48
49
Әлемдік тіл біліміндегі жаңа бағыт, ықпалымен қазақ тіл
білімінде тілдік құбылыстардың қолданымдық қасиетінің
қарастырыла бастауы қазақ тіл ғылымында көтерген
жаңа бағыттардың тууына алып келді. Қоғамда бір кезде
функционалды стильдердің ішінде көркем әдеби стиль басым
болса, қазіргі кезде БАҚ-тың технологиялық мүмкіндігіне
байланысты публицистикалық стиль басым болып отыр.
Соңғы жылдары ресми іс қағаздарының стилі белсенді
қолданысқа ие болып отыр. Бұған үкіметтің 2010 жылға дейін іс
қағаздары мемлекеттік тілге көшу керек деген қаулысы да әсер
еткені байқалады. Қазір тілде, көбінесе, стандарт, терминдер
жиі, тұрақты, белсенді қолданылып, тілдік стилистикалық
ресурстарын осы бағытта жұмылдыру үрдісі жүріп жатыр.
Қазір ақпарат заманы, сондықтан рухани саладағы тілдік
өзгерістерде осыған байланысты өзгерістер орын алуда. Тез
ақпарат алу, беру дайын штамптарға сүйенеді. Эмоционалдық
бірліктердің ағыны басқаруы орын алады. Бұл тілдік стилдердің
ішінде ресми, ғылыми стильдердің алдыңғы қатарға шығуына
байланысты.
Сондай-ақ, коммерция, бизнес қоғамдық өмірде жандана
түсті. Жарнамаларда, көлік және т.б. бір сөзбен айтқанда, қазақ
тілінің қолдану аясы бұрынғыдан әлде қайда кеңейді. Соның
бәрі тілге, оның қолданылымына әсер етеді. Тілдік үдерістер
жүріп жатыр.
Сөз мағынасының баюы атау мағыналарының үнемі дамып
отыратындығымен, олардың қосымша мағынаға ие болуы
арқылы түрленуімен түсіндіріледі. Соңғы уақытта уәжділік
мәселесінің жиі зерттеліп, келелі, іргелі мәселе ретінде
көтерілуі бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде де атау теориясының,
сондай-ақ уәжділік мәселесінің жеке зерттелуіне жол ашқанын
айта кеткен жөн.
Тіл білімі сөздігінде уәжділік туралы: «Мотивация, уәждену
(франц.-motif – cылтау, дәйектеме); motivation-уәждеме,
дәлелдеме) – тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың
белгілерін бейнелеу актісі. Әдетте, уәждеме мәні диахрониялық
тұрғыдан ашылады. Мотивема (франц. Motif – сылтау,
дәйектеме) гомогендік мотивті білдіретін термин. Мотивология
(motif-сылтау, дәйектеме+logia – ілім) – лексикологияның бір
саласы» деп берілген.
Профессор Б.Қасымның сөзімен айтқанда: «Уәждеме –
шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға туынды атауға
қажетті негіз болатын тілдік бірліктер. Уәжділік аталым
үрдісіндегі негізгі, маңызды бөлшек, күрделі аталымның
табиғатын ашатын заңдылық» [17, 107 б.].
Сөздің ұғымдық, символдық, белгілік ерекшеліктерін А.А.
Потебня ішкі форма ұғымына енгізіп, уәжділікпен байланысына
көп көңіл бөлген. Оның пікірінше, сөз құрылымдық және
әлеуметтік уәжділігі жағынан белгінің ғана материалдық шарты
екенін білдіреді.
Ішкі форма мен уәжділіктің бір-бірімен қатынасын
жеке-жеке қарастыруға болмайды. Себебі туынды және
күрделі лексикалық бірліктердің уәжділігі, көбінесе, оның
ішкі формасына қатысты. Осыған орай В.В.Виноградов
В.Ф.Гумбольдт пен А.А.Потебняның уәжділік жөніндегі
ойларын жалғастыра отырып, сөздің ішкі формасы –
феноменін әрі қарай дамытты.
Әр ұлттың тыныс-тіршілігі, дүниеге көзқарасы, рухани
өмірі қай кезде болмасын, үнемі дамып, өзгеріп отыратын
күрделі үрдіс болғандықтан, тілдің даму барысындағы түрлі
атаулардың барлығы дәуіріне қарай өзгерістерге түсіп отырады.
Ауру атауларының уәжін зерттеу халықтың әрбір ауруға
атау берудегі мәдени-танымдық ерекшеліктерін танытады.
Сондықтан біз ауру атауларын зерттегенде олардың тек
мағыналық құрылымын анықтап қана қоймай, белгілі бір
кезеңнің тарихы мен танымын, әлеуметтік деңгейін де терең
танып білеміз.
50
51
Көкейкесті көзқарас
Жандос СМАҒҰЛ,
филология ғылымдарының докторы,
Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры.
СЫНИ ТҰРҒЫДАН
ОҚЫТУДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Елбасымыздың жолдауында «XXI ғасырдың табалдырығы
алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны
жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің
даму деңгейі осы арқыды бағаланатын болады» деп сапалы
білім беруге ерекше назар аударған еді. Педагог К.Д.Ушинский
«Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны
жан-жақты зерттеп білуіміз керек» дегенді босқа айтқан
жоқ. XXI ғасыр мектебінің мақсаты – жас жеткіншектерді
жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті
қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру.
Ендеше, тәуелсіз Қазақстанның барша тәлімгер мұғалімдері
осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Бұл
жолда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарына жүктелетін
міндет аса зор.
Еуропацентристік көзқарастағы жаһандастыру үдерісі
қазірде жанталаса шабуыл жасап жатқанда ұлттық болмысты
сақтап қалу үшін жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекеттік дәрежеде
мән берілуінің себебі де сондықдан. Мен қазақ тілі мен әдебие-
тін оқытудың сапасын арттыруға арналған бұл семинардың
ұйымдастырылуын осы дәрежеде бағалаймын және алғы-
сымды білдіремін.
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде ең негізгі пәндердің
бірі – әдебиет. Бұл – жүргізілетін басқа пәндерге қарағанда
әрі өзгеше, әрі маңызы басым пән. Басқаларын төмендетіп
отырғанымыз емес, себебі өзге пәндерде негізгі басты бағыт-
бағдар білім беруге құрылса, әдебиет сабағында білім мен
тәрбие беру қатар ұсталуға тиісті. Әдебиетші мұғалім сөз
өнерінің әсемдік әлемінен, тарихы мен теориясынан білім
беріп қана қоймай, жаңа адам, жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға
міндетті. Жаратылыстану пәндері мұғалімінен сабақты жүргізу
барысындағы іс-әрекеттерінде бұл бірлікті талап ету артық
болар еді. Себебі, әдебиет – өмір айнасы. Шәкірт өмірді
көркем шығарма арқылы оқып үйренеді, үлгі-өнеге алады,
еліктеу арқылы мінез-құлқын шыңдайды, жеке адам ретінде
қалыптасады. Бұдан басқа пән мұғалімдері мектептегі тәрбие
үдерісінен тыс тұр деген ұғым тумауға тиісті. Мәселе – әдебиет
сабағында өтілетін тақырыптық көркем шығарма арқылы
берілетін білім жүйесі барысында жеке тұлға қалыптастыру мен
дамытудағы тәлім-тәрбиенің қатар ұсталынып отырылуының
мақсаттылығында. Ол туралы сонау ерте кездің өзінде-ақ әл-
Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның барлық өміріне қауіп әкеледі» деген болатын.
Ағылшындарда басқа пән мұғалімдеріне қарағанда әдебиет
пәні оқытушысына екі есеге жуық жалақы төлейтіні – олардың
ақымақтығынан емес. Оларда оқушы мектеп бітірген соңғы
үш жыл ішінде қылмыс жасаса, сотқа куәлік беруге әдебиет
пәнінің оқытушысын шақырады. Себебі әдебиет пәні мұғалімі
мектептен жеке тұлға қалыптастырып шығаруға тікелей
жауапты саналады.
Көркем әдебиеттің өнер саласы ретіндегі эстетикалық
мұраты – адам тәрбиелеу арқылы жеке тұлға қалыптастыру.
Ол бүкіл адамзаттық гуманизмнің жақсылық пен жамандық,
әділдік пен арамзалық, махаббат пен зұлымдық, сұлулық пен
ажарсыздық секілді қарама-қайшы және бірінсіз екіншісі
жоқ, бітіспес күрес үстіндегі осы ұғымдарға негізделгенде
ғана сөз өнері ретіндегі міндетін толық атқара алады. Орыс
жазушысы Ф.Достоевскийдің «Әлемді сұлулық қана сақтап