«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет18/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35

68

69

де (теоцентризм). Жаңа уақыт философиясында адамды өзін-



өзі зерттеуге, әлемді адамның қажеттіліктері мен қызығушы-

лығы,  танымы  арқылы  көзқарасы  (антропоцентризм)    орын 

алды.Философтардың пікірінше,  адам табиғаты – кең түсінік, 

адам күшті, ұлы ғана емес, ол әлсіз де. Материалдық, рухани, 

табиғи,  әлеуметтік  қарама-қайшылықтардан  тұратын  адам, 

өзінің    табиғатының,  болмысының  қарама-қайшылығын 

тануға,  түсінуге  қабілетті.  Сондай  қарама-қайшылықтардың 

бірі – табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас. Адамның 

бойындағы  табиғатты  өз  қалауы  бойынша  шексіз  билеуге, 

табиғаттан көтеріліп, шекесінен қарауға болады деген пікірінің 

жаңсақ  болғанын  тарих  дәлелдеді.    Өйткені  адам  табиғат 

заңдылығы  бойынша  қалыптасты.  Шынайы  қарым-қатынас 

– адам өзінің табиғаттың бөлшегі екенін біліп, заңдылығына 

сәйкес  өмір  сүру.  Бұл  сезім  бірақ  адамдардың  бәрінде 

бірдей  емес.Бірақ  табиғат  жағдайына  немқұрайды  қарағысы 

келгендері  де  барлық  жағдайда  бағынады,  бағындырылады. 

Өйткені табиғат – ұлы. 

Шетел  философы  Э.Фромм  [1,  80]  жазғандай,  «адам  – 

табиғаттың ішінде де, сыртында да. Адам қай әлемде болсын 

өзін үйде сезінбейді, ол өзінің ішкі әлемінде – аң да, періште 

де, тән де, жан да. Жаны үнемі қарама-қайшылықта, бұл мәңгі 

күресінде ол – жалғыз». Яғни, адам дүниеге келіп, өмір сүретін 

сыртқы әлем ғана емес, адамның ішкі әлемі де – табиғат болып 

саналатындықтан, адам – күрделі құбылыс. 

Уақыт  өткен  сайын  бұл  мәселелер  жөніндегі  «сырын 

ұқтым»  деген  сенімділіктен,  жауаптардан  гөрі,  сұрақтардың 

көп  туындайтынын  байқауға  болады.  Ағартушы,  саяхатшы 

ғалым Ш.Уәлиханов «Табиғат және адам, өмір мен өлім саналы 

ұғымға  тіптен  түсініксіз,  таңғажайып  құпия  құбылыс  болып 

келеді. Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан 

ғажап, олардан құпия не бар?» [2,87] деген еді. Содан бері бір 

жарым ғасыр өтсе де адам, табиғат – әлі де түсініксіз, әлі де 

құпия жерлері көп өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Сыртқы әлем – табиғат, соның ішінде  аспанның, айдың, 

жұлдыздардың адам өмірінде алатын орыны ерекше. Аспан, 

көк – шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі. Және «ай», «жаңбыр», 

«аспан»,  «көк»,  «жұлдыздар»,  т.б.  –  тек  іс-әрекет  пен  ауа 

райын көрсететін концептілер емес, терең философиялық мәні 

бар символдар. Бұл ұғымдар қазақтарда ертеден-ақ дәріптеліп 

келеді. Бұл жөнінде олар «Аспан – шамандықтағы ең құдіретті 

жаратылыстың  жаратушысы.  Көк  тәңірі  –  көк  аспан  деп 

аталады.  Қазақтар  ұғымындағы  бірінші  аталатын  сын  есім 

«көк» - көріністі бейнелейді және заттық түсінікті білдіреді, 

ал зат есім (тәңірі) – «көк» атауының синонимы, баламасы...», 

«Аспан  өзінің  құдіретті  әрекеттерінде  ештеңеден  тәуелсіз, 

жақсылықты  да,  жамандықты  да,  көк  биігінен  іске  асырып 

тұрады.  Бүкіл  адамзаттың  амандық-саулығы  –  аспан-көктің 

еркінде». «Ай. Шамасы, ай қазақтарда қасиетті планета болып 

саналған...Қазақтар  айда  кемпір  бар  деп  айтады  (шамасы, 

айдағы  адамның  бет-пішініне  ұқсас  дақтарды  айтады). 

Қазақтар  айға  ұзақ  қарап  тұрмайды,  сескенеді.  Жалпы, 

қазақтар айды құрметпен ауызға алады».«Кейбір қазақтардың 

ойынша,  жұлдыздар  асыл  тастардан  үйілген  таулар,  олар 

жерден  соншалықты  қашықтықта,  нүктедей  ғана  болып 

көрінеді. Қазақтар, жұлдыздардың жер бетіндегі бақытқа әсер 

ететініне  сенеді...Енді  біреулердің  пікірінше,  әрбір  жұлдыз 

жердегі әрбір адамның жанымен сәйкестік тұтастықта, адам 

өлгенде оның аспандағы жұлдызы да жерге ағып түседі» [2, 

97] деген екен.

«Адам,  оның  бұл  дүниедегі  орыны,  табиғаты,  болмысы 

қандай?  Жануардан  айырмашылығы  неде?  Өмірдің  ма-

ғынасы  неде?  Адам  санасының  мүмкіндігі  қандай?»  деген 

философиялық антропология мәселелері бүгінгі күні, барлық 

ғылым  салаларымен  бірге,  әдебиетте  де  көтерілуде.  Өйткені 

қазіргі  кезде  әлемді  адамның  көзқарасы,  қажеттіліктері 

мен  танымы  арқылы  қарастыру,  яғни,  антропоцентризм 

қалыптасуда.   

Қазіргі әдебиетте қалыптасып келе жатқан жаңа көзқарас – 

табиғат пен адамның ішкі дүниесінің байланысы жазушылар 



70

71

шығармаларында өзіндік қолтаңбамен, өзіндік тұжырымымен 



көріне  бастады.  Мәңгілік  сұрақтарға  жауап  табылмаса  да, 

адамның  жаны  өлгеннен  кейін  қайда  кетеді,  адамның  да, 

жануардың да жаны жеті қат көкке көтерілетіні жайлы, аспанда 

адамның  тіршілігі  байқалып,  бақыланып  тұратындығы 

жайлы, қандай топталып өмір сүрсе де, адамның жалғыздығы, 

жетімдігі, табиғаттың мұнысымен ұқсастығы, тылсым, құпия, 

сиқырлы,  ғажайып  өзге  дүние  жайлы  айқын  болмаса  да, 

көмескі ойлар беріліп, басқа да мәңгілік сұрақтардың жауабын 

бермесе де, өзінше ойлап, топшылап, болжамдайды.  

Табиғат пен адамның үндестікте болуының басты кепілі – 

қарапайым нәрселерде ғана екені дәлелденеді. Бірақ табиғат 

тілін түсіну үшін ерекше нәзік көзқарас керектігі, табиғатқа 

адамның шекесінен қарағысы, билегісі келуі – апат әкелетіні 

жөнінде мәселелер көтерілуде.

Жазушы  Нұрғали  Ораздың  «Тауда  айды  тамашалаған 

түн»,  «Сиқырлы  көл»,  «Ақ  тырналардың  ұясы»,  «Түндегі 

жетім  тамшылар»,  «Керімсал  ессе,  келіншек  мұңаяды», 

«Долана», «Қазықұрт оқиғасы»[3], т.б.әңгімелерінде адам мен 

табиғаттың  қарым-қатынасы  тек  өзіне  тән  ерекше  тәсілмен 

берілген.    Жазушы кейіпкерлері – қарапайым адамдар, жаны 

нәзік  жастар  мен  өткенін  көксеген  романтиктер,  ауылдағы 

қарапайым  шаруа  адамдары  мен    жастықтың  буына  мас 

болған  ғашықтар,  т.б.  Бұл  кейіпкерлердің  әрқайсысының 

табиғатпен  қарым-қатынастары  өзгеше,  сондықтан  табиғат 

та әр қырынан көрінеді. Мысалы, кейде кейіпкерлердің біріне 

бірде  жалғыздық  бейнесі  болып  көрініп,  көңілін  құлазытса, 

енді біреулеріне жастар арасындағы сезімге куә болып, сүттей 

жарқырайды. 

Осы тұжырымдардың өзгерістері, түстерін ойнату арқылы 

жазушылар кейіпкерлердің жан сырларын, тағдырлары, көңіл-

күйлерін  ұтымды  бере  біледі.  Табиғат,  пейзаж,  аспан,  ай, 

жаңбыр,  т.б.  тек  табиғатты  суреттеу  ғана  емес,  сол  арқылы 

адамның  ішкі  дүниесінің  нәзік  қылдарын  қозғап,  мәңгілікке 

өту.  Көзге  көрініп  тұрған  орта  –  табиғат  арқылы  тылсым 

дүниені бейнелеуге тырысу. Яғни, жазушы табиғат пен адам 

қарым-қатынасын жаңа көзқарас – адам мен табиғат әлемінің 

бізге  көрінетін  тұсымен  шектелмейтіні,  бізге  беймәлім, 

тылсым,  құпия  әлемге  ұласатыны  жайлы  ойы  берілген. 

Жазушы әңгімелерінде адам – мүлде жұмбақ, бейтаныс әлем, 

адам – жалғыз, жетім. Әңгімелерде адам – көл, адам – тамшы, 

адам – таза бұлақ. Адамның жаны да өзгеге беймәлім тұңғиық 

көлмен салыстырылады.

Әңгімелердегі ай – көп мағыналы, аппақ нұр, сиқырлы шам, 

дөп-дөңгелек,    топ-толық,  эстетикалық  ләззаты  бар  тамаша 

көрініс,  сүттей  жарық,  дөп-дөңгелек  алып  жұмыртқа,  аппақ 

әлем,  сұп-суық,  алыстағы,  мәңгілік  жалғыздықтың  бейнесі, 

бақилық белгісі.

Жұлдыздар – ғажайып Ай патшалығының сиқыршылары, 

алқаракөк  бешпенттің  өңіріне  қадалған  аппақ  таналар, 

нөсер  жауынмен  бетін  жуатын  жарқырауықтар,  киіз  үйдің 

жыртығынан сығалаған жарық сәулелер.

Түн  –  қара  қазанның  түп  күйесіндей  қап-қара,  төңіректі 

қиял-ғажайыпқа  толтыратын  сиқырлы  әлем,  қою,  мейірімді, 

патшалығы да бар – Түн патшалығы.

Аспан  –  жазушы  әңгімелерінде  үнемі  көрініс  береді. 

Жылдың әр мезгілдеріндегі: таң алдындағы шымқай қара көк 

түске  боялып,таң  алдындағы  жуылған  шыныдай  мөлдіреп 

қалған аспан, көгілдір түске ене бастаған  аспан, қанын ішіне 

тартып,  сұрлана  жылаған  күз  аспаны,  ең  соңғы  тамшылары 

арагідік-арагідік  үзіліп  түсетін  шері  тарқаған  түнгі  аспан,   

жаздағы аспан, қаланың аспаны, даланың аспаны, орманның 

аспаны, қара көк түн аспаны, бұлыңғыр түтіннен айықпаған 

көк  аспан,  тұнық  аспан,  шымқай  қара  көк  аспан,  көгілдір 

аспан, қап-қара түн аспаны.

Жаңбыр  –  толассыз,  тіршіліктің  жаңбыры,  нөсер  жауын. 

Тамшылардан құралады. Таза бұлақ та, тұңғиық көл де, өзен 

де тамшыдан тұрады. 

Адам мен табиғатты ортақтастыратын – жалғыздық және 

тамшылар    тәрізді.  Жалғыздық  –  жазушы  Нұрғали  Ораз 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау