322
жабдықтардың барлығын ығыстырады. Сонымен қатар, Интернет-
технологиясы басқа да ақпараттық технологиялардан тұрады. Мы-
салы, телефония Интернеттің бір құрамдас бөлігі болып келе жатыр.
Қашықтықтан оқытудың əдістері мен құралдары
Электрондық оқыту технологиясы жоғарыда айтылып кеткен-
дей, нəтижелі мақсатқа жету жолындағы тарамдалған белгілі бір
жүйелер формасынан, əдістер мен оқу құралдарынан тұрады. Со-
нымен қатар, оқу мазмұны құрамы, құрылым жəне оқытудың
ақпараттық мазмұны, сондай-ақ, тапсырмалар кешені, тапсырмалар
мен жаттығулар, мамандыққа бағытталған алғашқы тəжірибенің
жинағы, білімді дағдыға айналдыру ретінде қарастырылады. Осы-
лайша, көзделген мақсатқа нəтижелі жету жолындағы техноло-
гия дидактикалық ғылыми білімге қолдануға, ғылыми талдауға
бағытталады.
Төменде ЭОТ мазмұнын құраушы əдістер, құралдар жəне
формалардың элементтері көрсетілгін.
Электрондық оқытудың əдістері
Оқытудың əдістері оқытудағы қойылған мақсатқа жету
жолындағы мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты
орнату жүйелерін ұсынатын, теориялық анықтама беретін
дидактикалық категориялардан тұрады. «Əрекеттесудiң
нормаларының жүйесi» сөз тіркесі мұғалімнің қызметін көрсетіп
отыратын əрбір оқыту əдістерін жəне оқушының адекватты іс-
əрекетін көрсетеді дегенді білдіреді. Электрондық оқыту түрі де
дəстүрлі оқыту секілді оқытудың бес жалпы дидактикалық əдістер
қолданылады: ақпараттық – қосымша, репродуктивті, проблемалық
мазмұндама, эвристикалық жəне зерттеу. Бұлар мұғалім мен оқушы
арасындағы өзара байланыстың барлық педагогикалық актілерінің
жинағын қамтиды.
Электрондық оқыту жүйесінде белгілі бір пəндік мате-
риалды оқыту кезеңінде түрлі мақсатқа бағытталған, түрлі
дидактикалық əдістер қолдану арқылы жалпы дидактикалық
əдістермен оқытылуы мүмкін. Электрондық оқыту жүйесінде АКТ
құралын пайдалануға түрлі мұғалім (оқыту барысында) əдісі не-
месе тыңдаушы (оқу барысында) əдісі қолданылса да, ол жалпы
дидактикалық оқыту тəсілінің материалдың негізгі құрамдас бір
бөлігі болып табылады.
323
Дəстүрлі дидактикалық оқытуда қолданылатын оқыту жина-
ғының 24 атауы бар. Электрондық оқыту үшін, келесідей тəсілдер
қолдану кеңес беріледі: демонстрация, əшекейлеу, түсіндірме,
əңгіме, сұхбат, жаттығулар, тапсырмалар шешімі, жазба жұмыстары,
қайталау.
Қазіргі уақытта компьютер желілерінің дидактикалық
мүмкіншіліктері электрондық оқытуды жəне жобалау əдіс-
терімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл компьютерлік
телекоммуникацияның көмегімен құралған, əдіс-тəсілдері
ортақ, мақсаты бір, жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқушының
жетістік көрсеткішін анықтайтын оқулық – танымдық, шығар-
машылық жəне ойын түрлері қызметін көрсетеді. Жобалау əдісі
бойынша жүргізілген оқыту кезеңінде оқушы тəжірибелік тапсыр-
маларды орындау барысында жəне жобалау кезеңінде дағдыға ай-
налдырып, білімді меңгеру сапасы артады. Желілік оқыту кезеңінде
келесідей:
- тақырыптық оқыту жобалары;
- желілік олимпиадалар жəне конкурстар;
- желілік кеңестер жəне бейнелектор;
-
желілік тақырыптық конференциялар сияқты түрлері
қолданылады.
Электрондық оқыту құралы
Электрондық оқыту құралының пайда болғанына көп болғанына
қарамастан, оған қолданылатын əдістер мен құралдар жеткілікті.
Электрондық оқыту құралы деп жалпылай Интернет желісіндегі
барлық материалды атасақ болады: кез келген сайт, электрондық
пошта, форум, құжаттармен алмасу жүйесі, жедел хабарламалар
жəне т.б. Бірақ оқытуды орнықты жүйелендіру үшін электрондық
жəне қашықтықтан оқыту секілді арнайы жүйелер құрылған (ҚОЖ).
ҚОЖ e-learning ұйымына қажетті барлық негізгі құралдары мен оның
мүмкіншіліктерін топтастырады. Мұның негізгі жетістігінің бірі Ин-
тернет желісінде тек материалдарды жариялағанмен салыстырғанда,
мұнда курстан өткені жайлы статистика жинағы жəне басқа да
мүмкіншіліктер қамтылады.
Электрондық курстар
Электрондық оқытудағы негізгі қолданылатын (міндетті емес)
құрылғының бірі-электрондық курстар. Курстарға қатысу арқылы
оқушы білім алады жəне дағдысы қалыптасады. Электрондық
324
оқытудағы қолданылатын басқа да оқыту құралдары əдетте
электрондық курстарда сəйкестендіріліп қолданылады. Оны жеке-
лей алып қолдану олардың тиімділігінің сапасын төмендетеді.
Электрондық курс кең көлемді элементтерден құралған диапа-
зоннан тұрады: ақпараттық слайттар; программалық қамтулармен
жұмыс; интербелсенді жаттықтырушылар; тесттер жəне т.б.
Жүргізілетін электрондық курстар білім, білік мен дағды
қалыптастырумен қатар, мұнда электрондық оқыту қалай жүргізілуі
керек екендігі жайлы қосымша ақпараттар алуға болады. Көптеген
жағдайда электрондық оқытудың кезеңінде оқушы бір бөлімнен
басқа бөлімге өту арқылы электрондық курстан өтетіні секілді өзіндік
ережелері бар. Мұндай ережелер жинағын əдетте электрондық
оқытудың траекториясы деп атайды.
Электрондық курстың негізгі сипаттамаларының бірі, ол
электрондық оқытудың заманауи орта стандартына сай болуы.
Бүгінгі таңда кеңінен таралған электрондық оқытудың стандарттық
түрі – SCORM болып табылады.
Өзара əрекеттесу ұйымы
Электрондық оқытуды жүргізу кезеңіндегі негізгі əдістердің
бірі – мұғалім мен оқушы арасындағы өзара əрекеттесу ұйымы. Бұл
тапсырманы орындау кезеңінде қолданылатын құралдар жинағы өте
мол.
Олардың арасынан кеңінен тарағандары: электронды пошта; чат;
форум; блог; бейне- жəне аудиоконференциялар.
Видео- жəне аудиоконференциялар көбіне жекелей тақырыптағы
жүргізілетін семинарларда қолданылады. Мұндай семинарлардың
нəтижесінде оқыту барысында оқушы қиындық тудырып жүрген
көптеген сұрақтарына жауап табады.
Виртуалды сынып бөлмесі
Пəнді күрделі жəне кең көлемді электрондық оқытумен
жүргізгенде виртуалды сынып бөлмесі секілді құрал пайдаланы-
лады. Электрондық оқытуда виртуалды сынып бөлмесін қолдану
қарапайым сыныпта секілді жекелей жəне топпен жұмыс жасауға
болады.
Оқушылар бір-бірімен сөйлесе алады; бірін-бірі көреді; бір-
біріне жазады; мұғалімге жəне басқа да сыныптағы оқушыларға
көрінетін виртуалды тақтаға жазады; өзінің материалдарына қол
жетімділігін арттырады; басқа қолданушының жұмыс үстеліндегі
программалық жабдықтармен жұмыс жасайды жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |