340
- оқу ақысының орта бағасының төмендеуі;
- динамиканы бақылап отыру мүмкіндігі жəне оқыту үрдісін
қатысусыз басқару.
Оқу мекемелерінде Naumen Learning-ді қолдану саласы
оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жəне оқу
курстарын басқару. Жүйе барлық оқу мекемесінле немесе жеке
бөлімшелерде, филиалдарда, факультеттерде жəне кафедраларда
қолданылуы мүмкін.
Шешілетін міндеттер:
- оқу мекемесінің электрондық архивін құру;
- оқушыларды қашықтықтан оқытуды жүргізу мүмкіндігі;
- оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушыларды электронды
тестілеу;
- оқушылардың үлгерімі туарлы аналитикалық есептерді құру
мүмкіндігі;
- кері байланыс жүйесін жəне оқу мекемесінің ақпараттан-
дырылған потенциалды жəне əрекет етуші тұтынушылар
қызметін құру.
J2EE платформасына негізделеді жəне операциялық жүйеге
бекітілмеген.
- «Униар» компаниясы дайындаған «ДОЦЕНТ» (Қашықтықтын
оқытушы орталық) автоматтандырылған қашықтықтан оқыту
жүйесі жоғары дəрежелі қашықтықтан оқытудың программалық-
əдістемелік құралдарының кешенін құрайды, сондай-ақ интер-
нет интранет технологияларына жəне білім берудің компьютерлік
оқытушы программалары жəне тестілеу жүйелеріне негізіндегі
қазіргі əдістемесіне негізделген тыңдаушыларды қайта даярлау жəне
тестілеу.
ДОЦЕНТ құрамына келесілер кіреді:
- таңдаушыларды қайта даярлау мен тестілеуге бағытталған
оқытудың автоматтандырылған қашықтықтан оқыту жүйесі;
- оқытушы жəне бақылаушы программаларды құрудың аспаптық
құралдары;
- берілген күрделілік бойынша жеке тестерді құру мен
генерациялауға арналған графикалық қабықша;
- есеп пен статистиканы, түрлі формадағы есепті енгізуге
арналған оқу орталығының орталықтандырылған мəліметтер
қорын сүйемелдеу құралы;
- оқытушы программалар жиынтығы;
341
- автоматтандырылған жұмыс орны: «Адмиистратор АЖО»,
«Куратор АЖО», «Оқытушы АЖО», «Тыңдаушы АЖО», Вир-
туалды оқу орталығының қызметін қамтамасыз ететін үрдіс.
Кемшілігі – пайдаланушыларда ҚОЖ интерфейсінде кедергілер
кездеседі, ҚОЖ қызметінің жеткіліксіздігі жəне Microsoft өніміне
тіркелуінде.
- e-Learning Server коропкалық өнімі Интернет/Интранетте өзіндік
оқу орталығын құруға жəне қашықтықтан оқытудың толықтай циклін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу орталығының сервисіне
келесілер кіреді: оқытушыларды, курстарды жəне білім алушы-
ларды электрондық деканатқа тіркеу, курстың, оқу жоспарының,
сабақ кестесінің материалдарын қалыптастыру; on-line дəрістер,
семинарлар, сынақтар, тестілеу, тренингтер жүргізу; білім алушы-
лар мен оқытушылардың конференциясы, чаттар, хабарландыру
тақтасы арқылы қарым-қатынасын қалыптастыру, сонымен қатар
кітапханаларды құру жəне əртүрлі типтегі статистиканы енгізу.
Модульдік архитектура, ашық код жəне құралдарды баптау жəне
интеграциялаудың қызметі негізінде e-Learning Server жылдым
кеңейтіледі. IMS жəне AICC-қа толықтырумен SCORM 2004 специ-
фикациясын қолдайды.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға
арналған ЖОО-на арналған нұсқасы, жүйенің ядросының қызметінен
басқа келесідей негізгі қасиеттерді қамтиды:
- мамандықтар мен бағыттарын жоспарлауды қалыптастыру (оқу
мекемесінің талаптарына сəйкесінше);
- мысалы, семестр аяқталғаннан кейін білім алушыларды топтық
аудару, есепке алу, оқудан шығару жəне т.б.,
- кредиттік жүйені сүйемелдеу (credit learning – Болон келісімімен
сəйкесінше).
Еркін таратылатын LMS\LCMS
OpenSource жүйесінің LMS\LCMS талдау негізінде келесілер
ерекшеленген: ATutor, Claroline, Dokeos, LAMS, Moodle, Sakai.
Сұрыптаудың негізгі көрсеткіштері жүйені қолдау дəрежесі жəне
көптілді сүйемелдеу болып табылады.
ATutor жеткіліктілік жəне бейімділік идеясын есепке ала отырып
дайындалған оқу контентін басқарудың еркін таратылатын web –
бағдарланған жүйесін білдіреді. Администраторлар бірнеше минут
342
ішінде Atutor-ды өңдей жəне инсталлизациялай алады жəне өзінің
жүйені безендіру шаблондарын дайындай алады. Оқытушылар on-
line сабақты жүргізу үшін оқу материалын жылдам жинақтайды,
мазмұнын құрылымдайды. Білім алушылар оқытудың бейімделген
ортасында жұмыс істейді.
Claroline (Classroom Online) – оқытушылардың тілегін есеп-
ке алу негізінде қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформа-
сы. Лувен университетінің католикалық педагогика жəне муль-
тимедиа институтында жасалған. PHP/MySQL/Apache орнатуды
талап етеді. Ол 2000 оқушыларға дейін қабылдай алады. Claroline
сабақты құруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды басқаруға
мүмкіндік береді. Қосымшасы викторина, форумдар, календарь,
құжатқа қолжетімділікті шектеу қызметін, сілтеме катологын, білім
алушылардың табыстарын бақылау жүйесін, авторизация модулін
қамтиды.
Dokeos-(fork) Claroline (версия 1.4.2.) тармағына негізделген
қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформасы. Тармақ
түпнұсқаны сол немесе басқа бағытта өзгерту мақсатындағы еркін
таратынатын программалық өнімнің клонын білдіреді.
Dokeos-Claroline дайындаушылардың алдыңғы командасының
кейбір мүшелерінің жұмысының нəтижесі, сондай-ақ олар
келесілерді ойлап тапты:
- қосымша бағытын өзгертуді. Енді олар университетке қарағанда
мекемелерде қолдануға ыңғайлы. Claroline үлкен көлемдегі
білім алушылар мен курстар санын сүйемелдеуде көрінетін
университеттік орта үшін жақсы бейімделген. Dokeos
кəсіби клиенттерге, мысалы, кəсіпорын қызметкерлеріне
бағдарланған.
-
платформаға арналған қосымша сервистер жиынын
ұйымдастыруға. Dokeos атауы қосымшаға да, сонымен қатар
платформаға: хостинг, интеграцияланған контент, қосымша
модульдер жасау, техникалық сүйемелдеу жəне т.б. əртүрлі
сервистер жиынтығын ұсынатын бірлестікке де жатады.
Тармақ жақын уақытта ерекшеленгендіктен, екі қосымша да қазір
бір-біріне ұқсайды, сондай-ақ олардың эргономикасында, интерфейс
құрылымында, функционалында қазірден бастап байқалатын кейбір
айырмашылықтар бар.
Moodle-online-сабақтар мен оқытушы web-сайттарды ұйымдас-
тыруға арналған жүйе. «Moodle» сөзі - «Modular Object-Oriented
Достарыңызбен бөлісу: |