27
―Құзыреттілік‖ түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел
әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті.
―Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік‖ ұғымын енгізудің қажеттілігі оның
мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, ―кәсіптілік‖, ―біліктілік‖,
―кәсіби мүмкіндіктер‖ және т.б. түсініктерді біріктіреді.
Д.И. Ушаковтың редакциясымен жарық кӛрген түсіндірме сӛздіктің
авторлары
―құзыреттілік‖
және
―құзырет‖
сӛздерінің
арасындағы
айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. ―Құзыреттілік‖ - хабардар
болушылық, абыройлық; ―құзырет‖ - жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және
қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.Ғалым С.М. Вешнякованың «Кәсіптік
білім беру» сӛздігінде: «Кәсіби құзыреттілік (латын сӛзі) competenens -
қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің
сәйкестігінің мӛлшері» деген анықтама берілген.
Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты
еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның кӛп қасиеттерін
топтайтын ұғым деген анықтама беріледі. Ш. Таубаева: «Құзыреттілік - ол
тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен
тәжірибеге негізделген тұлғаның кіріктірілген қасиеті»-деп қарастырады.
Сонымен, құзыреттілік дегеніміз - адамның ӛз кәсібіне сай игерген әрекет
пен ӛнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен
біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана
білу қабілетінің сапасы. Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім
мазмұнын игеруге және оны ӛзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған
ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.
Педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті, кәсіби оңтайлы маманнның бойында белгілі бір құзіреттіліктер
қалыптасуы қажет: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені
түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік
(ұлттық ерекшеліктерді тани білу, ӛз халқының мәдениеті мен ӛзге ұлттар, әлем
мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу-танымдық құзіреттілік
(ӛзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-
зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен ӛзара қарым-қатынас тәсілдерін
білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуы); ақпараттық-технологиялық құзіреттілік
(ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер кӛмегімен бағдарлай
білу, ӛз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, ӛзгерте білуді жүзеге асыра
білу қабілеті); әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға
талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі ӛмірлік жағдайларда жеке
басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);тұлғалық ӛзін-ӛзі
дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық
қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, колледж ұжымында әр
оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен ӛзгерістерді
28
сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік және кӛптеген адами қабілеттің қалыптасуына да игі әсерін
тигізеді. Ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
кӛмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізіледі. Нәтижесінде
тұтас педагогикалық үрдістер ӛзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған
жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы
мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік
білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең
үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Колледжде мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда, студенттердің
құзреттілік қабілетінің артуына мүмкіндік жасауда оқу - тәрбие үрдісін
жетілдіруді қамтамасыз ететін, педагогикалық технологияларды тиімді қолдану
кӛзделеді.
Кәсіби даярлықтың сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесін оқу
үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле
алатындығы сӛзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы кӛтеріліп,
кәсіби әрекеттің уақытқа сай икемделе алатын әдістері мен сыни ойлау
кӛзқарасын меңгерген кадрларды даярлаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу
қамтамасыз етіледі.
Сондықтан да жаңа технологияларды оқу үрдісіне ендіру белгілі бір
шарттарды қажет етеді. Олар:
- оқытушының
оқу
үрдісін
жаңа
технологиялар
негізінде
ұйымдастыруында құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
- оқыту субъектілерінің (оқытушы мен білім алушы) жаңа технологияларды
қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық - педогогикалық ахуал;
- оқытудың жаңа технологияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу
әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
- оқу бағдарламалық қамтамасыз етілудің жаңа мақсаттары мен қоғам
талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.
Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын жобалау және ендіру
оқытушыда белгілі бір білім мен біліктердің болуымен және олардың осы білім
мен біліктерге ие болуға талпыныстармен шартталады.
Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас
құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға,
жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге, оқушы-студенттің құзіреттілігін
қалыптастыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, жаңа технологияны меңгеру
болашақ мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани,
азаматтық және де басқа кӛптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, ӛзін - ӛзі дамытып, оқу - тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына
кӛмектеседі.
Оқытушылар жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін
тӛмендегідей мәселелерді ескеруі керек: оқу үрдісін жетілдіруді жаппай қолға
Достарыңызбен бөлісу: |