Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет73/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95

153 
 
Annotation 
The  article  on  the  examples  of  how  students  can  apply  their  theoretical  knowledge  to  solve  specific 
problems  in  everyday  life  ,  production  and  agriculture.  Production  engineers,  technical  and  agricultural 
specialties  for  the  introduction  of  new  technologies,  or  to  find  new  sources  of  alternative  energy  and  to 
improve the lives, well-being and economy of our country, should be aware of the high-level theoretical and 
practical course in high school physics. 
 
 
ӘОЖ 376 
 
МҤМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДАҒЫ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ 
 
Сманова У., Абдиқулова М., Қаңлыбай Г., Парманова Ғ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында 
«Балалардың  мектепке  дейінгі  сапалы  тәрбие  және  оқыту  мен  толық  қамтылуын,  олардың 
мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту  бағдарламаларына  теңдей  қол  жеткізуін  және 
«инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жетілдіруін»  қамтамасыз  ету  кӛзделген.  Қазіргі  уақытта 
дамуында  ақаулары  бар  балалар  саны  артып  отыр.  Оларды  оқыту  кеңейіп,  түзетіп  қолдау 
технологиялары  жетілдірілуде.  Білім  беру  жүйесінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
айрықша  орын  бӛлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған  негізгі  міндет  – 
олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды ӛмірге дайындалуына 
жағдай жасау және кӛмек кӛрсету. 
ҚР  Президентінің  07.12.2010  жылғы  №1118  Жарлығымен  бекітілген  білім  беруді 
дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасы  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жетілдіруді 
қарастырады.Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпыға  білім  беру  ортасына  қарай  бейімдеу 
2002жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  медика-педагогикалық  тұрғыдан  қолдау»туралы  заңы 
қабылдады.Осы  заң  аясында  жарымжан  балаларға  ерте  бастан  білім  беру  мәселесіне  мән 
берілген.  
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  мақсатында  тӛмендегідей 
мәселелерді қарастырады.  
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. 
- инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің ӛзара әрекетінің 
тетігі әзірленеді; 
-  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік  бағдарламалары 
әзірленеді; 
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді  [1]. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ӛзінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
атты  Жолдауында:  «Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарымызға  кӛбірек  кӛңіл  бӛлу  керек.  Олар 
үшін  Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Бізде  ондай  адамдарға  қамқорлық 
кӛрсетілуге тиіс – бұл ӛзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен 
айналысады. Біз оларды белсенді ӛмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, 
сонымен бірге, ӛздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің 
барлық  әлеуметтік  институттар,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  «Нұр  Отан»  партиясы  осы 
жұмысты  қолға  алғандары  жӛн.  Егер  қажет  болған  жағдайда  Үкімет  бұл  мәселені  барлық 
компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек», – деп атап кӛрсеткен еді 
[2]. 


154 
 
Қазіргі  таңда  әрбір  бала  үшін  мектепке  бару  ең  жауапты  әрі  қиын  кезең  болып 
саналады.  Ал  мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  үшін  бұл  кезең  эмоциялық  жағынан  да, 
психологиялық  жағынан  да  ауыр  соққы  болады.  Қазіргі  кезде  Қазақстанның  білім  беру 
жүйесінде  инклюзивті білім  беру  мәселелеріне  бет  бұрды.  Бұл  арнайы  мүмкіндігі  шектеулі 
балалар үшін жалпы мектептерде, мекемелерде оқуда жағдай туғызып, оларды жалпы білім 
беру  жүйесіне  қосу  басты  міндет.  Ал  біздің  Қазақстанда  Қарағанды  облысының  90  білім 
мекемесі  «Инклюзивтік балабақша – инклюзивтік мектеп – инклюзивтік колледж» пилоттық 
жобасына  енгізілді.  Бұл  білім  беру  жүйесі  осыдан  4  жыл  бұрын  басталған  болатын.  Осы 
жүйенің  кӛмегімен  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалардың  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
оқуына жол ашты. Бүгінгі таңда аймақта 3 инклюзивті балабақша, бір мектеп және 2 колледж 
арнайы  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз  етіліп,  осы  бағытта  жұмыс  істей  бастады.  Қазір 
мамандарды  даярлау  мәселесі  назардан  тыс  кетпей,  олардың  жаңа  білімді  толық  меңгеру 
үшін де жұмыстар жасалынып жатыр.  
Ӛзіміздің елордамыз Астанада есту, кӛру қабілеті  нашар немесе денсаулығында ақауы 
бар  психологиялық-медициналық,  педагогикалық  мекемелерде  тіркеуде  тұрған  балаларға 
инклюзивті  білім  беру  мәселесі  бойынша  оқуына  жағдай  жасау  қолға  алынғанына 
қарамастан,  нәтижесі  де  айтарлықтай  жақсы  деңгейге  жетіп  отыр.  Қалада  49  мектепте  143 
инклюзивті сыныптар ашылды, ол жерде 200-ге тарта мүмкіндігі шектеулі балалар ӛздерімен 
қатар құрбыларымен тең дәрежеде білім ала алады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  жағдай  жасауда  тек  мемлекет  тарапынан  ғана  емес, 
сонымен  қатар,бұл  мәселені  ақпарат  құралдары  арқылы  насихаттап,  демеушілерді  қолдан 
табудың  маңызы  зор.  Мәселен,  «Дара»  қоғамдық  қоры  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
техникалық,  арнайы  құрал-жабдықтар  орнатып,  педагогтардың,  логопед,  дефектолог, 
сурдолог секілді мамандардың біліктілігін кӛтеруде кӛп жұмыстар атқаруда. Олар шетелдік 
ғалымдардың қатысуымен бірлесіп семинарлар, конференциялар ұйымдастырады.  
2013-2014 оқу жылында №1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне «Дельфа-
142.1» нұсқалы жеке компьютерімен және «Мультикид» жеке компьютерімен жабдықталған 
мультимедиялық білім кешені, логопедиялық транежерді осындай қорлар сыйға тартты. Ал, 
Астана  қаласында  №65  мектеп-гимназиясына  есту  қабілетін  арттыратын,  кедергі 
дыбыстарды  ӛшіретін  «Amigo»  fm-жүйесі  тӛрт  кабинетке  бірдей  орнатылды.  Мүмкіндігі 
шектеулі тұлғаларды киім-кешектермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуде «Мейірімділік-
М»  қоғамдық  қорының  атқарған  істері  барлығының  кӛңілінен  шығып  отыр.  Осындай 
демеушілердің қатары жыл ӛткен сайын кӛбейе берсе екен дейміз. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  жайында  кӛптеген 
ғалымдар  зерттеулер  жүргізген  болатын.  Солардың  бірі  И.П.Акименко,  В.И.Бондарь, 
Г.М.Дульнев,  Б.И.Пинский  және  тағы  басқада  ғалымдардың  ӛзіндік  арнайы  зерттеулерінде 
мүмкіндігі  шектеулі  балалардағы  қимыл-қозғалыс  дағдыларының  кемшіліктері  –  дәлдіктің, 
ырғақтың, екпінінің, бейімделу-бағдардың бұзылулары, қимылдардың баяу болуы  жайында 
кӛрсетілген. 
Мысалға алатын болсақ, Акименко Илья Петрович кеңестік кезеңдегі ақыл-есі кем және 
саңырау балаларды еңбекке оқыту жӛніндегі әдіскер.Ол бағдарламаның жүйесі мен кӛрнекі 
құралдар  арқылы  ұстаздық  ісі  үшін  саңырау  және  қосалқы  мектеп  әзірледі.  А.И.Петрович 
оқытуды дамыта отырып кӛбінесе сӛйлеу тілінде кемістігі бар және саңырау оқушыларға кӛп 
мән  берді.  Акименко  оқыту  процесінде  тек  практикалық  дағды  мен  іскерлікті  ғана  емес, 
сонымен қоса технологиялық мәліметтерді оқушыға игеру керек деп есептеді.  Ол сонымен 
қатар Туле қаласында саңырау балаларға арналған қолӛнер училищесінің ұйымына қатысқан. 
Дульнев  Григорий  Митрофанович  олигофренопедагог,  НИИД  кӛмекші  мектептің 
секторын  басқарды,  олигофренопедагогиканың  теориялық  және  ғылыми-пратикалық 
мәселелерін кең ауқымда әзірледі: ақыл-ойы кем балаларға түзету-тәрбие жұмысын зерттеу; 
кӛмекші мектепте сынып ұжымының және интеллекті бұзылған бала тұлғасын қалыптастыру 
мәселесі  бойынша  жұмыс  істеді.  Нәтижесінде  Дульневтің  және  оның  басшылығымен 
анықталған  психологиялық-педагогикалық  зерттеулер  жүргізіліп,  кӛмекші  мектепте 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау