79
рациялары негізінде жүзеге асырылады, нəтижесінде кəсіптік білім
меңгеріледі.
Кəсіби танымның үшінші баспалдағы – меңгерілген кəсіптік
білімді іс жүзінде қолдана білу, яғни кəсіби танымның толығымен
аяқталу үдерісі. Сөйтіп, кəсіптік білімді меңгерудің логикасы
қабылдау, пайымдап бекіту, қолдану құралдарымен сипатталады.
Педагогикалық сөздікте білім мазмұны ұғымына: «Жеке
тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін білім, іскерлік, дағдылардың,
шығармашылықтың іс-əрекет тəжірибесі мен дүниеге деген
эмоционалды-құндылықты қарым-қатынастардың педагогикалық
тұрғыдан бейімделген жүйесі»-деген анықтама берілген
1
Кəсіптік білімнің жалпы мазмұны
«не үшін оқыту?» деген
сұраққа жауап іздестіреді. Дегенмен, неге оқыту деген сұрақты
қанағаттандыру үшін, адамзаттың əлеуметтік өмірінде жинақталған
аса бай кəсіби мəдениетінің тəлімдік-тəрбиелік жағынан маңыздысын,
ең қажеттісін таңдап алу жəне оны жас ұрпақтың бойына сіңірудің
мақсатын, міндеттерін анықтап алу қажет. Ал білім мақсаты əр та-
рихи кезеңдерде қоғамдағы өркениеттің дамуына сəйкес, сан қилы
өзгеріп отыратындығы мəлім. Міне, сондықтан кəсіптік білімнің
міндеттері, білім көлемі, оқулықтардың құрылымы, пəн мазмұны
үнемі даулы проблема болып келеді.
Кəсіптік оқытудың білім мазмұнына қатысты қазақстандық
ғалымдар бірнеше анықтамалар қалыптастырған. К.Өстеміров,
Н.Шəметов, И.Васильев сияқты ғалымдардың пікіріне сəйкес:
«Білім мазмұны- бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік
жəне дағдыларды игеру барысы жəне нəтижесі, оқушыны өмірге
жəне еңбекке дайындаудың шарты»,- десек, кəсіптік білім мазмұны
Б.Əбдікəрімов анықтама бергендей: «... оларды меңгеру нəтижесінде
оқушылардың ақыл-ой жəне дене қабілеттеріннің дамуын,
халық
шаруашылығының белгілі бір саласында өнімді еңбек етуге даяр
тəрбиелі, білікті жұмыскерді даярлауды қамтамасыз ететін жалпы
білімдік, политехникалық, кəсіби жəне жалпы техникалық кəсіби
білім, іскерлік жəне дағдылар жүйесі». Өстеміров 41 б
1
Педагогический энциклопедический словарь / Гл. Ред. Б. М. Бим-Бад; Редкол.: М. М. Без-
руких, В. А. Болотов.ю Л.С.Глебов и др. – Большая Российская энциклопедия, 2002. - С.266.