170
6. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: - Наука, 1991. –
601с.
7. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: -
Ғылым, 1994. – 381с.
8. Казахский мелкосопочник (Kazakh Uplands) Үлкен кеңес энциклопедиясы 1990.
9. Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет ӛңірінің тарихы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы,
1998.-275 б.
10. Аршабеков Т. Қарқаралы күмбездері.- Қарағанды: «Арко» ЖШС, 1997. - 96 б.
Аннотация
В статье рассматриваются
теоретические основы и исследования
туристических ценностей и
рекреационных ресурсов
юго-восточного Казахстана.
Аннотация
Мақалада Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймағының туристік құндылықтардың және рекреациялық
ресурстарын зерттеудің теориялық негізі қарастырылған.
Аnnotation
The article discusses the theoretical basis of research tourist values and recreational resources south-
eastern Kazakhstan.
ӘОЖ 913 (574)
Б 29
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ
ӚЗЕН СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ
ОДАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР
Бахтыбекова Ш.М., Айбекетова А.Т.
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Еуразия материгінің ішкі бӛлігінде орналасып, солтүстік жарты шардың
құрғақ аймағына кіреді. Республиканың жазық бӛлігін Бетпақдала, Қызылқұм, Мойынқұм,
Үстірт, Каспий маңы ойпаты, Сарыесік Атырау шӛлді аумақтары алып жатыр. Ондағы жыл
ішіндегі жауын-шашын деңгейі 100 - 150мм шамасында. Республиканың солтүстік-шығысы
мен орталығында Сарыарқа, Ұлытау, Кӛкшетау, Баянауыл, Қарқаралы аласа тау жоталары
оналасқан, ондағы жауын - шашын мӛлшері 300 - 500мм жетеді.
Ал еліміздің таулы аймақтарында жыл бойғы жауатын жауын-шашын мӛлшері 500 -
900мм-ге дейін жоғарылайды. Еліміздің табиғат жағдайының ендігі бір ерекшелігі – мұнда
жыл сайынғы ағатын 100-120,5км³ ӛзен суларының жартысы дерлігі республикадан шет
жерлерде қалыптасып, транзиттік жолмен ағады.
Қазақстан – географиялық орналасқан жері ауқымды ел болып табылады. Тарихи
орналасқан территориясына байланысты, басты су кӛздерінің кӛбісі дерлік кӛршілес
мемлекеттердің территориясынан ағып келеді, яғни су мәселесіне қатысты ӛзен суының
жоғарғы ағысында отырған кӛрші елдерге тәуелді болып келеміз. Осындай жағдай еліміздің
экологиясы мен экономикасына әсерін тигізетіні анық. Осыған байланысты трансшекаралық
ӛзен суларын тиімді пайдалану құқығы жағалау маңындағы елдерге ортақ болуы тиіс.
Қазақстанның негізгі су кӛздері – Ертіс, Шу, Іле, Сырдария, Талас, Жайық және т.б.
трансшекаралық ӛзендер ластану үстінде. Сонымен қатар республиканың ӛндіріс
орындарында (Ӛскемен, Балқаш, Шымкент және т.б. қалалардағы ӛнеркәсіп орындары)
қолданылған сулар тазаланудан ӛтпей, су алаптарына тӛгіліп жатыр. Ӛзен-кӛл суларының
сынап, хром, мырыш, сияқты т.б. ауыр металдар мен мұнай ӛнімдерінің қалдықтарымен
ластануы экологиялық проблемаға айналуда.
171
Қазақстанға келетін сулардың 44% кӛршілес елдерден ағып келеді, яғни біздің
республика ірі трансшекаралық ӛзен суларының тӛменгі ағасында отыр. Бұрынғы География
институтының мәліметі бойынша осыдан 35 – 40 жыл бұрын еліміз ӛзендердің жылдық су
кӛлемі 126 млрд м³ асқан, оның 60 млрд м³ шеттен ағып келген. Қазіргі таңда судың кӛлемі
100 млрд 500 млн м³, 44 млрд м³ сырттан келеді. Оның ішінде ҚХР-дан 19,9 млрд м³, Ӛзбек
жерінен 13,7 млрд м³, Ресей жерінен 7,4 млрд м³, Қырғызстаннан 3 млрд м³ келеді. Осы
уақытқа дейін су мӛлшері 16 млрд м³ қысқарған. Ғалымдардың пайымдауынша
трансшекаралық сулармен қосқанда 2020 ж. азаю мӛлшері 86 млрд м³ тӛмендеу мүмкіндігі
бар [1].
Суды ең кӛп пайдаланатын сала – ауыл шаруашылығы 75 пайызды құраса, ӛндіріс 20%,
коммуналдық-тұрмыстық сала 5% -ды құрайды. Сол себепті сумен қамтамасыз ету жағдайы
шекаралас жатқан елдердің шаруашылық әрекеті, экономикалық дамуына негізделеді (1-
кесте).
Кесте № 1. Суды тұтыну мен экономикалық секторлары бойынша қажеттілік
Секторлар
Су тұтыну, млн.м
3
Қажеттілік, млн.м
3
Ӛнеркәсіп
2934,60
2046,30
Коммуналды
шаруашылық
656,50
452,40
Ауыл шаруашылығы
7022,00
4971,80
Басқа секторлар
108,21
76,20
Барлығы
10721,30
7546,70
2001 ж. І жартысымен
салыстырғанда
1092,0-ге тӛмендеген (9,2%)
546,0-ге тӛмендеген (6,7%)
Сумен қамтамасыздану бойынша Қазақстан ТМД-да соңғы орындардың бірін алады.
Климаттық ерекшеліктерге байланысты республиканың 90 пайызға дейінгі ӛзен жүйесі
суларының толығуы кӛктемгі мезгілге тиесілі. Шығыс Қазақстанда 1 км² жерге 290 мың м³
су тиеді. Су тапшылығын бастан кешіп отырған облыстар Атырау, Қызылорда, әсіресе
Маңғыстау облысы тұщы суға ерекше зәру.
Ӛзен суларын экономика салаларының қажетіне толықтай пайдалану мүмкін болмай
отыр. Экологиялық, балық шаруашылық мен санитарлық талаптарға сай Сырдария, Орал,
Іле, Тобыл, Есіл, Торғай, Шу ӛзендерінің суларын жіберудің міндетті кӛлемі жылына 29,0
км³ құрайды. Ертіс ӛзеніндегі кӛліктік-энергиялық шығындар Ресей бӛлігімен қосқандағы
мӛлшері 9 км³. Ӛзен суының булануы мен су қоймаларында фильтр арқылы тазалаудан ӛту
нәтижесінде су ағысының 12 км³ жоғалады. Орталық Қазақстандағы кӛктемгі су толығу
мӛлшері 4,5 км³ тең, судың кӛп мӛлшері сіңіп кетеді немесе құр босқа бытыраңқы түрде ағып
кетеді. Осыға байланысты, орташа жылдық су ресурстарын пайдалану деңгейі 46 км³
аспайды. Орташа сулы (75%) және аз сулы (95%) кезеңдерде су ресурстарының жалпы
кӛлемі 76-58 км³ дейін тӛмендейді [3].
Кейбір есептеулер бойынша, климаттық ӛзгерістер және трансшекаралық ӛзендердің
жоғарғы ағысында жатқан елдердің экономикалық даму жағдайымен байланысты қосымша
су ағысын пайдаланса (әсіресе, Іле-Балқаш, Ертіс, Сырдария бассейндері суларын), онда
орташа жылдық су кӛлемі 85 км³/жыл тӛмендейді. Осы уақытта суармалы егіншілік жылына
15 км³ қана суды пайдалана алатын болады. Алайда, заманауи суландырудың түрлерін
енгізу, маргиналды және т.б. суларды екінші рет пайдалану арқылы 2-2,1 млн га суармалы
аумақты ұстап қалуға болады. Осы кезде грунт суларын қосымша пайдалану мүмкіндігін
қарастуға болады, алайда оның кӛлемі шектеулі нормадан асып кетпеуі қажет, ол үшін
тиянақты зерттеулер мен дәлелдер керек.
Соңғы 70 жылда тек Қазақстан мен Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар дүние
жүзінде су мен ауыл шаруашылығы саласында үлкен ӛзгерістер болды. Су шаруашылығы
инфрақұрылымының ауқымды түрде дамуы суармалы жерлердің кӛлемін арттырып, суды
пайдалану кӛлемі 3 есеге кӛбейді [4].
Достарыңызбен бөлісу: |