Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет72/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95

151 
 
студенттердің  бойында  шығармашылық  қабілеттілікті  тәрбиелеп,  олардың  ӛз  беттерінше 
ойлауын  дамытуға  толық  назар  аударылмаған.  Студенттердің  бойында  аталған  қасиеттерді 
мына бағыттар арқылы дамытып іске асыруға болады: 
-  белгілі бір заңдылықтарды жалпыламалық тұрғыдан талдай алу. 
-  теориядан алынған нәтижелерді практикада қолдану әдістерін болжамдау. 
-  табиғатта  ӛтетін  құбылыстар  мен  теориялық  болжамдардың  арасында  кездесетін 
қарама-қайшылықтарды айыра білу.   
Мысалы, оқулықтарда бірінші текті фазалық ӛтулерді сипаттайтын Клайперон-Клаузиус 
теңдеуі  қорытып  шығарылғанымен,  оны  пайдаланып  ғылыми  зерттеу  жұмыстарында  Р-Т 
координатасындағы заттардың фазалық диаграммасынан термодинамикалық функциялардың 
ӛзгерістерін  есептеу  жолдары  кӛрсетілмеген.  Сонымен  қатар  оның  практикадағы  алатын 
орны, 
фазалық 
диаграммаларға 
термодинамикалық 
талдаулар 
жасау 
әдістері 
қарастырылмаған.  Яғни,  теңдеудің  практикалық  маңызы  талқыланбаған.  Сондықтан 
оқулықтарда  осы  уақытқа  дейін  қолданылып  келген  теориялық  абстракциялардан  арылу 
жолдарын қарастырған жӛн.  
Студенттердің  теориялық  материалдардан  алған  білімдерін  практикада  қолдана 
білулерін    және  шығармашылықпен  ойлау  қабілеттіліктерін  дамыту  үшін,  оқулықтың  әр 
тарауынан  соң  есептер  мен  мысалдардың  шешу  жолдары  талқыланып,  жаттығулар,  тест 
сұрақтары,  дәріс  және  практикалық  сабақтардың  күнтізбелік  тақырыптық  жоспарлары 
келтірілуі  керек.  Студенттерге  физикалық,  химиялық,  биологиялық  құбылыстарды  реалды 
түрде кӛрсетіп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, ғылыми тұрғыдан 
ойлауына, фундаментальді принциптердің практикалық маңызын жетік ұғынуларына әсерін 
тигізетін жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден орындалатын лабораториялық 
жұмыстардың  ғылыми-зерттеу  элементтері  мүлдем  жоқ.  Мысалы,  Стокс  әдісін  пайдаланып 
сұйықтардың  тұтқырлық  коэффициенттерін  анықтау.  Келтіріліп  отырған  лабораториялық 
жұмыста әртүрлі сұйықтардың тұтқырлық коэффициенттері анықталып, олардың қандай да 
бір  параметрлерге  тәуелділігі  зерттелмейді.  Осы  лабораториялық  жұмыстың  атын 
сұйықтардың  тұтқырлық  коэффициентінің  температураға  немесе  қысымға  тәуелділігін 
зерттеуге  алмастырсақ,  қондырғы  сұйықтың  температурасын  автоматты  түрде 
бақыланатындай  жетілдіруді  қажет  етеді.  Осыған  ұқсас  ӛткізгіш  кедергісімен  дыбыс 
толқынының  температураға  тәуелділігін  зерттеу.  Зерттеуден  алынған  нәтижелер  бұрыннан 
жақсы белгілі болғанымен, студенттер үшін ол үлкен жаңалық болуы мүмкін. 
Оқытудың кредиттік жүйесінде жаратылыстану пәндерінен виртуалды лабораториялық 
жұмыстар  қою  қарастырылған.  Бұл  жұмыстардың  студенттерге  сапалы  білім  беруде 
артықшылықтарынан  кемшіліктері  кӛп  сияқты.  Артықшылығы:  студенттер  оқытушысыз, 
лаборантсыз,  яғни  ешкімнің  бақылауынсыз  кез-  келген  ӛзіне  ыңғайлы  уақытта 
лабораториялық жұмысты орындай алады. Демек, уақытын үнемдейді. 
Кемшілігі:  студент  лабораториялық  зерттеу  жұмыстарында  ӛтетін  үдерістерді  ӛз 
кӛзімен  кӛрмей,  құрал-  жабдықтарды  қолымен  ұстамай  немесе  электрлік  схеманы  ӛзі 
жинамай  программаны  жасаған  адамның  ойымен  ойлайды.  Сондықтан  виртуалды 
лабораториялық  жұмыстарды  материалды-техникалық  базасы  жоқ  оқу  орындарында 
қолдануға болады. Студенттердің шығармашылықпен ӛз бетінше ойлау қабілетін күшейтіп, 
теориялық  білімдерін  практикада  қолдана  білулеріне  үлкен  әсерін  тигізетін  семинар  және 
практикалық сабақтарға тоқталайық. 
Кеңестер  дәуірі  кезінде  (қазіргі  кезде  сол  есептер  жинақтары  қолданылуда) 
жаратылыстану  пәндерінен  қолданылып  жүрген  есептер  жинағында  келтірілген  есептердің 
басым  кӛпшілігінде  студент  белгілі  бір  заңдылықтың  формуласын  жазып,  есеп  шартында 
берілген параметрлерді бір жүйеге келтіріп, сан мәндерін қойып есептеу арқылы белгілі бір 
жауап алатын. Бұл жерде студенттің ӛз бетінше ойлауына есеп шартына байланысты дұрыс 
формуланы  жазып,  берілген  параметрлердің  сан  мәндерін  қойып  есептеуді  жатқызуға 
болады.  Жинақтарда  келтірілген  кӛптеген  есептерді  шығару  шығармашылықпен  ойлауды 
қажет  етпейді.  Студенттерді  есепті  шығару  барысында  шығармашылықпен  ӛз  бетінше 


152 
 
ізденіп  жұмыс  істеуі  үшін  онда  кедесетін  параметрлерді  анықтамалардан  немесе 
тәжірибелерден  алуына  мәжбүр  ету  қажет.  Мысалы,  тӛменде  келтірілген  есептерді 
қарастырайық: 
1.Фокусында  жиналған  күн  сәулесі  қорғасынды  балқытатын  жинағыш  линзаның 
ӛлшемдерін табыңыз. 
2.Массалары  тең  мыстан  және  темірден  жасалған  шарлар  бірдей  биіктіктен  құлайды. 
Жермен соқтығысуларының әсерінен екі шардың қайсысы жоғары температураға ие болады? 
3.50 метр тереңдіктен суды сыртқа шығаратын сорғыштың қозғағышының қуаты қандай 
болуы керек? 
Мұндай  есептерде  физикалық  параметрлердің  сан  мәндері  берілмегендіктен  және  дәл 
жауаптары  болмағандықтан,  есепті  шешу  жолында  студенттердің  арасында  құбылыстарды 
талдау кезінде пікірталастар мен талқылаулар туындайды. Демек, студенттердің ӛз бетінше 
ойлау қабілеттері артады. 
Жаратылыстану-математика  бағытындағы  есептерді  шешімдері  бірнеше  болатындай 
етіп құрастырған дұрыс. Ӛйткені студенттердің жеке қабілеттерін есепті шешу жолдарының 
біреуін  таңдап  алуына  байланысты  бӛлеміз.  Мысалы,  ұшақтың  кабинасындағы  дене 
салмақсыздық  күйде  болуы  үшін  оның  траекториясын  анықтау  туралы  есепті  шешу  үшін 
кабинадағы  денеге  гравитациялық  ӛрісте  әсер  ететін  тең  әсерлі  күшті  нӛлге  теңестіріп, 
стандарттық түрде ұшақтың қозғалыс теңдеуін жазу арқылы табуға болады. Басқа қарапайым 
шешімінде ұшақ гравитациялық ӛрісте еркін құлайтын дененің траекториясымен қозғалса, ол 
параболаға жуық болатындығы белгілі. Тереңірек ойлайтын студент ұшақтың кабинасының 
барлық  нүктелері  салмақсыздық  күйде  болуы  үшін  қандайда  бір  алғашқы  шарттардың 
орындалуы керектігін іздестіреді.   
Сондықтан  оқулықтар  сапалы  жазылу  үшін  жаратылыстану-математика  бағытында 
құрастырылған  мемлекеттік  стандарттар  жоғарыда  келтірілген  мәліметтер  бойынша 
жетілдіріліп, оқу бағдарламалары жасалуы қажет деп ойлаймыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Ландау Л.Д., Лившиц Е.М. Краткий курс теоретической физики. М.:  Наука 1969 г. 
2. Истеков К.К., Косов В.Н., Стрыгин Д.П. Статистическая физика. Основы физической 
кинетики. А.: ТОО Триумф "Т" 2007 г. 
3.Бижігітов Т. Статистикалық физика, физикалық кинетика негіздері. А.: ЖШС "Дәуір" 
2011 ж. 
4.  Бижігітов  Т.  Электродинамика  және  салыстырмалылықтың  арнайы  теориясы. 
Оқулық. А.:  ЖШС "Дәуір" 2012 ж. 
5. Бижігітов Т. Математикалық физика әдістері. Оқулық. А.:, ЖШС "Дәуір" 2012 ж.    
6. Бижігітов Т. Жалпы физика курсы. Оқулық. А.:, ЖШС "Экономика" 2013 ж.    
 
Аннотация 
Мақалада  физика-математика  пәндерінің  техникалық,  инженерлік,  ауыл  шаруашылық 
мамандықтарында  оқитын  студенттердің  сапалы  білім  алуына  тигізетін  ықпалы  талқыланған. 
Техникалық  жоғары  оқу  орындарында  оқитын  студенттер  табиғатта,  ӛндіріс  орындарында  ӛтетін 
физикалық  құбылыстарды  терең,  толыққанды  ұғынулары  үшін  физиканың  заңдылықтарын 
теориялық тұрғыдан жақсы меңгеріп, практикада қолдана білулері қажет. 
Аннотация 
В  статье  по  рассмотрены  примеры,  как    школьники  могут  применить  свои    теоретические 
знания для решения  определенных задач в повседневной жизни, производства, сельского хозяйства. 
Инженеры  производственных,  технических  и  сельскохозяйственных  специальностей  для  внедрения 
новых  технологий  или,  чтобы  найти  новые  источники  альтернативной  энергии  и  для  улучшения 
жизни, благосостояния и экономики нашей страны, должны знать на высоком уровне теоретический 
и практический курс школьной физики. 
 
 


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау