Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет10/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105

29
құбылыстар мен үдерістердің пайда болуына ықпалын тигізген себеп-
тер мен факторлар жəне оны шешу жолдарын кімдер қарастырғаны 
мазмұндалады. Екінші бөлімінде проблеманың бүгінгі таңда қалай 
шешімін тауып жатқандығы талдауға алынады. Қорытындыда рефе-
рат орындаушы негізгі қорытынды жасап, пікір, ұсыныстар береді. 
Соңында əдебиеттер тізімі беріледі.
Реферат көлемі компьютерлік терілімде 18-20 бетті құрайды.
Ғылыми баяндама – белгілі бір кəсіби-педагогикалық мазмұнда 
дайындалған,  көпшілік  назарына  ұсынылатын  еңбек.  Онда 
таңдалып  алынған  тақырыптың  көкейкестілігі  жəне  маңыздылығы 
анықталады,  проблемаға  қатысты  негізгі  қағидалар  жүйеленген 
түрде ашылып көрсетіледі, мəселенің бұған дейінгі зерттелуі жəне 
болашақта  қандай  жағдайда  жүзеге  асырылатындығы  баяндалады. 
Егер  баяндамашы  аталған  проблемаға  қатысты  көзқарастарға  са-
лыстырмалы талдау беріп, өзінің соған деген пікірін түйіндеп, бол-
жам  қалыптастыра  алса,  олар  баяндаманың  құндылығын  арттыра 
түседі.  Ғылыми  баяндама  əдетте  ғылыми  ізденістің,  проблеманың 
көкейкестілігі  мен  маңыздылығы;  проблеманың  шешімін  табудағы 
өзіндік болжамының ғылыми негіздемесі сияқты басты үш бағытты 
қамтуы тиіс.
Зерттеу  əдістері.  Зерттеу  жұмысының  келесі  бір  маңызды 
кезеңі – зерттеу мақсатына жетудің маңызды шарты болып табыла-
тын зерттеу əдістерін таңдап алу.
Зерттеу  əдістері  дегенді  объективті  дүние  құбылыстарының 
заңдылықты  байланыстарын  ашуға,  ақиқатты  танып-білуге 
көмектесетін  зерттеу  міндеттерін  шешу  амалдары  деп  түсінеміз. 
Қазіргі таңда педагогиканың ғылыми құралы ретіндегі əдістер қоры 
жаңа əдістермен жəне педагогикалық мақсатта қолдануға жарамды 
өзге ғылым əдістерімен толықтырылуда.
Ғылыми-зерттеулер жүргізуде белгілі бір ғылым саласы бойын-
ша  (жаратылыстану-математика,  филология  жəне  т.б.)  зерттеудің 
жекелеген  жəне  арнайы  əдістері  сараланған.  Бүгінгі  күнде  жалпы 
ғылыми  сипаттағы  əдістердің  қатарына  байқап-бақылау,  анализ 
жəне  синтез,  салыстыру,  теңеу  эксперимент,  абстрактіден  нақтыға 
өрлеу жəне т.б. жатады. Педагогика ғылымында зерттеу əдістерінің 
бірқатар жіктемелері жасалған.
Эмпирикалық  деңгей  əдістері.  Педагогика  саласындағы  кейбір 
зерттеулерге қатысты сипаттамалы-эмпирикалық деген сындар жиі 
айтылады. Оның кемшілігі зерттеушінің педагогикалық деректерді, 


30
педагогикалық  ықпал  ету  мен  оның  нəтижелері  байланыстарының 
механизмін түсіндірмей жəне сол байланыстардың қажеттілігі мен 
заңдарын ашпай, аталған нəтижелердің функционалдық байланысын 
тек тəжірибе жүзінде анықтай алуында. Бұл кемшілік тек зерттеудің 
теориялық деңгейінде ғана жойылады.
Ғылымтану  саласында  түрлі  мамандар  эмпирикалық  жəне 
теориялық деңгейдегі зерттеулердің айрықша мəнді белгілерін ажы-
рату жөнінде толассыз пікірталастар жүргізуде. Солардың қатарында 
В. З. Гмурманның, олардың айырмашылығын алынатын білімнің си-
патына қарай анықтап, «эмпирикалық білім құбылыстардың мəнін 
жəне  ішкі  байланыстарын  танытады»  деген  пайымдауын  негізге 
алуға болады
1
.
Эмпирикалық деңгей əдістеріне байқап-бақылау, педагогикалық 
эксперимент,  сұрақ-жауап  əдістері,  білім  алушылардың,  жаңашыл 
педагогтердің  тəжірибесін  зерттеу,  дəрігерлік-педагогикалық 
тексеру, педагогикалық құжаттарды зерттеу əдістері жатады.
Байқап-бақылау – таным  əдістерінің  ең  көнесі.  Ғылыми 
бақылау  арнайы  жоспардың  болуын,  бақылау  нəтижелерін  тіркеу, 
бақыланатын  құбылыстарды  түсіндіретін  болжам  құруды  жəне 
келешектегі  бақылау  барысында  болжамның  дұрыстығын  тексеру 
сияқтыларды талап етеді.
Байқап-бақылауды  жүргізудің  жалпы  үдерісі  келесі  іс-
əрекеттерден тұрады:
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау (не үшін, қандай мақсатпен?). 
2.  Объектіні,  оның  пəні  мен  жағдаятты  таңдау  (нені  бақылау 
керек?).
3. Қажетті ақпаратты анағұрлым қамтамасыз ете алатын бақылау 
амал-тəсілдерін таңдау (қалай бақылау керек?).
4. Бақыланатын объекті жөніндегі ақпаратты тіркеу амалдарын 
таңдау (тіркеп-жазуды қалай жүргізу керек?).
5. Алынған ақпараттарды сараптау, талдау, түсініктемелер жасау 
(қандай нəтижелер алынды?).
Педагогикалық  эксперимент  зерттеудің  теориялық  жəне 
эмприкалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын ретінде 
1
Гмурман В. З. Перспективнык тенденции развития педагогики в современных ус-
ловиях. – В кн.: Методологические аспекты развития педагогической науки в совре-
менных условиях. : Сб. Науч.тр / Под ред Я. С. Турбовсгого. – М.: Изд. АПН СССР, 
1980. С. 37-51.]


31
танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі əдісі болып 
табылады.  Зерттеуші  ғалымдар  оның  табиғи  жəне  зертханалық 
түрлерін  қарастырады.  Табиғи  эксперимент  оқу-тəрбие  үдерісінің 
дəстүрлі жағдайында өтсе, зертханалық білім алушылардың белгілі 
бір  топтарын  бөліп  алып  жасанды  жағдай  жасау  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Сонымен  бірге,  зерттелетін  объектінің  педагогикалық 
жүйесінің  бастапқы  күйін  белгілейтін  анықтау  эксперименті  жəне 
зерттелетін  объектіні  қайта  құруға  бағытталған  қалыптастыру 
эксперименті түрлері қарастырылады.
Сұрақ-жауап  əдістері.  Педагогикада  кеңінен  тараған  сұрақ-
жауап  əдістері  қолданылады:  əңгіме-сұқбат,  интервью,  анкета 
(сауалнама).
Əңгіме-сұхбат  зерттеушінің  тексеретін  адаммен  алдын-
ала  дайындалған  бағдарламасы  бойынша  еркін  диалог  түрінде 
жүргізіледі.  Əңгіме-сұхбат  кезінде  зерттеуші  əңгімелесушіні  ашық 
əңгімеге тартуға кедергі болдырмауды жəне бейресми, еркін қарым-
қатынас орнатуды ойластырып, мұқият дайындалуы тиіс.
Интервью  əңгіме-сұхбат  сияқты  зерттеу  əдісіне  жақын.  Бұл 
əдісті қолданудың мақсаты - зерттелетін мəселе бойынша зерттеуші 
тақырып ұсынып, тексеретін адамның оған деген пікірін, көзқарасын, 
қандай баға беретінін білу. Ол үшін тексерушінің шын ниетте жауап 
беруін  қамтамасыз  ете  алатын  қажетті  жағдайлар  туғызылғаны 
дұрыс.
Анкета.  Бұл – арнайы  сұрыпталған  танымдық  сұрақтар  мен 
олардың  мүмкін  деген  жауаптарының  логикалық  құрылысы. 
Анкета  оқиғаларға,  іс-əрекет,  пікірлерді  зерттеу  түрінде  алдын-ала 
белгіленген  бірнеше  мүмкін  деген  жауаптардан  құрастырылған 
жабық анкета немесе ашық анкета болып бөлінеді.
Жаңашыл  педагогтардың,  білім  алушылардың  тəжірибесін 
зерттеудің көзі – оқытушының баяндамалары, ғылыми мақалалары, 
əдістемелік 
жұмыстары, 
көрнекілік 
құралдары, 
авторлық 
əдістемелері,  сабаққа  жəне  сыныптан  тыс  тəрбие  жұмыстарына 
қатысуы  бола  алады. «Тəжірибе»  дегеніміз  «практика»  ұғымының 
баламасы  емес,  ол – педагогтың  ұзақ  жылдар  бойы  жинастырған 
шеберлігі.
Дəрігерлік-педагогикалық тексеру эмпирикалық əдіс ретінде білім 
алушыларға қатысты жеке-дара қолданылады. Ол білім алушылардың 
ішкі  даралық  жəне  аралық  даярлық  айырмашылықтарын  анықтау 
мақсатында жүргізіледі. Алынған нəтижелерді талдай отырып, білім 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау