50
Иллюстрация – бұл:
- мəтінге басқа типтегі толықтаушы ақпарат енгізу (сурет немесе
əуен);
- тереңдетіп түсіндіру үшін мысалдар терминнің екі мағынасы
да тең дəрежеде қолданылады, қағаз жүзіндегі кітаптарда да,
электронды құралдарда да. Бұл термин қазіргі мультимедиа
құралдарында, ақпараттандыру жүйесінде кең қолданады,
яғни иллюстрация ақпарттандыру құралдарын қолданғанда
оқу материалын түсіндіруде көрнекілік, терең түсіндірме, қиын
тапсырмаларды жеңіл шешуде пайдаланылады. Мультимедиа
жұмысты қызықты да тез аяқтауға көмектеседі.
Мультимедиа құралдарында иллюстрация мысалдар түрінде
(соның ішінде мəтіндік), екі өлшемді жəне үшөлшемді графикалық
суреттер (суреттер, фотосуреттер, сызба, кесте, диаграмма) түрінде,
əуенді фрагмент, анимация жəне бейнефрагмент түрінде берілуі
мүмкін.
Білім беру жүйесіндегі мультимедиа құралдарының түрлері
өзгеріп жатқанымен ондағы иллюстрация өзгерген жоқ. Бағдарлама
өзгерседе бұрыннан пайдаланылып келе жатқан иллюстрация жаңа
түрлеріне де сəйкес келе береді. Бұл команда əдеттегі кітаптарды
басып шығаруда кеңінен қолданылады. Кітаптарды басып шығару
орталықтарында иллюстрациялау элементтерінің арқасында бас-
пахана арнайы элементтері жасалады, əрине баспахана өзінің
физиологиялық жағымен келісіп барып анықтайды.
Қазіргі уақытта оқу пəні мен білім жүйесіне байланысты
мультимедиалық энциклопедиялар да дайындалды. Жағдайына
байланысты жаттықтырушы ойындар да бар. Ол арқылы оқушы
жүйемен кең таныса алады, оқу үдерісін ұйымдастырады, жаңа
əдістерді қолдана алады.
Мультимедиа өзінің интербелсенділігі, тереңдігі, əртүрлі
оқыту ақпараттарын интеграциялау сияқты сапасына жəне
қасиетіне, сонымен бірге дербес ерекшелігін бағалауына, мотива-
цияны көтеруіне байланысты ең тиімді оқыту технологиясы болып
табылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының интер-
белсенділігі пайдаланушыға, оқушы мен оқытушыға құрыл-
ғылармен өзара белсенді түрде тіл табысуына мүмкіндік береді.
Интербелсенділік арқылы пайдаланушыда оқу диалогы пайда
болады. Диалогтың бір жағы – пайдаланушы болса, екіншісі –
51
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құрылғысы болып табыла-
ды.
Интербелсенділікті қолдану ең бір жоғары бағаланатын муль-
тимедиа құрылғыларының командасына жатады. Интербелсенділік
арқылы белгілі бір дəрежеге дейін ақпаратты басқарып отыруға бо-
лады: оқушылар өз алдына жобаларды ауыстыра алады, нəтижелерді
оқи алады, сонымен бірге бағдарламаның оқушының орындап
жатқан тапсырмаларына қойған сұрақтарына жауап бере алады.
Оқушылар материалдың экранға шығу жылдамдығын орната ала-
ды, қайталау саны жəне басқа да параметрлерді басқарып отырады.
Осыдан мультимедиа технологиясының қаншалықта терең екенін
түсінуге болады.
Мультимедиа технологиясымен ақпараттың көптеген түрлерін
гармондық жəне маңыздылық жағынан интеграциялауға болады.
Бұл компьютер көмегімен төмендегі əртүрлі пішіндегі ақпараттарды
көрсете алады деген сөз:
- сурет, фотосурет, сызбалар, карта мен слайдтар (оның ішіне
сканерленген суреттерде кіреді);
- дауыстық жазбалар, дыбыс эффектісі жəне музыка;
- бейне, қиын бейнеэффекттер;
- анимациялар.
Білім беру жүйесінде мультимедианың тиімділігін келтірілген
көптеген мысалдар арқасында көруге болады.
Мысал. Мультимедиа арқасында суреттер жəне анимациялар
көмегімен жасалған презентациялар өте көзге тартымды көрінеді.
Жай жазылған мəтінге керекті эффектер беру арқылы оқытылатын
материалды толықтырып, оқытудың тиімділігін арттырады.
Мысал. Мультимедианы қолдану оқушыларға физика немесе хи-
мия сабақтарынан мектеп жағдайында шеше алмайтын тапсырмала-
рын шешіп, біраз тəжірибе жинауына мүмкіндік береді.
Мысал. Мультимедиа көмегімен басқа жаңа ақпараттарға
ауыстырылуға болады, яғни оқушыларға оқытылып жатқан
курсының тарихын, мұражай экспонатын немесе ескерткіштерді сы-
ныптан шықпай-ақ көрсете алады.
Мысалы, ұшақтарды дайындауда қазіргі заманға сай ұшақтарды
арнайы мультимедиалық жаттықтырусыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Модельдеу шынайы жағдайда интербелсендікті болашақ ұшқыштар
үшін талап етіледі. Мультимедиада адамдардың оқу стилі,
қабылдауы əртүрлі болып келеді. Кейбір білім алушылар оқулықты
52
таңдаса, ал біреуі ауызша тыңдап есте сақтағанды, ал біреулер тіпті
бейне роликтерді қарағанды жөн санайды. Мультимедианы
қолдану барысында білім алушы қалай жұмыс істеу керек екенін
өзі шешеді. Олар өз қызметкерлерімен бірлесіп, жұмысты бірге
атқарады. Осындай жағдайдан соң, білім алушылар белсенді
болады. Мультимедиамен жұмыс істеу барысында ақпараттық
білім, яғни білім алушылар оқу үрдісін өзінің қабілеттілігімен
меңгереді. Өздеріне қажетті материалдарды, қызықтыратын ма-
териалдарды өздерінің қалауынша қарай беруіне болады. Осын-
дай жағдайда білім алушылардың мультимедианы пайдалануының
өзіндік стилі, жəне бір ретпен оқу сияқты үрдіс орындалады. Муль-
тимедиамен тез арада бірнеше көрнекті оқу үдерісін жүзеге асыруға
болады.
Мультимедиа құралдарын білім беруде қолдануға қатысты
артықшылықтар қатарына келесілерді жатқызуға болады:
- оқыту үрдісінде оқушылардың бірнеше қабылдау каналдарын
қолдану, яғни əртүрлі сезім мүшелері арқылы қабылданатын
ақпараттарды интеграциялау негізінде қол жеткізіледі;
- күрделі, қымбат немесе қауіпті нақты эксперименттерді мо-
дельдеу мүмкіндігі;
- үрдістерді динамикалық түсіндіру негізінде ақпаратты көрсету;
- микро жəне макроəлемдегі нысандар мен үрдістерді көрсету;
- оқушылардың когнитивтік құрылымдары мен интерпретация-
сын дамыту мүмкіндігі.
Мультимедиа құралдары оқыту үрдісін жақсарту үшін, соны-
мен қатар нақты пəн аясында, сонымен қатар бірнеше пəнаралық
байланыстағы пəндерді оқытуда пайдаланылуы мүмкін.
Білім беру жүйесінің тиімділігіне оқыту үрдісінің барысы
өтетін орта əсер етеді. Бұл ұғымға оқыту үрдісінің құрылымы,
оның жағдайы жəне қолжетімділігі (қоғам, кітапханалар,
мультимедиалық ресурстар орталықтары, компьютерлік зертхана-
лар жəне т.б.) кіреді.
Мұндай жағдайда білім беруді ақпараттандырудың мульти-
медиа құралдары бірнеше оқыту құралдарының ішіндегі біреуі
ретінде қолданылуы мүмкін. Мұндай орта оқушылардың оқып-
үйренетін пəндік білім аясында ойлануға, барысы мен нəтижесі
туралы талқылауға мүмкіндік беретін жəне өз сыныптастарымен
мұғаліммен диалогқа түсетін бірнеше білім беру жобаларында
қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |