328
программалық жабдыққа қарай іске асады. Көбіне телефон жəне
электрондық пошта жиі қолданысқа ие.
Зертханалық жұмыстар. Бұл оқыту түрі техникалық
мамандыққа оқытуда көптеп қолданылады. Оларды, компьютерлік
желіні жеке зертханаға орнатуда немесе орталық компьютерге қосуда
қолжетімділік мүмкіндігі болған жағдайда, эксперимент жүргізгенде
немесе зертханалық тəжірибені «үйге» орнату мүмкіншілігі арқылы
жүзеге асырады.
Бақылау шаралары. Білім беру кезеңінде оқушының оқу мате-
риалын теориялық жəне тəжірибелік нəтижесін қаншалықты жетік
меңгеруін бақылаумен, тексерумен қорытындыланады.
11.4 Электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері
Электрондық оқытуды ұйымдастыруда оқыту үдерісін
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін электрондық оқыту ортасын
таңдау маңызды рөл атқарады. LMS\LCMS-ді (Learning Management
System) таңдаудың негізгі белгілеріне келесілер жатады:
-
функционалдылық. Жүйеде əрдеңгейлі қызметті, атап айтқанда,
форумдарды, чаттарды, оқушылардың белсенділік талдама-
сын, курстарды жəне оқушыларды басқаруды жəне басқа да
жинақтауларды білдіреді;
-
сенімділік. Бұл қасиет басқаруды ыңғайлау жəне қолданыста
бар үлгі қорында контентті жаңарту қарапайымдылығын
білдіреді. Басқару ыңғайлылығы жəне ішкі əсерлерден қорғау
жүйеге қолданушылардың қарым-қатынасына, оларды пайда-
лану тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізеді.
-
тұрақтылық. Жұмыстың əртүрлі режимдеріне жəне
қолданушылардың белсенділік деңгейіне қатысты жүйе
жұмысының орнықтылық деңгейін білдіреді;
-
құн. Жүйенің өз құны мен оны енгізу, курсты дайындау жəне
жүргізу құндары қоса алынады;
-
тыңдаушыларға (студенттерге) лицензия санына шектеудің
болуы немесе болмауы;
-
контентті дайындау құралдарының болуы. Оқу контентінің
кіріктірілген редакторы курсты дайындауды жеңілдетіп қана
қоймай, сондай-ақ əртүрлі саладағы оқу материалдарын
біріктіріп көрсетуге мүмкіндік береді;
329
-
SCORM көмегі. SCORM стандарты электрондық курстармен
алмасудың халықаралық негізі болып табылады жəне оның
жүйеде болмауы жинақылықты төмендетіп, тасымалдау курс-
тарын құруға мүмкіндік бермейді;
-
білімді тексеру жүйесі. Онлайн режимінде оқушылардың
білімін тексеруге мүмкіндік береді. Əдетте мұндай жүйеге
тесттер, тапсырмалар жəне форумдардағы оқушылардың
белсенділік деңгейін тексеру кіреді.
-
қолдану ыңғайлылығы. Жаңа жүйені таңдауда оны қолдану
ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек. Əлеуметтік оқушылар
қолайсыз болып көрінген немесе қозғалту барысында қиындық
туғызған технологияны қолданбайтындықтан, бұл маңызды
параметр. Оқыту технологиясы интуитивті түсінікті болуы
қажет. Оқыту курсында көмек мəзірін табу, бір бөлімнен екінші
бөлімге көшу жəне құрастырушымен қарым-қатынас оңай
жүзеге асырылуы керек;
-
модульдік. Электрондық оқытудың қазіргі заманғы жүйелерінде
курстың құрамы басқа курстарда пайдалануға болатын микро-
модульдер немесе оқу материалдарының блоктарынан тұрады;
-
қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оқушылар кез кел-
ген уақытта, кез келген жерден оқу программасына кірерде
кедергілерге тап болмауы қажет, сондай-ақ олардың жеке
бас кемтарлықтары да қарастырылуы тиіс (ағзаның шектеулі
қызметі, көзінің нашар көруі). Сондай-ақ программалық
жабдықтың шектеулі ортасын пайдаланатын «ертеңгі күн»
технологиясын қолдану əлеуметтік қолданушылар ортасын
айтарлықтай азайтады;.
Электрондық оқыту ұйымдары жүйелерін талдау жəне
жіктеу
Электрондық оқыту ұйымдарының түрлі құралдарының ішінен
келесі топтарды бөліп алуға болады:
-
авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages),
-
контентті басқару жүйелері (Content Management Systems -
CMS),
-
оқытуды басқару жүйелері (Learning Management Systems -
LMS),
-
оқыту контентін басқару жүйелері (Learning Content
Management Systems - LCMS)
330
Авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages)
Авторлық өнімдер оқытушылар программалау тілдерін
қолдану барысында кездесетін қиындықтарды жою үшін арнайы
дайындалған. Бұл программалар əдетте оқытушыларға визуалды
программалау ортасында өз бетімен оқу контентін құруға мүмкіндік
береді. Кодтау сцена артында орындалады. Оқытушы тек қажетті
ақпаратты керекті орынға орналастырумен ғана айналысады. Бұл
ақпарат мəтін фрагменті, иллюстрация немесе бейнефрагмент
түрінде экранға тінтуір көмегімен орталастырылады.
Бұл өнімдердің кемшілігі оқыту үдерісін жəне барлық
оқушылардың үлгерімін уақытымен бақылай алмау болып та-
былады. Ереже бойынша олар оқу үдерісі жайлы ақпаратты ұзақ
уақыт сақтауға емес, оқушымен тез кері байланыс орнататын сабақ
дайындауға арналған.
Дегенмен, мұндай программалардың көп бөлігінде бір уақытта
оқушылар арасында байланыс орнату құралдары жоқ. Əдетте
онда чаттарды, талқылауларды немесе екіжақты аудио алмасуды
ұйымдастыру мүмкін емес. Интербелсенділік те əдетте шектеулі.
Байқап отырғанымыздай, мұндай жүйелер электрондық оқыту
ұйымдарының кейбір мəселелерін ғана шешеді.
Контентті басқару жүйелері (CMS)
Контентті басқару жүйелері гарфикалық, дыбыстық, аудио, бей-
не, мəтіндік жəне басқа да файлдардың каталогтарын құруға жəне
оларды басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйеде оқытушыға
немесе құрастырушыға өзіне қажеттіні тез табу үшін кілт сөздер
арқылы іздеуге мүмкіндік беретін мəліметтер қоры бар.
Контентті басқару жүйесі, əсіресе, біршама оқытушылар курстар-
ды дайындап жатқан жағдайларда тиімді, олар оқу материалдарының
үзінділерін əртүрлі курстарға пайдаланып отырады. Бұл курстарды
аз уақытта дайындауға мүмкіндік береді, мысалға, бизнесменнің
жаңа суретін өңдегенше, оқытушы оны дайын суреттердің ішінен
тауып алып қоюына болады.
Мұндай жүйелер Web-сайттарды, оқыту материалдары бар
порталдарды жасауға ыңғайлы, бірақ, толық қашықтықтан оқыту
жүйесін ұйымдастыруға олар қолайлы емес.
Оқытуды басқару жүйесі (LMS)
Электрондық оқытуда, басқа оқыту үдерістеріндегі сияқты
мазмұндық бөлімімен қатар ұйымдастыру компоненті болады. Курс-
Достарыңызбен бөлісу: |