Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет75/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95

157 
 
4.  Қоғамдағы  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік-психологиялық  бейімдеудің 
маңызы. http://sch.kz 
 
Аннотация 
Мақала  қазіргі  қоғамдағы  ӛмір  сүріп  жатқан  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  әлеуметтік 
ортадағы  психологиялық  жағдайы  және  олардың  қоғамға  әлеуметтік  бейімделуін  жан-жақты 
зерттеуге  арналады.  Мақаланың  негізгі  мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  педагогикалық 
қолдау  кӛрсетіп,  олардың  ӛз  мүмкіншіліктеріне  байланысты  білімді  игеруі  және  әлеуметтік  ортаға 
кіріктіру. 
Аннотация 
Данная  статья  всесторонне  исследует  психологическое  состояние  детей  с  ограниченными 
возможностями,  проживающих  в  современном  обществе,  в  социальной  адаптации  к  обществу. 
Главная  цель  статьи  –  оказать  педагогическую  поддержку  детям  с  ограниченными  возможностями, 
освоить знание об их собственных возможностях, и интегрировать их в социальное общество. 
Annotation 
This  articleextensively  investigates  psychological  state  of  childrenwith  disabilities,  living  in 
modernsociety,  in  social  environment  and  the  their  social  adaptation  to  the  society.  The  main  goal  of  this 
article  is  to  make  pedagogical  support  for  children  with  disabilities,  study  about  their  capabilities  and 
integrate them into social environment. 
 
 
 


158 
 
ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ
 
 
ӘОЖ 698.41 
 
МҦНАЙ ПОТЕНЦИАЛЫН ЗЕРТТЕУДІҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ  
ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 
 
 
Амандосова С.С., Кенесбаев Д.  
 
       Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Кӛмірсутегі  қорын  мемлекеттің  жеке  дара  потенциалы  ретінде  қарастыру  қажеттілігі 
бар,  оның  тиімділігі  мұнай  саласының  қызмет  істеуінің  ең  жақсы  нұсқасы мен  әсерін 
анықтау  болып  табылады.  Мемлекеттің  мұнай  потенциалы  тӛмендегідей  компонентерден 
тұрады:  
- шикі мұнай ӛндіру;   
- шикі мұнай экспорты;   
- мұнайды алғаш рет ӛңдеу мен мұнай ӛнімдерін алу;  
- мұнай ӛнімдерінің экспорты;  
- мұнай-химия ӛндірісіне арналған шикізатты алу;   
- мұнай-химия ӛндірісінің дайын ӛнімдерін алу;  
- дайын ӛнім экспорты. 
Мемлекеттің  мұнай  потенциалын  тиімді  қолдану  мәселесі  Қазақстан  экономикасының 
ӛз  уақытты  және  ӛзекті  мәселесінің  бірі  болған  және  әлі  де  болуда.  Табиғатта  сутегі 
шикізатының шекті болуы болашақта тиімді қолдану мақсатында қазіргі тұтыну жағдайына 
жоғары талаптар қою керек. 
Қазіргі  кездегі  Республиканың  мұнай  потенциалын  шартты  түрде  құрылымдық 
толықтырулар арқылы кӛрсетуге болады: 
- біріншіден,  шикізат  қоры,  яғни  белгілі бір кен  орындар  жиынтығынан  коммерциялық 
табыс  алуға  мүмкіндігі  бар  мұнай  кӛлемі:  дәлелденген  (90%-тен  жоғары),  ықтималы  (50%-
тен жоғары), мүмкін болатыны (10%-тен жоғары); 
- екіншіден,  сутегі  ӛндіру,  мұнай  қорының  кӛлемі  мен  сапасымен,  оны  ӛндіру 
шарттарымен анықталады; 
- үшіншіден,  мұнайды  ӛңдеу,  бұл  ӛндірілген  мұнайды  Республиканың  ӛңдеу қабілеті 
мен мұнай ӛнімдеріне деген қажеттіліктерін ӛтеумен сипатталады; 
- бесіншіден,  мұнай  ӛндіруге  жұмсалған  инвестициялар,  Республиканың  мұнай 
саласындағы инвестициялық қорлардың қолданылуы деңгейімен сипатталды; 
- алтыншыдан, әлі күнге шейін іске асырылмаған мұнай потенциалы. 
Сӛйтіп, мемлекеттің  «мұнай түсімдерін» қалыптастырылатын мұнай потенциалы ӛзара 
байланысқан салалардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. 
Қазақстан қуатты мұнай-газ потенциалына ие, оның құрамына ірі барланған қорлар мен 
болжамдалған  сутегі  шикізат  қорлары  кіреді.  Баланстық  мұнай  қоры  бойынша  13 орынды 
(Қазақстан  территориясына  тиесілі  Каспий  шельфіндегі  болжаған  мұнай  қорын  есепке 
алмағанда) иеленеді [1]. 
Мұнай және газды Қазақстанның басым да жоғары табысты ӛндіріс болып қала беруде. 
Қазақстанның 320-дан  астам  мұнай-газ  кен  орындары  барланған,  оның 230-ы игерілуде. 
Қазіргі  таңда  Республикада 2,2 млрд.  тонна  мұнай, 0,7 млрд.  тонна  газ  конденсаты 
және 2,7 млрд.  текше  метр  газ  бар.  Сонымен  қатар  құрлықта  да,  Каспий  шельфінде  де 
болжанған мұнай қоры келесіден тұрады: 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, 
табиғи газ – 5,9 млрд. тонна шекше метр. 
Республикадағы  мұнай  ӛндіру  кӛлемі  тұрақты  түрде  ӛсіп  келеді  –  2012  жылы 
республикада ӛндірілген мұнайдың мӛлшері 65 миллион тоннаға жетті. Бұл 2004 жылғы тап 


159 
 
осындай  кӛрсеткіштен  2,5  еседен  артық.  Ол  кезде  біздің  еліміздегі  ӛндірілген  мұнайдың 
мӛлшері  небәрі  25,7  миллион  тонна  ғана  болатын.  Ең  таяудағы  жылдардың  ӛзінде  мұнай 
ӛнеркәсібіндегі жобалардың тұтас бір тобын жүзеге асырудың күтіп отырылғаны белгілі. Ол 
жобалар мұнай ӛндіруді елеулі түрде арттыруға алып барып соқтыратыны сӛзсіз. Бұл жерде 
әңгіме  ең  алдымен  2007  жылы  іске  қосылған кенішіндегі  ―екінші  буын‖  зауыты  туралы, 
Қарашығанақ  мұнай  ӛңдеу  кешенінің  қуатын  арттыруға  кӛп  септігін  тигізген,  сондай-ақ 
Қашағанның  орасан  зор  кен  орнын  игеруі туралы    және  Каспий  аймағындағы  басқа  да 
құрылымдар  туралы  болып  отырғаны  белгілі.  Сӛйтіп  2010  жылы елімізде  мұнай  ӛндіру 
кӛлемі жылына 90 миллион тоннаға дейін жеткен болса(Қазақстан Республикасы Энергетика 
және  минералдық  ресурстар  министрлігінің  деректері  бойынша  –  94  миллион  187  мың 
тонна), ал 2015 жылы Каспий теңізінің қазақстандық қайраңындағы жаңа кен орындары іске 
қосылғандағы жоспар жүзеге асырылған кезде бұл кӛрсеткіш жылына 150 миллион тоннаға 
жуық болмақ (143 миллион 927 мың тонна) [2]. 
Қазақстанның  болашағы  мұнай  ӛндіру  және  ӛңдеу  салаларымен  тығыз  байланысты. 
Батыс  елдерінің  тәжірибесіне  сүйенсек,  экономиканың  дамуы  тек  шикі  мұнайды 
экспорттаумен ғана шектелмей, сонымен бірге оны кешенді және терең пайдалана отырып, 
елеулі  жетістіктерге  жетуге  болады.  Қазақстанның мұнай  ӛңдеу  мен  мұнай-химия 
салалары 3 мұнай 
ӛңдейтін, 2 газ 
ӛңдейтін, 
және 7 мұнай-химия 
зауыттарын 
қамтиды. Павлодар мұнай-химия зауытында мұнай-газ ӛңдеу ӛндірісін модернизациясы мен 
қайта жабдықтау бойынша міндетті іске асыру мақсатында сутегі ӛндірісі бойынша құрылыс 
жұмыстары  жүзеге  асырылады.  Осы  жұмыстары  ЕУРО  халықаралық  стандартқа  сай  ӛнім 
сапасын арттырып, күкіртті қоспалардан тауар ӛнімдерінің тазалау дәрежесін кӛбейтуге және 
дизель  отынның  гидро  тазалау  құрылғысын  сутегімен  қамту  проблемасын  шешуге  жағдай 
жасайды. Шымкент  мұнай  ӛңдеу  зауытында  мұнай  ӛнімдерінің  шығару  ассортиментін 
кеңейту, әлемдік деңгейінің талаптарына сай ӛндірілген ӛнімнің сапасын арттыруына сәйкес 
зауыттың  перспективті  жоспары  әзірленуде. 2006 жылы  тамызында  Атырау  мұнай  ӛңдеу 
зауытының  кең  ауқымды қайта  құрылыстық  жұмысы  аяқталған  болатын.  Осының 
нәтижесінде қоршаған  ортаға  зиянды  заттардың  тӛмендеуі  есебінен  экологиялық  жағдайы 
елеулі  түрде  жақсара  түсуді.  Сонымен  қатар,  ЕУРО  қазіргі  еуропалық  стандартқа  жауап 
беретін  мұнай  ӛнімдерінің  негізгі  түрлерін  шығаруға  жағдай  жасайды. Бензол  ӛндірісін 
ұйымдастыру  мақсатында  АМӚЗ-дің  модернизациясын  жалғастыруға  жоспарлайды.  Бұл 
кәсіпорындар  мұнай  және  түрлі  мұнай-химия  ӛнімдерін  шығару  үшін  қажетті  потенциалға 
ие, алайда ең алдымен, бір сыпыра мәселелерді шешіп алған жӛн. 
2007 жылда  ішкі  нарықты  мұнай  ӛнімдерімен  қамтамасыз  ету  бойынша  қолданылатын 
шаралар: 
- кӛлемі 12,0 млн.  тоннадан  (2006 жылға 103%) тӛмен  емес  Қазақстан  мұнай  ӛңдеу 
зауыттарында  мұнай  ӛңдеу  жоспары  бекітілген,  соның  ішінде  жанар  май –  2,5 млн. 
тонна,дизель  отыны –  3,7 млн.  тонна,  мазут –  3,5 млн.  тонна,  керосин –  285 мың 
тонна ӛндірісі жоспарлануда. 
- кезеңдік  алқапты  жұмысты  есепке  алғанда 2007 жылғы  Қазақстанның  мұнай  ӛңдеу 
зауыттарының алдын-алды жоспарлы жұмыстарға тоқталу графиктері бекітілген. 
Мұнай  ӛңдеу  саласында  негізгі  қорлардың  тозу  коэффициенті 70%-ке  жетті, 
құрылғылардың  ӛнімділігі  тӛмен.  Қауіпсіз  техникасы  бойынша,  құрал-жабдықтар  қазіргі 
замаңғы талаптарға енді сай келе бастады. 30%-ті жаңа болып келеді. Дайын ӛнімін шығару 
бойынша  Қазақстан  әлемде  әлі  де  соңғы  орындардың  бірінде.  Негізінен  технология  ескі 
болғандықтан,  МӚЗ-ында  шығарылған  октаны  жоғары  мұнай  ӛнімдерінің  бірлігіне 
жұмсалған  шикізат  кӛлемі  Батыс  Еуропа,  Солтүстік  Америкадағы  кәсіпорындарымен 
салыстырғанда 3 есе жоғары. 
Ұлттық  мұнай  индустрияның  инвестициялық  ахуалы  жоғары  деңгейде.  Оған  дәлел 
ретіндекелесі  кӛрсеткішті  келтірсе  болады:  республикадағы  мұнай  кен  орындарымен 
байланысты жобалардың жалпы құны 40 млрд. АҚШ доллардан аса құрады. 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау