Ережелері



жүктеу 172,51 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата20.11.2018
өлшемі172,51 Kb.
#22273
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


СҮТ ЛАБОРАТОРИЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

ЕРЕЖЕЛЕРІ 

1. Студенттер практикалақ және зертханалық сабақтарға тек ақ халатпен

келуі керек. 

2. Зертханада темекі шегуге, тамақты, суды химиялық аспаптармен ішуге,

химиялық заттардың дәмін татып көруге қатаң тиым салынады. 

3. Құрамындағы   консервіленген   заттар   бар   сүт   сынамаларына

органолептикалық бағалауға тиым салынады. 

4. Құрылғылар   мен   ажыратқыштарды   мұғалімнің   рұқсатынсыз   қосуға

және   сөндіруге   болмайды.   Машиналар   мен   сепараторларды   қосу   алдында

жақында тұрған адамдарға хабарлау керек. 

5. Әрбір   реактив   үшін   өзіне   арналған   орын   болу   керек,   әсіресе   бұл

ережені күкірт қышқылы мен изоамил спиртіне қатысты сақтау керек, олар

сүттің майлылығын анықтағанда қолданады. 

6. Сүт   пен   сүт   өнімдерінің   майлылығын   анықтағанда   қатаң   ережелер

сақтау керек. 

6.1


Таза   жуылған,   құрғақ   май   өлшегіштер   мен   құрғақ   иілімді

жапқышты қолдану керек.

6.2

Май өлшегіштерді күкірт қышқылы мен изоамил спиртімен тек



реактивтер тұрған жерде ғана толтыру керек. Зертханалық столға қышқылмен

спиртке толы ыдыстарды қоюға тиым салынады. 

6.3

Сілку   алдында жапқыштың дұрыс жабылғандығын қарау керек.



Сілкігенде  май өлшегішті өзіңнен және студенттерден алшақ ұстау керек. 

6.4


Май   өлшегішті   тығынмен   жапқанда,   сілкігенде,   май   өлшемін

санағанда және май өлшегішті ашқанда оны ұзартылған, сүлгімен жабылған

жағынан ұстау қажет. 

6.5


Жабылған   сақталмалы   қақпағы   бар   жөнделмелі  центрифугамен

ғана жұмыс істеу керек. 

6.6

Май   өлшегіштерді   центрифугаға   қарама-қарсы   қою   керек,



центрифуганы   литрге   қосар   алдында,   тығынмен   пен     бүркеніштің   дұрыс

жабылғанын тексеру керек. 

6.7

Егер жұмыс кезінде центрифуга тарсылдайтын болса, оны электр



желісінен өшіру керек. 

6.8


Егер қышқыл бүркенішке  шашыраған жағдайда сумен жуу қажет,

содан кейін ас содасымен нитрлеу керек, содан соң қайтадан сумен жуады.

Халат немесе киімге қышқыл шашыраған болса, сумен жуу қажет. 

6.9


Май өлшегіштен шыққан күкірт қышқылын арнайы ыдысқа құю

керек. Қышқылды канализациялық каналға құюға қатаң тиым салынады. 

7. Жарақат   алғанда   жарақат   орнын   брилиант   ерітіндісі   немесе   йодпен

сүрту керек. 




8. Сабақ   кезінде   студенттер   зертханада   тазалықты   сақтау   керек.

Химиялық   анализдің   соңында   студен   төз   жұмыс   орнын   жинау   керек:

реактивтерді   орындарына   қояды,   кір   химиялық   ыдыстарды   жуып,   кептіру

орнына қояды. 

9. Күйген   жағдайда   күйіп   қалған   орынға   спирт   немесе   марганцовкаға

батырылған дәкені қою керек. 

10.

Құрылғылар сынған жағдайда кінәлі адам ақысын төлеуі қажет. 



1-ші САБАҚ

СҮТТІҢ ОРТАША СЫНАМАЛАРЫН ІРІКТЕУ

СҮТ ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ

КӨРСЕТКІШТЕР АНЫҚТАМАСЫ

Құрал-жабдықтар:мутовка, сынама іріктеуіш,черпачка, мензурк, 250 мл

цилиндр, 200-250 мл сынама жинауға арналған шөлмек, 1 және 2 мл пипетка,

штатив, сүтке арналған ареометр. 

Реактивтер:калий екі көмір қышқыл ерітіндісі, 38-40% формалин, 30 %

сутегі перекисі. 

Сүттің   орташа   сынамасын   іріктеу   –   оның   сапасын   дұрыс   анықтаудың

маңызды   шарттарының   бірі   болып   табылады.   Сүттің   тазалығын,

тығыздығын,   ақуызын,   қанттың   дәрежесін   анықтаған   кезде   сынаманың

көлемі   250   мл-ден   кем   болмауы   керек.   Майлылығы   мен   қышқылдығын

анықтау кезінде 50 мл сүт  болса болғаны. 

Орташа   сынаманы   іріктеу   сүттің   көлеміне   пропорционалды   әртүрлі

әдістермен   жүргізіледі.   Сүттің   сынамасын   іріктеу   алдында   цистернада,

ваннада,   3-4   минут   механикалық   араластырғыш   арқылы,   ал   құтылар   мен

сауғыш шелектерде 8-10 рет араластырады. 

Сынамаларды  келесі әдістермен іріктейді:

- Сүт цистерналары мен танкілерінен өлшеуіш ыдыспен (250 мл немесе

50 мл) ұзартыған қолымен немесе темір түтікпен (диаметрі 9 мм). 

- Құтыдан – сынама іріктеуішпен

- Сауу шелектерінін – сиырлардан жекелеп (тәуліктік сынама)

А) сынама іріктеуші арқылы;

Б) арнайы ожау арқылы;

В) өлшеуіш ыдыс арқылы.

Цистерна,  құты,   сауу  шелектерінде  орташа  сынаманы  іріктегенде   сүтті

сынама   іріктеушпен   ұқыпты   араластырғаннан   кейін   оны   сүттің   ортақ

массасына перпендикуляр және баяу салады,  сынама іріктеуіштегі сүт пен

салу кезіндегі  ыдыстағы сүттің деңгейі бірдей болу есебімен. Осыдан кейін

сынама іріктеуіштің үстіңгі жағы үлкен бармақпен жабылады, сүт сынамаға

арналағн   шөлмекке   ауыстырылады.   Осыдан   әрбір   көлемнен   және   әрбір

сауылымнан   бірдей   көлемдегі   сынама   іріктеуіштегі   сүттен   алынады.

Өлшеуіш   ыдыс   пен   ожаудың   көмегімен   екі   реттік,   үш   реттік   сауылымнан



сынама   алынады.   Тәуліктік   сауылымнан   екі   реттік   сауылымда   бірдей

аралықпен таңертең және кешке бірдей көлемдегі сүт алынатыны белгілі, ал

үш   реттік   сауылымда   таңертеңгі   сауылым   40%   құрайды,   ал   күндізгі   мен

кешті   30%-дан   әрқайсысы.   Егер   анализ   үшін   200   мл   сүт   керек   болса,   екі

реттік сауылымда, таңертеңгі және кешкі 100 мл –ден алынады, ал үш реттік

сауылымда таңертең 80 мл, түсте және кешке 60 мл-ден әрқайсысы. Ақуызы

мен майлылығын анықтаған кезде экспресс әдіспен 50 мл сүт қана қажет, екі

реттік сауылымда 25 мл-ден алынады, ал үш реттік сауылымда – таңертең 20

мл, күндіз және кешке әрқайсысынан 15 мл-ден. Сынаманы іріктеу кезінде

арнайы 25 мл ожау болғаны жөн, ал үш реттік сауылымда 20 және 15 мл

арнайы    ожау керек. 

Өнеркәсіптік   сүт   кешендерінде   бақылау   сауылымында   әрбір   сиырдан

сүтті   арнайы   шыны   баллондарға   сауып   алады,   олардан   арнайы   шүмек

арқылы сынамаға сүтті өлшеп алады, сынама іріктеуіш  немесе ожау арқылы

іріктейді. 

Тәуліктік   сауылымды   дәл   іріктеу   үшін   сиырлардан   жекелей   іріктеуге

дейінгі сауылым сүттің көлеміне пропорционалды болуы керек, ал сынамада

алдын   ала   есеп   жүргізеді,   ол   үшін   сынамасы   алынатын   және   орташа

сынамаға керекті сүттің көлемін білу керек. 

Мысалы, «Қарлығаш» сиырының тәуліктік сауымы 20 кг, талдау үшін 200

мл  сүт   қажет.  Орташа  сынаманың  көлемін  анықтайды,  оны  әрбір   литрден

өлшейді: 200:20=10мл. 

Егер   сиырдың   сауымы   таңертең   11   кг,   кешке   9   кг   болса,   онда

сауыншылардан керекті көлемін алады: 

10х11=110 мл

10х9=90 мл

Қорытынды 100 мл. Бұл дәл, бірақ сынаманы іріктеудің қиын тәсілі. 

Бақылау сынамасын іріктеу

«Бақылау»   сынамасы   –   бұл   сол   табыннан,   сол   сиыр   топтарынан,   сол

сауымнан, фальцифицирленген жа табиғи сүт . Оны жасандылық қабілетінен

өзгешеленетін жаңдайда алынады. 

Орташа сынамаларға 200 мл басқышталған шөлмектер ыңғайлы. Сүті бар

шөлмекердің бетін жауып қараңғы, суық жерде сақтаған жөн. 

Сүттің   органолептикалық   көрсеткіштері:   түсі,   дәмі,   иісі   және

консистенциясы бойынша анықталады. 

Түсін шыны цилиндрде, жарық жерде қарап анықтайды. Қалыпты сүттің

түсі ақтан ақшыл сарыға дейін. Бөлме температурасында тұрған сүтті тілдің

төменгі ұшына дейін ауыз қуысын шайып дәмін анықтайды. Қалыпты сүттің

дәмі тәттілеу болып келеді. 

Балғын  сүттің  иісі  ерекше және  қалыпты  болып келеді.   Оны әкілінген

ыдысты  ашқан кезде  анықтайды.  Ал сүттің консистенциясын  бір ыдыстан

екінші ыдысқа баяу құйған кезде анықтайды. Балғын сүтің консистенциясы

біртекті. 




жүктеу 172,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау