44
45
назар аударған. Мысалы: құландай ащы дауысты, құлжадай
айбар мүйізді, қырмызыдай ажарлы, теңіздей терең ақылды, т.б.
[11, 41]. Ауызекі тілдік ерекшеліктер Р.Әмірдің еңбектерінде
жан-жақты қарастырылып, сөйлеу тілінің синтаксистік
ерекшеліктері адамның кез келген әрекетінде болатын
эмоционалдылықты білдіретінін және оларда кездесетін
фразеологизмдер, идиомалардың образды сөздердің кейіннен
жазба тілдің бөлшегіне айналғанын көрсетеді. Сонымен қатар
«түркі тілдеріндегі сөйлеу тілінің ең өнімді тәсілдері – сөз
негізінің қайталануы» дей келе, қайталанулардың үш түрлі
себебін анықтап береді, оларға ой берудегі ықшамдылық, ойдың
эмоционалдылығы және диалогты сөйлеудегі байланыстың
сақталуын жатқызады [12,16 б].
Осы жылдардан бастап стилистиканың жалпы да жекелеген
мәселелері арнайы зерттеулердің нысанына айналды. Қазақ
тілінің, оның әдеби түрінің тарихына қатысты еңбектерде әдеби
тілдің функционалды стильдері, олардың қалыптасу тарихы,
жекелеген кезеңдері сөз болды.
Қазақ стилистика ғылымында функционалды стильдердің
түрлері де арнайы зерттеулердің объектісіне айналып отыр.
Зерттеуші Б.Момынова ғылыми еңбегінде газет лексикасының
құрамын қоғамдық-саяси лексика, бағалауыштық лексика
және бейтарап лексика деп топтастыра отырып, «Қолданыс
кезінде сөзге қосымша үстемеленетін, әлеуметтік топтың,
жеке адамның, бір сөзбен айтқанда, субъектінің зат пен
құбылысқа, іс-әрекетке беретін бағасын бағалауыштық лексика
құрайды» деп жүйелейді. Мұнда зерттеуші бағалауыштықтың
құрамының әр түрлі болатындығын ескере отырып, бағалау
кезінде «объект түгелімен емес, оның субъектіге маңызды
болып көрінген белгілі бір бөлігі – аспектісі ғана алынуы
мүмкін екендігін айта келе: «Бұл бір объектінің әр түрлі
бағалануы болмақ» екендігін атап көрсетеді [13, 132 б]. Еңбекте
талданған «бағалаушы субъектінің (коннотациялық объект)
үш түрлі функция – танымдық, өз тарапынан баға беру және
прагматикалық іс-әрекетпен байланысты квалификативті
функция атқаратыны» туралы пайымдаулары мен балауыштық
көркем әдебиетте образ сомдауда, ғылыми стильде құбылыстың
қасиетін нақты атауда көрінсе, публистикалық стильде оның
«стиль құрылымын түзеуге бастан-аяқ қатысып, интенсивті
қызмет атқаратыны», өйткені газет тіліндегі бағалаудың «оң»
және теріс» бояулы лексиканың арасы ашық, жігі айқын болып
келетіні» жөніндегі тұжырымдарындағы бағалауыштың және
бейтарап лексика деп жіктелуі жөніндегі жүйелі құрылымдары
тілімізді экспрессивтік тұрғыдан зерттелуіне өзіндік ықпал
етеді. Публицистикалық стиль Б.Момынованың, О.Бүркіттің
арнайы зерттеуінде публистикалық шығармалар тілінің
негізгі ерекшеліктері сараланып, «берілген материалдардың
деректілігі», «қалың көпшілікке түсінікті болуы», «берілген
материалдардың оқырманға әсерлілігі», «хабарлау мен авторлық
ықпал етудің» оқырманға әсер ету жолдары қарастырылса,
«Қазақ тіліндегі қайталаулардың лингвистикалық жүйесі
еңбегінде синтаксистік қайталамалардың бейнелі сөз жасаудағы
қызметі талданады. Ғылыми стиль ерекшеліктері және
Ш.Мәжітаеваның еңбектерінде қаралады, ал соңғы кездері
ресми стиль мәселелері, оның тарихы Л.Дүйсенбекованың
зерттеулерінде талданған.
Енді бірқатар еңбектерде ол тілдік жекелеген стильдік
құралдарды арнайы зерттеулердің объектісі болды. Мысалы,
тілдік синтаксистік құралдардың синонимиясы сөз мәдениетінің
негізін салушы белгілі ғалым Н.Уәлиевтің [14,28б] еңбектері
мен ғылыми мақалаларында сөйлеу тілінің ой білдірудегі
ықшамдылығы, экспрессивтілігі, эмоционалдылығы сөз
бедерінің айқындығымен ерекшеленетіні талданады. Стильдік
контраст – кейіпкер тілін даралаудың бір тәсілі ретінде
көрсетіліп, бөгде стильдік элементтер негізгі қызметінде ғана
(коммуникациялық функцияда) жұмсалмай, эстетикалық мәнге
ие болғанда, көркем тілі кестесіне лайық түрге енетінін айта
келіп, көріктеуіш тәсілдердің Ғ.Мүсіреповтің қалам өрнегіне
46
47
тән кейбір құнарлы түрлерін, суреткердің әдеби тілдің әр
стилінен бояу алып, салған өрнегі де шебер жасалған, сан
тарау көркем үлгілердің бірі» деп тұжырымдайды. Сондай-
ақ зерттеуші фразеологизмдердің қазіргі қазақ тілінде аса
мол кездесетін әрі жиі қолданылатын ерекше өнімді түрлерін
атай отырып, олардың метафора, теңеу, т.б. фигуралар
негізінде жасалатынын, тұрақты сөз орамдарынан мәдени-
ұлттық мазмұны мақал-мәтел, қасиетті сөз, фразеологиялық
тіркестерінің негізінен көркем әдебиет тілінде образдылығы
айқын, экспрессиялық-эмоциялық реңкі қанық, сезімді дәл,
нәзік бейнелейтін сөз аймақтарының орамдарын қамтитынын
көрсетеді. Стилистикалық құралдардың сөз мәдениетіне
қатысы Н.Уәлиевтің еңбектері мен мақалаларында [14,84б]
көріктеуіш-бейнелеуіш құралдарының сипаты мен қызметтері
фразеологизмдердің құрылым, тұлғалық құрамы, стильдік
мағынасы,
функционалдық-стильдік
реңктері
жүйелі
талданады.
Х.Кәрімов көркем шығармада тіл үш түрлі көрінетінін
(Г.Винокур бағытын ұстанады), олар: «сөйлеу тілі», «әдеби
норма тілі» және «өнер туындысы тілі» деген көзқарасын
қолдайды. Осыған орай, «әдеби көркем туындының табиғаты
соншалықты күрделі. Ол екі түрлі құбылыстың - тілдік
материалдардың және сол арқылы көрінетін идеяның біртұтас
бірлігі» деп сабақтастырылады [15, 27 б.]. Көркем мәтінді
лингвистикалық тұрғыдан талдаудың басты міндеттерінің бірі
ретінде Б.Шалабай «әдеби туындының идеялық көркемдік
болмысын шынайы терең түсіндіре отырып, оның «бірінші
элементін» - тілін талдау [16, 31б] арқылы ғана қол жеткеніне
баса назар аударған.
Көркем шығармада жазушы тілдік құрылымдарды жүйелі
әрі мағынасын байыта қолданып, эмоцияларды экспрессивті
сөздің авторлық жеке дара үлгісін қалыптастырады, соның
нәтижесінде өзгеге ұқсамайтын жеке дара «автор бейнесі»
өмірге келеді. Көркем публицистикадағы «автор бейнесі»,
бір жағынан, шығармадағы оқиғадан оқиғаға жетелейтін,
кейіпкерлеріне сөз беретін, «сөз билігін ұстауы», «сөз иесі болса
[16, 14 б], екінші жағынан, оқиғаға деген өзіндік көзқарасын,
ішкі эмоциясын, түрлі сезімдерін жария етіп, оқырманмен
психикалық бірлікке түсе алатын суреткер деп көрсетеді.
Шешендік
сөздердің
экспрессивтік
табиғаты
Г.Қосымованың, қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі және
оның тілдік-стильдік мәселелері Б.Қасымның зерттеулерінің
басты тақырыбы болды. Аталған еңбектің қазақ тіліндегі қос
тағанды фразеологизмдерді астарлы бейнелі мағынада қолдану
ерекшелігі жағынан олардың қай-қайсының да қызметі ерекше
бағаланып, болашақта этнофразеологизмдер тақырыбын
нақтылауда өзіндік орыны бар.
Зерттеушінің фразеологизмдерге арналған тұжырымдары
күрделі атаулар тіркесімен алынып, тілдік деректердің атаулық
қасиеттерін үшке бөліп жіктейді: а) тура уәжділік (лексикалық
морфемдердің айқын, тура мағыналары); ә) жартылай уәждік
уәждеуші спуарларының біреуінің мағынасы күңгірттеніп,
көмескіленіп, ауыс мағынаға көшуі, яғни, экспрессивтілік
қызмет атқаруымен байланысты қарастырылады. б) көмескі
уәждік (айқын мағыналық орынына жасырын мағынаның пайда
болуынан ауыс мағынаға көшуі. Зерттеушінің жүйелі берілген
жіктемелері қазақ тілі (сөзжасамдық жүйесінің экспрессивтілік
тұрғыдан тұжырымдалуын байқатады [17, 34 б]. Қандай
шығарма болмасын, ана тілінің байлығы, суреткерлікпен шебер
қолданысты керек етеді. З.Қабдолов: «Ең алдымен, сөз тек өз
орынында ғана тұруы тиіс, сонда бір сөйлемдегі бірнеше сөз
өзара бір-біріне сәуле түсіреді де, әр сөздің бұрынғы мағынасына
жаңадан тың мағына қосылып, бәрі бірігіп танытар шындықта
су жаңа сұлу шыраймен мөлдіреп қалады. Ал мағына тың,
мазмұн мөлдір болса, оның оқырманға етер әсері де өзгеше»,-
дейді [18, 220 б].