Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет107/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113

325
Электрондық кітапханалар
Электрондық оқыту кезеңінде электрондық курстардан басқа 
қосымша материалдар да қажеттілігі туындайтын жағдайлар бо-
лады. Мұндай электрондық оқыту кезеңінде материалдардың 
қолжетімділігін оңтайландыру үшін жəне нəтижелі жылдам 
іздеу үшін электрондық кітапханалар құрылған. Сонымен қатар, 
электрондық оқыту кезеңінде оқушыларға электрондық кітапхана 
құқықтық-анықтамалық ақпарат ретінде ұсынылады.
Web 2.0
Соңғы уақытта электрондық оқыту құралын құруда Web 2.0 
құралы пайдаланылып келеді. Web 2.0 құралының айырмашылығы 
қолданушыларды бірнеше рет салыстырып тексеруге талпындыра-
ды. Бұған мысал бүкіл əлемдік виртуалдық энцеклопедия – Википе-
дия. Web 2.0 технологиясы сан алуан жерлерде қолданылады. Мы-
салы, оқушылар бірігіп тапсырмаларды ортақ орындайды. Мұндай 
жағдайда қорытынды баға əр оқушының белсенді қатысуына қарай 
қойылады.
Автономды оқыту 
Электрондық оқытудың дамуына бірден бір кедергісін тигізетін 
үдеріс -  аймақтарда байланыс каналдарының болмауы.
 Бұл оқыту кезеңіндегі online қарым-қатынасын жетілдіреді. 
Электрондық оқытудың жақсы байланыс каналдарының жетіспеу 
мəселесінің шешімі оқу контенті (қашықтықтан оқыту) оқушылардың 
ақпарат жүктемелер арқылы жеткізілуі (мысалы, CD-ROM).
Қашықтықтан оқыту формалары
Дидактиканың түйінді сипаттамасы оны оқытудың əдісі 
мен құралы болады. Олар оқытудың талаптарына сай материал-
дық-техникалық мəліметтер қоры болған жағдайда оқытудың 
мақсаттық талаптарын қамтамасыз ете алады жəне мұғалімге 
сабақ өту формасын ұйымдастырып, сабақ формасын таңдау 
еркіндігін береді. Электрондық оқытуда білім беру барысы ереже 
бойынша кезектесу арқылы уақыттың жанасқан жəне жанаспаған 
кезеңінен тұрады. Олардың атқаратын қызметтері əртүрлі. Кей 
жағдайда оқыту барысында жанасқан кезеңнің мүлде болмауы да 
мүмкін.
Педагогикалық тəжірибеде дəрістер, семинарлар, зертханалық 
жұмыстар, бақылау жұмыстары, курстық жұмыстар, сынақтар, эк-


326
замендер, кеңес берулер, өзіндік жұмыс жəне т.б. секілді оқытудың 
тиімді формалары шығарылған. Мұның бəрінің ҚОЖ специфика-
сында оқыту кезеңінің жанасқан немесе жанаспаған түрлерінде 
белгілі бір анықталған орыны бар.
Төменде электрондық оқытудың формасы ретінде қарастырылған, 
оқытудағы ҚОЖ каноникалық формалар тізімінде қолданылатын си-
паттамалар көрсетілген.  
Дəрістер.  Олар оқыту кезеңіндегі оқушылардың теориялық 
негіздерінің даярлығын жасайтын негізгі оқыту формаларының бірі. 
Мақсаты – пəн бойынша ғылыми білім негіздерін жүйелендіріп беру, 
мəселелерді шешу, белгілі бір аймақтық ғылым мен техниканың 
жағдайы мен өрлеу перспективтерін анықтау, күрделі жəне түйінді 
сұрақтарға көңіл аударып, жинақтау.
Дəрістің əдістемелік жағдайда қолданылуы оқыту материа-
лындағы жүйелі мəселелер жинағын мазмұндап ұсыну. Жүйелі 
дəріс курсында оқыту программасы кезектесе отырып дəстүрлік, 
кіріспе, орнатылатын, біркелкі, мысалдар жəне қорытынды 
дəрістерден тұрады. Электрондық оқытуда орнықты дəрістің маңызы 
зор.
 Дəріске қойылатын жалпы талаптар ҚОЖ-да сақталады. 
Бұл – ғылымилық, қолжетімділік, форма мен мазмұнның тұтас-
тығы, басқа оқыту пəндерімен байланыстың шектеулігі. 
Мазмұндаманың əсер етушілік қасиеті мен талаптары да ау-
дио- жəне бейне- түріндегі, тіпті «электрондық дəрістерде де» ар-
найы белгілердің көмегімен мəтіндік файл ретінде ұсынылып, 
толығымен қанағаттандырылады. Электрондық оқытудағы дəрістер  
шынайы жəне «шынайы емес» уақытта, жалпылай жəне жекеше 
жүргізіле береді. Жалпылай жүргізілетін дəрістерді теледидарлер 
қолданылады. Компьютерлік бейнеконференциялар жекелей оқыту 
түрінде, ал жобалау техникасы болған жағдайда – экранда компью-
тер мониторындағы кескінді жобалау үшін жəне жалпылай оқытуда 
қолданылады.
ҚОЖ-да жүргізілетін дəріс тəсілдері сан алуан. Əрине, оның 
ішінде тиімді болып табылатын мəтіндік түрдегі жүргізілетін 
дəрістер («электрондық дəрістер»). Олардың келесідей 
артықшылықтары бар. Оқушының оқу барысында түсініксіз, оқудың 
екшелеу, талдау кезеңіндегі түсінбеген жағдайларын бірнеше рет 
сұрақ қойып білуге мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, мəтінде 
мазмұнның жалпы құрылымын көруге ыңғайлы. Мəтіндік мате-


327
риалды оқытудан кейін қалған басқа да сұрақтары, ереже бойынша, 
терең мазмұнды, құрамдас формалы, дəріс соңында материалдың 
маңызды талқылануы жəне оның мағынасы секілді негізгі қасиеттер 
қалыптасады. Жалғыз ғана, мұнда психологиялық көзқарас бойын-
ша лектормен қарым-қатынасқа түсу кезеңінде оқушы сасқалақтап 
қалады.
Мұғалімнің хабарламасы арқылы алынған материалға қарағанда, 
жазба түріндегі алынған материалмен алғаш танысу тиімді. Мұнда 
дидактикалық тиімді нəтиже, материалмен танысқаннан кейін, мы-
салы,  электрондық пошта арқылы мұғалімнен кеңес алу секілді 
тəсіл береді.
Семинарлар.  Барлық пəндерде белсенді, кеңінен қолданысқа 
ие болып табылатын оқыту формаларының бір түрі. Семинарлар 
ереже бойынша, шынайы шығармашылық талқылаулардан өтіп, 
қарастырылып отырған тақырып бойынша серіктестік пікірсайысқа 
түсу негізінде құрылады.  Қазіргі таңда педагог ғалымдардың 
зерттеуі бойынша семинарлық оқытудың кемшілігі – оған барлық 
тыңдаушылар белсенді араласпайды, шығармашылық дискуссия-
лар барысында, сұрақтарды даярлауда жəне алдын ала болатын 
қойылымдарға қатыспайды.
Электрондық оқытуда семинарлар компьютерлік  бейне- жəне те-
леконференциялар ретінде жүргізілуі мүмкін. Педагогикалық аспект 
бойынша бейне түрінде жүргізілетін конференцияларда да дəстүрлік 
семинарлар секілді қатысушылар компьютер мониторынан бір-бірін 
көріп отыратындықтан  айырмашылығы жоқ. 
Мұндай онлайн семинарлардың (немесе вебинар) тиімділігі əр 
жерде орналасқан көптеген адамдармен шағын уақыт аралығында 
оқыту кезеңін жүргізуге қолайлы. Сонымен қатар, вебинар 
көшірмесін жасап, вебинарға қатыспаған оқушылар қайталап көру 
мүмкіншілігі бар.
Кеңес берулер. Бұл – оқушының оқыту материалын жекелей 
зерттеу кезеңінде туындаған мəселелерге жетекшінің көмек беруі. 
Кеңес берулер жекелей жəне топпен жүргізілуі мүмкін. Кеңес беру 
кезеңінде тыңдаушының жекелей қасиеттері (интеллектуалды, 
моральдық қасиеттері, психикалық мінез-құлқы жəне оқушының 
көңілі, есте сақтауы, елестету жəне ойлау қабілеті) байқалады.
ҚОЖ-да негізінде телефон, электрондық пошта, бейне- жəне 
телеконференциялар секілді кеңестер қолданылады. АКТ құралын 
таңдау мұғалім мен оқушының жұмыс орнындағы аппараттық-


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау