«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет8/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

28

29

оқиғалы өлеңдерде ғана емес, бірі поэтикалық туындылардың 



бойында  да  көрініс  беруін  Уәйіс  Шондыбайұлының  «Тәуке 

-  Жікібай»  дастанынан  ұшыратамыз.  Сонымен  бірге    айтыс 

жанрын  өз  шығармасына  пайдалану  –  Әріп  Тәңірбергенұлы 

шығармашылығына тән құбылыс. «Біржан – Сара» мен «Тәуке 

–  Ұрқия»  атты  екі  шығармасы  бір  жанр  аясында  дүниеге 

келгендіктен    тақырып  ұқсатығы,  идеялық    бірлігі,  сюжет 

дамуындағы  тартыс  пен  көркемдік  шешімдері  жағынан  бір-

біріне егіз қозыдай ұқсастық табады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  У.Қалижанұлы.  Қазақ  әдебиетіндегі  діни-ағарту-                     

шылық ағым. А., “Білім”, 1998, 256-б. 

2. А.Байтұрсынов. Ақ жол. А., «Жалын», 1991. 464-б.

3. S.Freud. Gesammelte Werke. Bd. X. London, 1946-1950 . 

4. G.Maritain. Creative Intuition in art and poetry. New York, 

1953.  

5.  А.П.Чехов.  Полное    собрание  сочинений  и  писем,  т.14. 



М., Государственное издательство художественной литературы, 

1949. 


6. Н.Щедрин (М.Е.Салтыков). Полное собрание сочинений 

в  двадцати  томах,  т.8.  М.,  Государственное  издательство 

«Художественнфя литература», 1937. 

7. 


Храпченко 

Михаил 


Борисович. 

Творческая 

индвидуальность  писателя  и  развитие  литературы.  М., 

«Советский писатель», 1975, 408 стр.

 8. М.Әуезов. Абай Құнанбаев. А., «Санат», 1995. 320-б.

 9. М.Әуезов. Шығармаларының елу томдық жинағы. 2-т. А., 

«Ғылым», 1998. 432-б. 

10. Ш.Құдайбердіұлы. Шығармалары. Өлеңдері, дастандары. 

І том. А., «Жібек жолы», 2006. 524-б.

Елмира МЕРГЕНБАЙҚЫЗЫ,

Ш.Айманов атындағы 

гимназия мектебінің мұғалімі.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы.

ӘДЕБИЕТТЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ  

ҰҒЫМ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ

Мектепте 5-11-сынып аралығында қазақ әдебиеті сабағында 

оқушылар  көркем  шығарманы    әдебиет  теориясын  пайдалана 

отырып,  қисындық  талдау  жасайды.  Қазіргі    сыныптарға 

арналған  әдебиет  оқулықтарында  теориялық  анықтама 

жүргенімен, оны сабақ барысында қосымша берілген тапсырма 

деп үстірт қарауға болмайды. Әдебиеттен  сабақ берген әрбір 

мұғалім    әдебиет  теориясын  жетік  білгені  дұрыс.  Әр  сабақта 

өлеңді  немесе  қарасөзбен  жазылған  көркем  туындыны  тек 

мазмұнын  ғана  игеріп  қоймай,  оны  теориялық  түрде  талдау 

жасатып  отыру  керек.  Сонда  ғана  оқушы  әдебиеттің  көркем 

сөзінің құдіретін тани  біледі.

Әдебиет  теориясы  (қисыны)  –  тек  әдебиетті  ғана  емес, 

көбінесе, әдеби шығарманы зерттейтін ілім.

Әдебиет теориясы төмендегідей салаларға бөлінеді:

1)  Әдеби  шығармадағы  жазушы  шеберлігі,  шындыққа  сай 

екенін зерттеу;

2)  Әдеби  шығармадағы  қолданылған  көркемдегіш  әдіс-

құралдар;

3) Әдеби шығарманың сол кезеңдегі алар орыны.

Егер бірінші талдауда жазушы мүмкіндігі ескерілсе, жазушы 

лабораториясы  қарастырылса,  екіншісінде  шығарманың  өзі 

жіктеледі.Үшіншіде сол кезең, қоғам сипаты қарастырылады.

Әдебиет теориясы шығарманың мәнін ашу үшін, түсіндіру 

үшін  керек,  бірақ  ол  жетекші  рөл    атқармауы  тиіс.  Әдебиет 



30

31

бейнелейді.  Мысалы,  сыныптағы  оқушыларға  өзіне  ұнаған 



қандай  ақындардың  өлеңдерін  оқып  жаттап  жүрсің  деп,  сол 

ақын  өлеңдерінен  анологияны  теріп  жазып  келуге  қосымша 

тапсырма беруге болады.

Анафора  (гр.Анафора  –биікке  шығу).  Өлеңдегі  әр  жол  не 

болмаса әр тармақ ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруін 

айтамыз. Осы арқылы өлеңнің бояуын күшейтіп, естілу әсерін 

арттыра түседі. Мысалы:

      Ерлерді ұмытса да ел,сел ұмытпас;

      Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

      Елі үшін жанын кешіп, жауды қуған

      Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

      Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жорытқан

   Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. (М.Жұмабаев. «Батыр 

Баян» поэмасында).

Афоризм  –  мазмұнды  терең  ойды  ақын-жазушылар  өткір 

тілмен,  көркем  сөзбен  қысқа  түрде  айтып  беретін  нақыл  сөз, 

түйінді ойлар.

       Адал болса – досың жақын,

       Еркелейтін немерең жақын.

       Тату болса – ағайын жақын.

       Алтын ұя – Отан қымбат,

        Құт-береке – атаң қымбат.

       Аймалайтын анаң – қымбат.

Қазақ  әдебиетінен  шешендік  сөз  өнерін  өткенде  пайда-

лана отырып, афоризмі бар сөздерді жаттатқан дұрыс. Себебі 

оқушының тіл байлығымен қатар білімділігі дамиды.

Батырлар  жырын  өткенде  әсірелеуді  жырдан  тергізуге 

болады.


Әсірелеу  (гипербола)  –  ақын-жазушылар,  шешен 

өнерпаздардың істі, қимылды, бір нәрсені өз қалпынан асырып, 

үлкейтіп, ұлғайта суреттеуі.

       Мысалы: Балығы тайдай тулаған,

                       Шортандары атандай,

                       Балықтары бақандай.

теориясы әдебиеттің дамуына араласа бастаса, әдебиет дамуы, 

шырқау аясы тарылады.

Әдебиеттегі теориялық ұғым түрлері

Аллегория (пернелеп айту) – жан-жануарларға адам мінез-

құлқының  сипаттарын  беру.  Түлкі-қу,  қоян-қорқақ,  арыстан-

озбыр, қасқыр-ақымақ мінез сипаттарымен ашылады. Әдебиетте 

ауыз әдебиетінің түрлерін өткенде немесе А.Байтұрсыновтың 

мысалдарын талдағанда пайдаланамыз.

Аллитерация  –  шығармада  дауыссыз  дыбыстардың 

қайталануы. Өлең өрімін құбылтып,әсерін күшейтеді.

                   Жан қысылса, жайтаңдап,

                   Жанды еріткен жайдар-ау.

                   Жан жай тапса, сен неге,

                   Жат мінезсің жабырқау (Абай).

Махамбет  өлеңдерін  өткенде  ақын  өлеңдерін  іздендіру 

жұмысына пайдаланған дұрыс.

Абайдың «Оспанға» деген өлеңінің 16 жолының                 барлығы 

«Ж» әріпінен басталады.



Ассонанс – өлең тармақтарының бастапқы сөзі тек бірыңғай 

дауысты дыбыстан басталуы.

   Ағынды менің Ақсуым,

   Ақырып әлі ағасың.

   Ақиланған ашумен

   Ақтарды асқар сабасын.



Аналогия  –  (грекше  ұқсас)  суреттеуде  ақын-жазушы-                    

ның ұқсастық әдіспен бейнелеуі.

   Мысалы:

   Сәкен Сейфуллиннің «Қара жер» өлеңінде:

   Жасыл шөбің,

   Жұмсақ көгің,

   Жібек кілем емес пе?!

    Биік тауың

    Күнде жауын

    Аққан дария көл анау...

Сөйтіп,  жасыл  шөбін  әдемі  жасыл  кілемге  балап 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау