24
қабілеттерін дамыту. Және де барлық шараларды ӛткізген кезде ақпараттық технологиялар –
интерактивті тақта, компьютер, видеокамера қолданылды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, біздің
міндетіміз – жеке тұлғаның ӛзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және
ӛз бетімен білім алуына, ӛзін-ӛзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Сондықтан да әрбір
оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет.
Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды ӛз мамандығын жақсы меңгерген,
теориялық біліммен терең сусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық
экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп
шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге
шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!
Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә. Назарбаев 2012ж. 14 желтоқсан «Қазақстан – 2050 даму стратегиясы».
2.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.
3. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс
жасаудың әдіс-тәсілдері, -Алматы, 2008ж.
4. А. Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру», Қазақстан мектебі, №2, 2005ж.
Аннотация
Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың белсенділігін
арттырады, динамикалық сабақтар енгізу және әртүрлі нысандағы ӛзіндік жұмыс оқу үрдісін
дамытуға ықпал етеді.
Аннотация
Использование информационных технологий на уроках истории повышает у активность
учиников, использование развывающего обученя способствует динамичности занятия и введения
разнообразных форм самостоятельной работы.
Annotation
Use of information technology in history lessons increases in activity uchinikov, use razvyvayuschego
Education promotes agility classes and the introduction of various forms of self-study.
ӘОЖ. 338 (574)
Қ 34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ
БАСТЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қонысбекова Қ.Қ., Қойшиева C.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық интеграция барлық елдерді қамтып отырғанда
аймақтағы елдер арасындағы ӛзара байланысты дамыту барынша маңызды болып саналады.
Еліміз ашық нарықтық ұстанымды қолға алған аз уақыт ішінде Орталық Азия аймағында,
ТМД елдері арасында қара озып алға шығып келеді. Еліміздің осы жетістіктерінің себебі
оның жан жақтылы әлеуетінде болып отыр. Жұмыста аталмыш әлеуеттері жан жақтылы
ортаға салынып талдау жасалады, сол арқылы еліміздің жеткен жетістіктеріне құр сӛзбен
емес нақтылы ғылыми деректер мен дәйектер негізінде талдау жасалып дәлелденеді. Еліміз
болашағының тіпті де баянды боларына, ӛркениетті елдер санатына, Елбасы айтқан дамыған
елу елдің қатарына қосылуға толық мүмкіндігі бар екендігі бүгінгі және таяу болашақта
қолға алынуға жоспарланған келелі жұмыстар арқылы ғылыми тұрғыда тиянақталады.
25
―Алдымен экономика‖ – деп ұран тастады тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев
қоғамдағы реформалардың алғашқы басталар шағында. Егемендік алғаннан кейінгі іс-
қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы осы экономика саласы деп атап кӛрсетті.
Бұл дұрыс пікір еді. Ӛйткені жеке басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал
тұрмыстың негізі, оның жақсылық-жамандығы экономикада, оның тиімділігі немесе
тиімсіздігінде. Сондықтан, қоғам алдына қоятын үлкенді-кішілі мақсатың, оның орындалуы
ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты. Саясат та экономиканың шоғырланған
келбеті [1].
Қазақстан
Республикасының
экономикалық-географиялық
орыны
физикалық-
географиялық орынының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Олар: Еуразия материгінің
ортасында, Атлант, Тынық мұхиттарынан бірдей қашықтықта,Үнді мұхитынан біршама
алыста орналасуы, ішкі континенталдық орнына байланысты табиғат жағдайлары тәуелді
болуы: айқын қатты-континенталдық климат, кӛпшілік ішкі ӛзендердің теңіздер мен
мұхиттарға құймауы, территориясынан батыс және солтүстік ауа массаларының кедергісіз
ауысуы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан шекарасындағы таулардың (Алтай, Тянь-Шань,
Жоңғар Алатауы) барьерлік климаттық рӛлі және беткейлерінде жауын-шашынның
(ылғалдылық) аккумуляциялануы [2].
Сонымен бірге, Қазақстанның шаруашылығын тиімді орналастыру мен территориялық
ұйымдастыру үшін экологиялық-географиялық орынының ерекшелігін де білген дұрыс
болады. Олар мыналар: біріншіден, Жер планетасы атмосфера қабатының оттегімен
толықтырылып отыратын экожүйеге негізінде орман мен шабындық жатады десек,
жаһандық ауа айналымы үрдісінде Қазақстан оттегін тұтынушы аймақ болып есептеледі.
Себебі орман кӛлемі барлық республика территориясының 2,8%-ын алып жатса,
шабындықтың үлесі 2% ғана жетеді. Екіншіден, Қазақстан халқының тығыздығы 1ш.ш. 5,5
адам болып келеді, яғни сирек орналасқан елге жатады, оның ішінде 50% территориясында
халықтың тығыздығы 1 адамнан аспайды, мұнда 18 млн. га жыртылуға жарайтын топырақты
жер ресурстары бар (оның 35 млн. гектары жыртылған), яғни Қазақстан стратегиялық жер
ресурстары қорымен ерекшеленеді. Үшіншіден, Қазақстан биосфералық экологиялық қауіпті
аймаққа жатады. Мұнда биосфераға жаһандық әсері бар Арал теңізі, Семей ядролық
полигоны, әскери – ракеталық сынау полигондары, "Байқоңыр" космодромы сияқты
экологиялық нысаналар орналасқан. Тӛртіншіден, Қазақстан геожүйесі (ландшафты) (45 % -
шӛл, 20 %-ы – таулы аймақтар) антропогендік әсерлерге тұрақсыздығымен, берік еместігімен
сипатталады. Мысалы, пайдалануға жарайтын 80 млн. га жердің 61 % шӛлейттенуге жылдам
шалдығады [3].
Қазақстан Республикасы егемендіктен соң тарихи тамыры бір, тілі мен діні және ұлттық
санасы мен тілі бір Орталық Азия елдерінің ішінде, тіпті ТМД құрамындағы елдер арасында
экономикалық ӛркендеудің жаңа үлгісін кӛрсете білді. Бұл ӛркендеу тек қана экономикалық
жақтан ғана емес, мәдени, рухани, әлеуметтік және дінаралық, сондай-ақ халықаралық саяси
деңгейден де кӛрініс тапты. Ел ішіндегі халықтар достығы жақсы сақталды. Еліміз ӛз
егемендік тұғырын нығайту мақсатында қиындықтарға қарамастан елордасын Алматыдан
Астанаға кӛшірді, Астананы әлемдік қала мәртебесіне кӛтеру үшін ұшан теңіз жұмыстар
атқарылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан бүкіл дүние танитын және құрметпен қарайтын мемлекетке
айланды. Міне осы жетістіктерге жетуге не себеп болды деген сұраққа біз осы мақалада
аталған Қазақстанның экономикалық жетістіктері арқылы жауап беруге талпындық [4].
Қазақстан ӛзге ТМД елдері сияқты Кеңестік кезеңнің салқын саясатын басынан
кешірді, ұлттық мүдде, ұлтық мәдениет пен тіл барынша шет қақпай кӛрді. Егемендіктің
таңын қарсы алған соң экономикалық саясатын нарықтық ашық экономикаға негіздеп,
әлемдік экономикалық интеграция мен ықпалдасыққа бұра білді. Соның нәтижесінде
инвестицияны кӛптеп тартып отандық ӛнеркәсіптің дамуына негіз қалай білді. Әлемдік
экономиканың ғаламдануы барысында кӛрші елдер арасындағы экономикалық және
әлеуметттік интеграцияның қалыптасып дамуы заңды үрдіске айланып отыр. Бұл байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |