Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет91/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113

276
Нақтырақ,  ақпараттық-білім ортасын оқушыларды, пе-
дагогтарды, ата-аналарды, оқу мекемесінің əкімшілігін жəне 
қоғамды бірыңғай технологиялық құралдармен өзара байланысқан 
мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыратын компьютерлік техниканы 
программалық-телекомуникациялық ортада қолдануға негізделген 
орта ретінде анықтауға болады. Мұндай орта ұйымдастырушылық-
əдістемелік құралдар, педагогикалық маңызды ақпараттарға 
оперативті қолжетімділікті қамтамасыз ететін жəне педагогтар мен 
білім алушылар қарым-қатынасын жүргізуге мүмкіндік беретін, со-
нымен қатар ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауды қамтамасыз 
ететін техникалық жəне программалық құралдарының жиынтығын 
қамтуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасы кіріктірілген көпкомпонентті жүйе 
ретінде құрылуы қажет, оның компоненттері оқу, оқудан тыс, 
ғылыми-зерттеушілік іс-əрекет, оқыту нəтижелерін, оқу мекеме-
лерін басқару іс-əрекетін өлшеу, бақылау жəне бағалау. Мұндай 
орта барлық мүмкін болатын пайдаланушылардың дифферен-
циациясын қамтамасыз ететін максималды вариативтілікке ие болуы 
тиіс. 
Оқу мекемесінің ақпараттық-білім ортасын жоспарлау, 
дайындау жəне пайдалану жалпы орта білім беру жүйесін бірте-бірте 
бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз 
етуі қажет. Ортаның маңызды компоненттерінің бірі оқу мекеме-
сінің оқу іс-əрекетін ақпараттандыруға бағытталған програм-
малық-əдістемелік кешен болып табылады. Оқу компоненттерін 
жоспарлау, құрылымдау жəне жүзеге асырулау психологиялық-
педагогикалық əдістемелік жəне технологиялық сипаттағы 
талаптар мен ұсыныстардың кең кешеніне сəйкестікте жүзеге асы-
рылуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасының ажырамас компоненті оқушылар 
мен абитуриенттердің білім, біліктілік жəне дағдысын өлшеу, 
бағалау жəне бақылау құралдары болуы қажет. Ортаның өзіндік 
компонентінде ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
ерекшелеуге байланысты білім алушының білім, біліктілік жəне 
дағдысын компьютерлендіруге қатысты бірнеше көзқарастар бар. 
Мұндай көзқарастар қатарына білімді бақылау мен бағалауды 
автоматтандыруға арналған компьютерлік сыныптардың тобын 
жатқызуға болады.


277
Кез келген оқу мекемесінің іс-əрекеті аясында маңызды бір 
сала, білім беру деңгейіне тəуелсіз педагогтар, кейде білім алушы-
лар қатыстырылған ғылыми жəне əдістемелік зерттеулер болып 
табылады. Оқу мекемелерінің іс-əрекетінің ғылыми-əдістемелік 
саласы қызметінің аспектілері ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын енгізудің жеке бағыттарын туындатады. 
Орта аясында педагогтар арқылы жүзеге асырылатын ғылыми-
зерттеу жəне əдістемелік іс-əрекетті ақпараттандыру құралдарын 
кіріктіретін арнайы компоненттерді ерекшелеу қажет. Ортаның 
сəйкесінше компоненті ғылыми іс-əрекет тұрғысынан маңызды 
ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құралдарын көрсетіп 
қана емес, сонымен қатар кітапханатану, ақпараттық үзінділерді 
өңдеу, сақтау жəне есептеу құралдарын да көрсетуі тиіс. Мұндай 
құралдары ғылыми-зерттеулер нəтижелері аясында педагогтардың 
қашықтықтық өзара əрекетін ұйымдастыруда пайдалы болуы 
мүмкін.
Сонымен қатар ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс 
компонентін ерекшелейді. Оқу мекемесінің оқудан тыс іс-
əрекетінің аясы практикада ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының артықшылықтарын жеткілікті түрде аңда-санда 
жəне жүйесіз қолданады. Ақпараттық технологиялар негізгі оқу 
іс-əрекетінің мазмұнымен байланыссыз оқудан тыс шаралардың 
деңгейін жоғарылатуға қабілетті. Компьютерлік телекоммуни-
кацияларды оқудан тыс қарым-қатынаста қолданудың мақсатқа 
лайықтылығы белгілі. Мұндай салада сəйк 
есінше ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының мазмұндық-əдістемелік 
деңгейі мен сапасынан оқудан тыс іс-əрекеттің оқу-тəрбиелік 
тиімділігі тəуелді.
Ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс компонентін құрайтын 
негізгі ақпараттық ресурстар: оқушылар мен педагогтардың 
жоспарланған немесе өткізетін оқудан тыс шараларынан хабар-
дар ететін құралдарды, сынып жетекшілері іс-əрекетін қолдайтын 
ақпараттық құралдарды, жаппай мəдени жəне спорттық шараларды 
өткізуге қажетті ақпараттық құралдарды, оқу мекемесіндегі оқудан 
тыс іс-əрекетті басқару құралдарды, оқушылардың оқудан тыс 
қарым-қатынасын ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын қамтуы 
тиіс.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын кеңінен 
қолдану саласы оқу мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқару 


278
іс-əрекеті болып табылады. Оны автоматтандыруға бірқатар 
программалық жүйелер жəне шаблондар, сондай-ақ білімді жо-
спарлаушы, бухгалтерлік есеп жүйелері, оқу жүктемесін жəне та-
рификацияны есептеу құралдары, мұғалімдер, оқушылар, оқыту 
құралдары жəне т.б. туралы электронды мəліметтер қоры пайдала-
нылады. Модельдеуде, жобалауда жəне ақпараттық білім ортасын 
құрастыруда ақпараттық ресурстарды кіріктіретін оқу мекемесінің 
ұйымдастырушылық-басқару іс-əрекеті аясында ақпаратты өңдеу 
мен тасымалдауды автоматтандырылған арнайы компоненттерді 
ерекшелеу маңызды. 
Ақпараттық-білім ортасын қалыптастыру оқу мекемесінің 
барлық саласын қамтиды, білім беру үрдісінің көрсеткіштерін жан-
жақты талдау үшін қосымша жағдайлар жасайды, жалпы орта білім 
беру жүйесінің жағдайы туралы, ондағы сандық жəне сапалық 
өзгерістер туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.
Ортаны құруда мамандармен ақпараттық ресурстарды 
біріктіру үшін арнайы ерекшелену жүйесі дайындалуда. Мұндай 
ерекшелену ақпараттандыру-білім беру ортасында қамтылатын 
барлық Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын 
практикалық дайындауда есепке алынуы тиіс. Мұндай ерекшеле-
ну ақпараттық ресурс басқа да жалпы қабылданған талаптармен 
бірге меңгеруге тиісті оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы-
на толықтай енуіне арналған талаптар жүйесі болып табылады. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай 
талаптарға сəйкес келмеуі оның сапасыздығының куəлігі болып та-
былмайды, оның орта аясындағы толыққанды қолданысқа енгендігін 
қиындатады. 
9.2 Ақпараттық білім ортасының оқытудың 
əдістемелік жүйесіне əсері
Ақпараттық-білім ортасын пайдалану арқылы мектептегі 
оқу үрдісін ақпараттандыру нақты əдістемелік оқыту жүйесінің 
ерекшеліктерімен толықтай сəйкестікте жүзеге асырылады. Оқу 
үрдісінде қолданылатын ақпараттық ресурстар оқу мекемесінің 
басқа да іс-əрекеті аясын ақпараттандыру үрдісінде қолданылатын 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау