304
Соңғы уақыттарда e-learning 2.0 термині көптен таралуда. Ол
Web 2.0 технологиясын қолданумен байланысты электрондық
оқытуды ұйымдастыру ортасындағы үдерісті көрсетеді. e-learning-
нен басты айырмашылығы қашықтықтан оқыту курсын қолдану,
білім алушыларға оқытуды жүргізу мақсатында жеткізіледі жəне
e-learning 2.0 Web 2.0 құралының блогтар, wiki, əлеуметтік желілерін
қолдануды мақсат етеді.
Электрондық оқыту (e-learning) – бұл, коммуникациялық жəне
ақпараттық технологиялардың қазіргі құралына мультимедиа
құралдарына, бейне байланыс құралдарына сүйене отырып, оқытушы
мен білім алушы, білім алушылардың өзара əрекеттестіктерінің
басқаша формасын ұсынатын арнайы оқыту формасы. Басқада
оқу формасы секілді, əрбір оқу жүйесі тəрізді компонентті
құрамы: мақсаттан, барлық оқу формаларына шартталған əлеу-
меттік тапсырыстан, мазмұннан, əр түрлі əрекеттестіктегі
анықталған бағдарламалардан, оқу мекемесіндегі нақты стандарт-
тардан, əдістерден, ұйымдастыру формаларынан, оқу құралдарынан
тұрады.
Е-learning-нің артықшылықтары мен кемшіліктері
Е-learning–нің дəстүрлі оқытумен салыстырғандағы басты
артықшылықтарының бірі, жекелілік болып табылады, білім
алушылардың оқыту материалдарын таңдау мүмкіндігінің бар
болуы, оқытудың интеллектуалды жүйесі деп аталатын шапшаң-
дықты реттеу жəне оны игеру уақытының бар болуы. Оқу ақпара-
тының берілуінен жəне білімнің меңгеруін бақылауынан оқыту-
шыларды босатады, əрбір білім алушымен жекелей оқытуға
уақыт табылады, ал қазіргі электрондық пошта сияқты
коммуникациялық технология құралдары бұл қатынасты ыңғайлы
əрі жылдам етеді.
Е-learning технологиясын қолдану білімді бағалау, дағдысы
жəне дəрежесі жайлы қажетті ақпаратты толығырақ алуға мүмкіндік
береді, сонымен қатар сұрақтарға кеткен уақыт жайлы, амалдар
саны, үлкен қиындықтар туғызған сұрақтар мен тапсырмалар жəне
т.б. көрсетеді. Осындай ақпараттарды ала отырып, өтіліп жатқан
оқытуды басқаруды əлдеқайда жеңілдетеді.
Е-learning-нің маңызды артықшылығы осы бағдарламаны
қолдана отырып, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды оқыту үшін
305
қолданылуы болып табылады. Сонымен қатар бұл электрондық
оқыту дəстүрлі күндізгі оқу формасына өз себептеріне байланыс-
ты келе алмайтын азаматтарға сапалы білім беру мүмкіндігін
береді. Мысалы, тұрғылықты жерінде сапалы білім беретін оқу
орнының жоқтығы. e-learning-нің тағы да бір артықшылығы
бұл өндірістен ажырамай оқу мүмкіндігі, сонымен қатар
дəстүрлі күндізгі оқумен салыстырғанда бағасы тиімді болады.
Алғашқы жоғарғы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан,
электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда
əлдеқайда арзан.
e-learning-ді қолдану артықшылықтарының арасынан ақпаратты
жақсы меңгеру бағытындағы педагогикалық артықшылықтарды
бөліп көрсетуге болады:
- Қолжетімді оқу құралдарының əртүрлілігі. e-learning элек-
тронды оқытуды қолдану барысында оқу ақпаратын əр түрлі
əдіспен ұсыну оқытушы үшін шек қоймайды: дəстүрлі иллю-
страциялар мен бейнероликтертерден бастап, анимациялық
схемаларға дейін қолданылады.
Барлық осы құралдар дəстүрлі күндізгі оқытуда да қолданыла
алады, алайда ол көп қолданылмайды, ал e-learning де бұл міндетті
түрде қолдануды талап етеді. Нəтижесінде, бұл электрондық оқыту
дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда өте тиімді болып табы-
лады.
- Қолданылған технологиялардың икемділігі. Интербелсенді
курстың қолдану аясы шектеусіз. Оқытушы қойылған
тапсырмаға байланысты мультимедиалық материалды əр түрлі
бағытта бере алады: автономды құрал, тақырып бойынша
анықтамалық, дəріске қатысты материалдар, білімді бақылау
жүйесі жəне т.с.с.
Қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану негізіндегі
интербелсенді курстардың жоғарғы сапалы жұмысымен байланысты
техникалық артықшылықтарды да бөліп айта кеткен жөн. e-learning-
нің білімдегі техникалық артықшылықтарына мыналар жатады:
Оқу материалдарының сандық табиғаты.
- Тарату. Дербес компьютерлер немесе басқада интербел-
сенді құралдарды қолдану үшін оқу курстары құрылады.
Баспа сөз басылымдарынан айырмашылығы мəліметтерді
тасушылар (аудио жəне бейнедисктар, кассеталар),
интер-белсенді материалдарды физикалық тасымалдау-
306
шылардың еш қатысынсыз, мысалы, Интернет арқылы тараты-
ла алады.
- Өзектендіру. Əр бір жаңа мəліметтер, толықтырылған
мəліметтер немесе өзгертулер, сонымен қатар фактілік жəне
техникалық түзетулерді қайта басып шығармаса түзетуге бол-
майды (оқулық, диск, бейнелекция). Мультимедиялық курс
абсолютті ыңғайлылық пен қысқа уақыт ішінде жəне ешқандай
шектеусіз өз мазмұнын өндіруге мүмкіндік береді.
- Интеграция. Интернеттің дамуымен жəне байланыс желілердің
ауқымының өсуімен, оқу материалдырының дəстүрлі фор-
масынан бұрын мультимедиалық материалдардың басты
артықшылығы минималды шығындармен ақпаратты шексіз та-
рату мүмкіндіктері бар. Осындай өзгешелікпен қашықтықтан
оқыту кешені қазіргі уақытта таратылуда, дəстүрлі – күндізгі,
кешкі, сырттай жəне жедел оқыту формалары дербес формасы-
на айналуда. Сонымен, e-learning-ді қазіргі оқу жүйесіне енгізу
қажетті буын болып барады.
- Кең қолжетімділік. Қашықтықтан оқыту жүйесін қолданғанда
немесе онлайн курсын өтуде төменгі немесе орта буынды дер-
бес компьютерді қолдана білу жеткілікті жəне минималды
қосымша құрылғылар жинағының (дыбыстық динамика жəне
CD привод) бар болуы жеткілікті, сонымен қатар жылдамдығы
64 кб\сек жəне одан жоғары Интернетке қолжетімді болуы
шарт. Қазіргі кезде мұндай компьютерлік конфигурациялар
мен осындай жылдамдықта қосылған Интернет желісі орта
жəне үлкен қалалардың тұрғындарына қолжетімді.
Электронды оқытудың артықшылықтарымен қатар, басқа да
жаңалықтар секілді кемшіліктері болады.
Олардың негізгілерін психологиялық жəне техникалық деп
бөлуге болады.
Психологиялық фактормен байланысты кемшіліктер:
- электрондық оқыту көбіне оқытушымен, сонымен қатар білім
алушылармен бетпе-бет қарым-қатынаста бола алмайды.
Эмоциональдық көмек беретін қасында адам болмағандықтан,
оқу үдерісінде бұл маңызды кемшілік болып табылады. Алайда
коммуникациялық каналдардың дамуы бейнекоференциялық
байланыс, интернетпейджер, чаттар, форумдар мен
электрондық пошталар бұл кемшіліктің аздап болса да орнын
толтыруға мүмкіндік береді;
Достарыңызбен бөлісу: |