36
ықпалдастығының жəне мемлекеттік саясаттың екі арасында
құзыретті маман даярлауды қамтамасыз ете алатын белгілі бір өзара
байланыстар (жүйелілік, өнімділік, өзара мүдделілік, үзіліссіздік,
ашықтық) орныққан
1
.
Кəсіптік білім беруді ұйымдастырудағы жобалау-мақсаттық
тұрғы. Қазақстандағы кəсіптік білім беру ұзақ жылдар бойы
гностикалық «білімдік» тұрғыда болып келді. Бұл тұрғыға сəйкес,
білім берудің міндеті білім алушыларға іскерліктер мен дағдылардың
қалыптасуы қосалқы саналатын, берік əрі жүйелі түрдегі білім беру
болды. Кəсіптік білім беруді ұйымдастырудағы жобалау – мақсаттық
тұрғы-ғылым теориясында кəсіптік білім берудің жаңа жүйесінің
əдіснамалық негізі ретінде енді-енді қалыптасып келе жатқан
тұрғы ретінде білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологиясын
ықпалдасу негізінде қарастыратын инновациялық тұрғы. Деген-
мен, оның қалыптасуында білім мазмұнын жобалау, оқытудың жо-
балау – мақсаттық технологиясын құру, басқарудың жобалау əдісі
сияқты құрамдарын ажыратып көрсетуге болады. Сайып келгенде,
жобалау-мақсаттық тұрғы еңбек нарығында бəсекеге қабілеттілікті,
мамандығы бойынша əлемдік деңгейде тиімділікпен еңбек етуге
əлеуеттілікті, кəсіби жетілуге үнемі даяр болуды, əлеуметтік жəне
кəсіби ұтқырлықты қамтамасыз ете алатын кəсіби құзыреттілікті
қалыптастыруға бағытталған кəсіптік білім беруді ұйымдастырудың
əдіснамалық негізі екендігіне көз жеткіземіз.
Кəсіптік білім берудің креативті сипаты ағымы. Заманауи
қоғамдағы көпшілік өндірістік еңбек жұмыскерлері өзінің қызметін
ақпараттық жəне интеллектуалдық құралдар арқылы жүзеге асыра-
ды.
Осы орайда, жеке тұлғаның креативтік ойлауының маңызы арта
түседі. Кəсіптік білім берудің креативтік сипаты кəсіби қалыптасудың
тірегі жəне маманның жаңашылдық, практикалық бағдарланған
маңызы бар шығармашылық тапсырмаларды бірегейлікпен шешімін
іздестіре алуын, жаңалықтар табу мен өнертапқыштықты шамалай-
ды. Үздіксіз кəсіптік білім берудің аймақтық жүйелерінің қалыптасу
жəне дамуы; білім беру қызметін көрсету нарығының еңбек
нарығымен өзара əрекеттестігі.
Кəсіптік білім берудің креативтік сипатының келесі бағыттарын
былай анықтап көрсетуге болады. Педагогиканың ықпалдасу
үдерісі, білім беру мен оқытудың саралануы (диверсификация),
1
Профессиональная педагогика: Учебник. / Под ред. Батышева С. Я., Новикова А. М. Издание
3-е, перераб. – М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 2010. – С.32.