Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет24/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105

75
еркін  қызмет  етуі  үшін  жағдай  туғызу  қажеттілігі  оның  маңызды 
функциясының  қатарынан  саналады.  Осыған  байланысты  үздіксіз 
білім беру жүйесінің барлық тораптарының сабақтастықта жəне оны-
мен шектес мазмұндық салалармен өзара лайықты əрекеттестікте бо-
луы талап етіледі. Түптеп келгенде, кəсіптік білім стандарты кəсіптік 
білім  бағдарламаларын,  оқыту  үдерісін  əдістемелік  қамтамасыз 
ету кешендерін жəне бұдан əрі қарай мейлінше жоғары деңгейдегі 
кəсіптік  білім  стандарттарын  өңдемелеуге  негіз  болу  функциясын 
атқаруы тиіс.
Келесі  кезекте  кəсіптік  білім  стандартының  жекелеген 
құраушыларының  мəні  анықталатын,  оның  жетекші  ұғымдарына 
тоқталамыз. 
Кəсіптік 
білім 
стандартында 
«біліктілік», 
«біліктілік  деңгейі»  ұғымдарының  жетекші  рөлін  негіздеу  оның 
тұжырымдамасының  маңызды  принципі.  Біліктілік  деңгейі 
дегеніміз-үздіксіз кəсіптік білім жүйесінде кадрлар даярлауда кəсіпті 
(мамандықты)  меңгертуде  талап  етілетін  жалпы  жəне  кəсіптік 
білімнің  көлемімен  жəне  арасалмағымен  сипатталатын  аяқталған 
кезеңі.  Біліктіліктер  сатыларының  жүйесі  Қазақстандағы  кəсіби 
даярлықтың  ағымдары  мен  даму  ағымдарын  көрсетеді  жəне  оның 
экономикалық  дамуында  кəсіп  пен  мамандықтың  рөлі  мен  орнын 
анықтайды.  Ал  біліктілік  деңгейі  болса,  ол  нақты  тұлғаның  осы 
сатыдағы кəсіби шеберлігін сипаттайды. Алайда, біліктілік деңгейі 
жеке тұлғалық сипаттама болғандықтан кəсіптік білімді стандартта-
уда есепке алынбайды. Бұл параметр еңбекақы, жұмыскерлерге раз-
рядтар мен категориялар белгілеу мəселелерін шешу кезінде есепке 
алынады.
Кəсіптік білім беру іс-əрекетін жоспарлау жəне ұйымдастыру оқу 
жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарында кəсіптік 
білім  беретін  оқу  орындарында  мамандар  даярлаудың  біліктілік 
құрылымы  жəне  формалары  жəне  оқыту  мазмұнын  құрайтын  цик-
лдар,  курстар,  пəндер  туралы  мəліметтер  беріледі.  Сонымен  бірге, 
оқыту  мерзіміне  жəне  қол  жеткізілетін  біліктілік  сатысына  бай-
ланысты  пəндер  циклын  меңгертуге  бөлінетін  сағат  жүктемесі 
көрсетіледі. 
Оқу  жоспары  типтік  оқу  жоспары  (ТОЖ)  жəне  студенттердің 
жеке  оқу  жоспары  (СОЖЖ)  деп  бөлінеді.  Нақты  мамандықтар 
бойынша  ТОЖ,  ОЖЖ,  ЖМБС-да  (жалпыға  міндетті  мемлекеттік 
білім  стандарты)  негізінде  өңдемеленеді  жəне  білім  саласының 
өкілетті органдары арқылы бекітіледі. ЖМБС оқытылатын əрбір оқу 


76
пəнінің  міндетті  компонентін  жəне  оқу  іс-əрекеттерінің  (практика, 
мемлекеттік  емтихандар,  дипломдық  жұмыстарды  орындау  жəне 
қорғау) еңбек етуге жұмсалатын көлемі кредиттер арқылы, ал əрбір 
оқу пəндері бойынша таңдау компоненттерінің көлемі кредиттердің 
жалпы  санымен  анықталады.  Жоғары  оқу  орындары  жыл  сай-
ын  барлық  пəндердің  жүйеленген  аннотациялық  тізімі  ретіндегі 
элективтік пəндер каталогы (ЭПК) түріндегі Ж МБС-ға қосымшалар 
өңдемелейді.  ТОЖ-ы  жəне  ЭПК-лар  негізінде  эдвайзерлердің 
көмегімен əрбір студенке жеке-жеке СОЖЖ-ы құрастырылады.
Жұмыс  оқу  жоспары  (ОЖЖ)  ТОЖ-ы  негізінде  өңдемеленеді 
жəне  Ғылыми  Кеңестің  шешімімен  білім  мекемесінің  жетекшісі 
бекітеді.
ТОЖ-ы  сабақ  кестесін  құрастыруға  жəне  оқытушылардың  оқу 
жұмысының жүктемесін есептеуге негіз болады. ЖОЖ жəне СЖОЖ-
лардың формасын, құрылымын, өңдемелеуін жəне бекітілуін жоғары 
оқу орындары өз бетімен анықтайды.
Барлық  пəндердің  мазмұны  оқу  бағдарламалары  арқылы 
белгіленеді. ТОЖ-ы міндетті компоненттің пəндері бойынша жасала-
ды жəне білім саласындағы өкілетті органдар арқылы бекітіледі. Оқу 
жоспарында қарастырлған пəндер бойынша жасалатын силлабустар-
ды  жоғары  оқу  орны  бекітеді.  Силлабустарда  кіргізілетін  міндетті 
компоненттегі  пəндер  ТОЖ  негізінде,  ал  таңдау  компонентіндегі 
пəндерді жоғары оқу орны дербес анықтайды.
Білім  мазмұнын  жоспарлау,  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  жəне 
өткізу амалдарын жоғары оқу орны оқытудың кредиттік технологи-
ясы негізінде дербес жүзеге асырады.
Студенттердің оқу жүктемесі олардың оқу жылы бойы əрбір пəн 
бойынша меңгертілетін кредиттермен өлшенеді. Аудиториядан тыс 
бір академиялық сағат 50, 75 немесе 100 минутқа тең.
Оқу жылы академиялық, аралық аттестаттау кезеңдерінен, прак-
тикалардан, демалыстардан тұрады.  Оқу жылының жалпы ұзақтығы 
36 аптадан кем емес.
Кəсіптік білім мамандығы бойынша кəсіптік оқу, педагогикалық, 
өндірістік жəне диплом алды болып бөлінетін практика 6-20 кредит-
тен бөлінетін кəсіптік жоғары білім оқу бағдарламасының міндетті 
компоненті саналады.
Жоғары оқу орны білім беру іс-əрекетін материалдық-техникалық 
базамен,  білікті  профессорлық-оқытушылар  құрамымен,  кітапхана 
қорымен, Интернет жəне басқа да ақпараттық ресурстармен, сырт-
тан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді.


77
Кəсіптік  білім  мамандығы  бойынша  оқытудың  нəтижелері 
құзыреттіліктер арқылы жəне Дублин дескриптері оқытудың бірінші 
деңгейінің (бакалавриат) негізінде көрініс береді. Жоғары білімнің 
жалпы  құзыреттіліктері  жалпы  білімділікке,  əлеуметтік-этикалық, 
экономикалық  жəне  ұйымдастырушылық-басқарушылық,  арнайы 
құзыреттіліктердің талаптары негізінде қалыптастырылады.
Кəсіптік  оқыту    мазмұнын  жобалау  республикалық  деңгейде 
жүзеге асырылады. Мамандықтардың қандай кəсіпке, қандай өндіріс 
саласына  жататындығы  нақтыланған  кəсіптік  оқыту  мазмұнын 
іріктеуде  ықпалдасу  принципі  ескеріледі.  Жалпы  алғанда  кəсіптік 
білім беру мазмұны жалпы білім жəне кəсіби даярлық блоктарынан 
құралады. Осыған орай, кəсіптік білімнің, тəрбиелеудің жəне жеке 
тұлғаның жалпы дамуына қатысты міндеттерді шешуге бағытталған 
тəрбиенің  субъектілері  мен  объектілерінің  даму  үстіндегі  өзара 
əрекеттестігі болып табылады.
Кəсіптік  оқыту  мамандығы  бойынша  бакалавриаттың  білім 
бағдарламаларының мазмұнына кіретіндер:
 

жалпы  білім,  базалық  жəне  бейіндік  циклдары  пəндерін 
зерделеуді қосып алғандағы теориялық оқыту;
 

қосымша  оқыту  түрлері – түрлі  кəсіби  практикалар, 
денешынықтыру, бастапқы əскери даярлық жəне т.б.;
 

аралық жəне қорытынды аттестаттау.
Осы  орайда,  бакалавриаттың  білім  бағдарламалары  пəндерді 
оқытудың  модульдік  жүйесінің  негізінде  жобаланады.  Теориялық 
оқытуға  жұмсалатын  жалпы  жүктеме  оқылатын  пəндер  тізімімен 
анықталады.
Жалпы  білім  беретін  пəндер  циклы  (ЖБП)  міндетті  компонент 
жəне  таңдау  компоненті  пəндерінен  құралады.  Базалық  пəндер 
(БП)  жəне  бейіндік  пəндер  (БП)  циклдарына  міндетті  компонент 
пəндермен қатар таңдау компонентінің пəндері кіргізіледі.
БП  (базалық  пəндер)  циклындағы  пəндердің  көлемі  типтік  оқу 
бағдарламасындағы  пəндерді  оқытуға  бөлінген  жалпы  көлемінің 
50%-ын  немесе 64 кредитті  құрайды,  олардың 20 кредиті  міндетті 
компоненттегі пəндерді, ал 44 кредиті таңдау компоненті пəндерін 
оқытуға бөлінеді.
БП (бейіндік пəндер) циклындағы пəндердің көлемі типтік оқу 
бағдарламасындағы  пəндерді  оқытуға  бөлінген  жалпы  көлемінің 
25%-ын  немесе 32 кредитті  құрайды,  олардың 5 кредиті  міндетті 
компоненттегі пəндерді, ал 27 кредиті таңдау компоненті пəндерін 
оқытуға бөлінеді.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау