«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет10/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

36

37

Повесть  –  баяндау  арқылы  қарасөзбен  жазылған  көлемі 



орташа ұзақ әңгіме.

Фельетон – шағын көлемді публицистикалық үнді, көркем 

тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма.

Поэма – өлеңде повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі 

құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры 

мен заман шындығы көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық 

сипаттағы өлеңмен суреттелген шығарма.

Ертегі – адам өміріне не хайуан дүниесіне болуға лайық әр 

алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, 

өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.

Мысал – сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат 

туралы жазылып, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік 

орындағы кемшілік күлкіге айналған идеясыз, астарсыз ашық, 

мазмұны бүкпелі шығарма.

Миф – табиғат құпияларын, адам және қоғам өмірінің сан 

алуан  сырын  қиял-ғажайып,  оқиғаға  айналдыра  бейнелейтін 

фантастикалық баян.

Аңыздар  –  шындыққа  жанасымды,  көбіне,  тіпті,  өмірде 

болған,халық жадында сақталған оқшау оқиғалы шығармалар.

Баллада – лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.

Сонет – арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылған 

сыршыл өлең. Сонеттің арнаулы өлшемі болады.

Трагедия  –  сахнаға  арналып  жазылған  қатерлі,  қайғылы 

халден туындап тұтасатын және бас қаһарманның қазасымен, 

мұңымен аяқталатын драманың түрі.

Комедия – өмірдегі келеңсіз құбылыстарды, адам бойынан 

қасиетсіздікті,  мінездегі  мінді  сықақпен  сылап,  келекеге 

айналдыратын күлдіргі пьеса.

  Кез келген өлеңге қисындық талдау жасатып болған соң, 

оны  құрылысына  қарай  талдап,  ұйқас  түрлерін  анықтауға 

болады.

              Өлеңдегі ұйқас түрлері



Қазақ поэзиясында ұйқастың түрі көп. Бірақ ең негізгі және 

көп қолданылатындары мыналар:

1.  Қара  өлең;  2.  Шұбыртпалы  ұйқас;  3.  Ерікті  ұйқас;  4. 

Кезекті ұйқас; 5. Шалыс ұйқас; 6. Егіз ұйқас; 7. Аралас ұйқас;  

8. Осы күнгі ерікті ұйқас.

Фигура – латынша образ түрі. Әдебиеттегі сөз тіркестерінің 

дағдылы,  синтаксистік  қалыптан  гөрі  өзгешелеу  ораммен, 

айырықша  айшықпен  құруды  фигура  дейді.  Айшықтау  яғни 

фигураның 6 түрі бар:

  1.  Арнау;  2.  Қайталау;  3.  Шендестіру;  4.  Дамыту;  5. 

Инверсия; 6. Элепсис.

Мектеп  қабырғасында  жүріп,  өлең  жазуға  құмартатын 

оқушылар көптеп кездеседі. «Мен ақын емеспін, өлеңіңді басқа 

ақын адамға тексерт»,- деп әдебиеттен сабақ беретін мұғалім 

оны басқа біреуге жібере салғанша, оны өзі оқушымен бірлесе 

отырып,қисындық талдау жасауы керек. Сонда оқушы өлеңге 

қойылған талапты біледі.

«Айтысқа  қатысамын»  деп  келген  оқушыға  жаттанды 

(заготовка  –  деп  жүрген.)  өлеңді  жаттатқаннан  гөрі,  бірінші 

кезекте,  әдебиет  теориясынан  арнайы  жекелеген  сабақ 

беріп,айтысқа қойылатын талаптар мен міндеттерді түсіндірсек, 

нұр  үстіне  нұр  емес  пе?!  Бірнеше  өлеңді  жатқа  білген  дұрыс 

шығар, бірақ оның түпкі мазмұнын түсіндіріп, оған қисындық 

талдау жасатқан – өте пайдалы дүние.

Гүлден ӘДІЛҚАЙЫРҚЫЗЫ,

Ш.Берсиев атындағы орта мектептің мұғалімі.

Ақтөбе облысы,

Ойыл ауданы,

Қаратал ауылы.



МАҒЖАННЫҢ «ОТЫ» – ӨЗІ ТУРАЛЫ 

РОМАНТИКАЛЫҚ ӨЛЕҢ

Терең  сырға,  ұшқыр  қиялға  толы  өлең  дүниесін  кейінгіге 

аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев. Өзі де, өлеңі 



38

39

күйініш,  арман,  мақсат,  үміт  жатты.  Мағжан  Жұмабаевтың 



көпшілік  қауым  арасында  әдеби  мәшһүр  ақын  екеніне  бұл 

да  –  бір  куә.  Кезінде  көркем  әдебиетті  тек  таптық  тұрғыдан 

бағалаудың ықпал-әсерінен қазақ әдебиеті тарихынан орынсыз 

шеттетілген  –  талантты  ақын  М.Жұмабаев  шығармашылығы. 

Мағжанның «Шын сорлы», «Сорлы қазақ», «Бір күн», «Туған 

жерім – Сасықкөл», т.б. өлеңдерінде әлеуметтік кереғарлықтың 

көрініс  табуы,  шығармашылық  өнердегі  ізденісі:  В.Брюсов, 

К.Бальмонт, А.Блок тәрізді символист ақындарға еліктеп, өлім 

және  менді  жырлауды,  күнделікті  күйбің  тірлік  тауқыметінің 

шаршап-шалдығу  сарындарының  пайда  болуы,  мысалы, 

ақынның «Бүгінгі күн өмір, өлім менікі», «Өмір», «Алдамшы 

өмір», «Мені де өлім, әлдиле» және т.б. өлеңдерінде жан-жақты 

ашылады.  Мағжан  Жұмабаевтың  өткен  тарихтың  деректеріне 

сүйене  отырып  жазған  «Қорқыт»,  «Қойлыбайдың  қобызы», 

«Өтірік  ертек»  дүниелері  жүрек  тебірентеді,  өзіндік  елеулі 

орыны  бар.  Абылай,  Батыр  Баян  сияқты  қайраткерлердің 

образын жасайды. Ақынның элегиялық сарындағы өлеңдері, өзі 

туралы толғаныстары – ақын өмірбаянының тарихи шежіресі. 

Астаң-кестең  заманда  өмір  сүрген  ақын  байыз  таппай, 

мақсатына  жете  алмай,  әділетсіздік  пен  арсыз  саясат  отына 

күйеді.  Мұң,  қайғы,  өлім  азасы  туралы  романтикалық  өлең. 

Өлеңнің бай поэтикалық тілі – метафоралар. Өзін күнге, отқа 

балайды, табынатын тәңірі де, иманы да, ары да – от. Ақын – 

неге от? Қараңғылық дұшпанын жою да – от. «От» сөзі өлеңінде 

ақынның  өмірлік  мақсат,  мұратын  бейнелейтін  көркемдегіш 

құрал  ретінде  алынған.  Мағжан  өлеңдерін  әңгіме  еткенде 

ақынның  өмірге  көзқарасы,  оны  түсінуі,  қабылдауы  қалай 

деген  сұрақ  туады?  Ақын-жазушы  адамның  еңбегі,  айналып 

келгенде, оның қалпын, тұрпатын танытады дегенге қол қойсақ, 

Мағжан  поэзиясынан  өмірді  біртұтас  құбылыс  ретінде  алып, 

адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі 

ретінде  қабылдайтын  ақын  екенін  байқаймыз.  Табиғатсыз, 

жаратылыссыз  адам  жоқ,  оларсыз  оның  күні  –  қараң.  Оған 

табиғат  ие,  ол  адамсыз  да  күн  көре  береді.  Бірақ  сана  оған 

де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Жиырмасыншы 

ғасырдың  бас  кезіндегі  шытырман  оқиғалардың  бәріне  – 

Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен 

өткізіп  отырған.  Қай  сәтте  болса  да,  ақын  ойлану-толғану 

үстінде.  Қандай  өзгерістер,  жаңалықтар  туып-өніп  жатса 

да,  ақын  жаны  күйзелісте,  жүрегі  оған  жылымай  қоймайды. 

Негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түйсігінде 

–  баз-баяғы  жүдеу  қалпында.  Мағжан  –  өз  тегін  де,  өз  жерін 

де  асыл  маржандай  терген,  сұлу  жырымен  оқырман  жүрегін 

баулыған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте 

өмір  кешіп,  ақырында  мүлт  кеткен,  өзі  айтатындай,  соры 

арылмаған  халқының  сорлы  перзенті.  Мағжанның  балғын 

поэзиясы  екі  ғасырдың  жалғасқан  жылдарына  тура  келеді. 

Қоюлана  түскен  тарихи  оқиғалар,  тап  күресінің  жалын  ата, 

айналасын түгел жаңғырта түскен, болашақтың ұшқын оттары 

жалтылдай  бастаған  кез  еді.  Сол  жылдары  ана  сүті  ерінінен 

кеуіп үлгермеген, бірақ ақындық қуатын ішіне сыйдыра алмаған 

М.Жұмабаев туған даласына қарап:

«Кең дала, көресің ғой, ана жатқан,

Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.

Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,

Әне,  сол,  анам  еді  мені  тапқан»,-  деп  оқырман  қауымына 

өзінің жырымен жазылған ұлттық паспортын ұсынды. Мағжан 

жүрегіндегі  халқына  деген  махаббаты  оның  поэзиясынан 

ерекше  орын  алды.  Мағжан  поэзиясында  үнемі  ой  үстінде, 

қимыл  үстінде  көрінетін  халық  бар.  Кең  даладағы  шапқан 

ат,  ат  құлағында  ойнаған,  асаумен  алысқан  сағыныштарын 

ән-күймен  түсіндіретін,  жасыл  даласындағы  көл  дариясын 

сүйетін  халық  бар.  Адам  мен  жер  –  Мағжан  поэзиясының 

ең  күшті  халықтық  рухы.  Халық  ата  мекенін  қалай  сүйсе, 

Мағжан  да  солай  сүйген.  М.Жұмабаев  –  өз  орынын  өмірден 

үнемі  іздеумен  өткен,  бар  білген-түйгенін,  соған  сарп  еткен 

суреткер.  Оның  шығармаларының  бір  қырында  –  мұңлы, 

толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразының 

екінші басында – романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау