымдық 
позициясы, қызығушылықтары); 
6. Рефлексивтік  (іс-әрекетке,  оның  нәтижесіне  болжам  жасау,  бағалау, 
шығармашылық т.б.). 
В. В.  Абашина  осылардан  педагогикалық  іс-әрекетке  қатысты  үшеуін 
ерекше  бӛліп  кӛрсетеді:  іс-әрекеттік  (педагогикалық  технологияларды 
меңгеруі);  коммуникативтік  (педагогикалық  қарым-қатынас  іскерліктері  мен 
дағдыны меңгеруі) және рефлексивтік (балалардың және ӛзінің әрекетіне дұрыс 
баға беріп, түзету іскерліктері). 
Аталған  компоненттердің  арасында  болашақ  маманның  кәсіби  дамуын 
қамтамасыз  ететін  шарттардың  бірі  ретінде  рефлексивтік  компонентті  ерекше 
атауға  болады.  Педагогикалық  рефлексияға  зерттеушілер  бірнеше  бағытта 
сипатта береді: 
- рефлексия  оқушылармен  қарым-қатынасты  тиімді  ұйымдастыруға 
кӛмектеседі.  (Г.М.Коджаспирова,  И.А.Тришкина).  Г.М.Коджаспированың 
пікірінше,  рефлексия  студенттерге  «ӛзін  және  ӛзінің  іс-әрекетін  бағалауға 
мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  педагогикалық  қарым-қатынасқа  түсушілердің 
ӛзін  қалай  қабылдағанын  түсінуіне  де  ықпал  етеді».  И.А.Тришкина 
педагогикалық  рефлексияның  мұғалімге  ӛзін  оқушының  кӛзімен  бағалауға 
мүмкіндік  беретінін  атап  кӛрсетіп,  жас  мамандарды  ӛзіне  сенім  тудырып, 
жұмыс қабілетін арттыратын, рефлексияға үйрету қажет дейді. 
- рефлексия  ӛз  әрекетін  талдау  мен  бағалауға  мүмкіндік  береді  (Б.З. 
Вульфов,  Т.А.  Колышева  т.б.)  Педагогикалық  рефлексия  мұғалімнің  ӛз  іс-
әрекетіне, ӛзінің тәрбиеленушілерге әлеуметтік ықпалына, маман ретінде ӛзінің 
дамуына  талдау  жасауы  деп  бағалайды.  М.К.Меремкулова,  В.Н.Харкин. 
А.А.Бизееваның  пікірінше  «педагогикалық  рефлексия  мұғалімнің  ӛз  іс-
әрекетіне  және  ӛзіне  оқушының  дамуына  ықпал  ететін  субъект  ретінде  сын 
тұрғысынан  талдау  жасау,  бағалау  үшін  белсенді  зерттеу  позициясына  ену 
қабілеті». 
- О.Ф.Меженцев, В.И.Сластенин педагогикалық рефлексияны оқу әрекетін 
құрастыру құралы ретінде қарастырады. «Педагогикалық рефлексия белгілі бір 
іс-әрекет  саласындағы  кәсіптік  сананың  құрылымдық  бӛлшегі,  сондықтан 
сананы  білімге,  педагогикалық  процеске  талдау  жасап,  баға  беруге 
бағыттайды»  дей  келіп,  О.Ф.Меженцев  рефлексиялық  процестің  кӛрінуінің  3 
аспектісін бӛліп кӛрсетеді: 
а)  мұғалім  мен  оқушының  ӛзара  бірлескен  әрекетінде  кӛрініп,  мұғалімнің 
ӛзін,  оқушының  ойын,  сезімі  мен  мінез-құлқын  түсінуі  мен  реттеуіне  ықпал 
етеді; 


38 
 
ә) мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жоспарлау барысында кӛрініп, оқу 
мақсатын,  қол  жеткізуі  тиіс  жетістіктерді  оқушылардың  ерекшелігіне,  даму 
динамикасына сәйкестендіруге кӛмектеседі; 
б)  мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  іс-әрекет  субъектісі  ретіндегі  ӛзіне  ӛзіндік 
талдауы  мен  ӛзіндік  баға  беруінде  кӛрініп,  оның  шеберлігінің,  құзіреттілігін 
дамытуға септігін тигізеді. 
Бұдан шығатын қорытынды педагогикалық рефлексия - педагогикалық іс-
әрекеттің құрылымдық компоненттерінің барлық саласын  да  жетілдіруге,  яғни 
педагогикалық  құзіреттілікті  қалыптастыруға  тиімді  ықпал  ететін,  талдау, 
бақылау,  бағалау,  танымдық,  болжамдық,  шығармашылық  қызмет  атқаратын 
кӛп  қырлы  процесс.  Сондықтан  студенттерді  педагогикалық  рефлексияның 
әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету  -  практика  жетекшілері  мен  жеке  пәндер 
әдістемесі  оқытушыларының  педагогикалық  практикалар  барысында  шешетін 
негізгі  міндеттердің  бірі.  Бұл  күрделі  процесті  меңгеру  студенттің  білім 
алуының  барлық  кезеңдерінде  үздіксіз  жүрсе  ғана  оң  нәтиже  береді  деп 
есептейміз. Сондықтан сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда, педагогикалық 
практикалар  барысында  студенттерді  педагогикалық  рефлексияға  үйрету  дің 
ортақ тәсілдеріне тоқталмақпыз: 
Бірінші  кезең.  Студенттердің  рефлексивті  жұмыстарды  жүргізудің 
қажеттігі  мен  ерекшелігін  меңгеру  кезеңі  (теориялық  бағыты).  Студенттерге 
кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыру үшін оның түрі, құрылымы, мазмұны, әдіс-
тәсілдері мен құралдары, оларға қойылатын талаптарды т.б. біліп оларды ӛзінің 
және  басқаның жүзеге  асыру  деңгейіне  талдау  жасау  арқылы  ғана  жетілдіруге 
болатыны түсіндіріледі. 
Екінші 
кезең. 
Рефлексиялық 
жұмыстардың 
негізгі 
бағыттарын 
студенттердің ой елегінен ӛткізу кезеңі. Топта кез-келген іс-әрекеттің бағалану 
кӛрсеткіштері анықталады. Мысалы сабақ жоспарын бағалау кӛрсеткіштері: 
р
/с 
Бағалау кӛрсеткіштері 
Бағалық деңгейлер 
Толық сәйкес 
(жоғары 
деңгей) 
Ішінара сәйкес 
(орта деңгей) 
Сәйкес 
келмейді (тӛмен 
деңгей) 
1

Таңдалған сабақ типінің 
тиімділігі 
 
 
 
2

Сабақ мақсатының 
нақтылығы, мазмұнға, 
оқушылардың жас ерекшелігі 
мен дайындығына сәйкестігі 
т.б. 
 
 
 
Үшінші  кезең.  Рефлексивтік  орта  құру  кезеңі.  Белгіленген  кӛрсеткіштер 
бойынша педагогикалық іс-әрекет жоспары жасалып, ол топтың және әдістеме 
оқытушысының  бағалауына  ұсынылады.  Студент  бағалау  барысында  ӛз 
позициясын  қорғайды.  Нәтижесінде  студенттер  ӛзінің  және  басқаның  іс-
әрекетін дұрыс бағалауға, негіздеуге жаттығады. 
 
р/с 
Бағалау кӛрсеткіштері 
Ӛзіндік дәлел 
(баға) 
Топтың бағасы, 
ұсынысы 
Әдістеме 
оқытушысының 
бағасы, ұсынысы 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау