Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет97/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113

295
Білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологиялар-
дың құралдарын қолданатын мұғалімге қойылатын талаптар 
барлық педагогқа ұсынылатын дəстүрлі талаптан, білім беруді 
ақпараттандыру үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық техноло-
гияларды қолданумен жəне ақпараттық-қатынастық технология-
ларды практикалық қолдану құралдарымен байланысты ерекше 
(спецификалық) құрастырылуы қажет.
Дəстүрлі талаптарға мыналар жатады:
Ұйымдастырушылық (жұмысты жоспарлау, оқушылардың топта-
суы, т.б.);
-   Дидактикалық  (оқу материалын нақты таңдау жəне дайын-
дау біліктілігі, құрал-жабдық; оқу материалының қолжетімді, 
анық, мəнерлі, дəл жəне жүйелі түрде берілуі; танымдық 
қызығушылықтарын жəне рухани қажеттіліктерін дамытуды 
ынталандыру);
-   Перцетивтік (тəрбиеленушілердің рухани əлеміне кіру 
біліктілігі, олардың эмоциялық жағдайларын обьективті түрде 
бағалау, психикалық ерекшеліктерін ашу);
-   Коммуникативтік (оқушылармен, олардың ата-аналары-
мен, əріптестермен, оқу орындарының басшыларымен 
педагогикалық қарым-қатынас жасай білу);
-   Суггестивтік (оқушыларға эмоционалдық-ерікті əсер ету);
-   Зерттеушілік (педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді тану 
жəне обьективті бағалай білу);
-   Ғылыми-танымдық (таңдаулы салада ғылыми білімді меңгеру 
қабілеттілігі);
-   Пəндік (оқыту пəнін кəсіптік деңгейде білу).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану 
жағдайында сəйкес талаптар барынша өзгертіледі. Мысалы, 
электрондық пошта арқылы жүзеге асырылатын виртуалды 
оқу сабағын немесе консультацияны жүргізу барысында суггес-
тивтік немесе перцетивтік қабілеттерді көрсетудің қиынды-
ғын елестетуге болады. Педагогқа дəстүрлі педагогикалық 
техника, əсіресе вербальді емес қарым-қатынас құралдары қажет 
болмайды:
-   экспрессивті-мəнерлі қозғалыс (жүріс-тұрысы, дене қимылы, 
мимика, т.б.);
-   такесика (қол алысу, жақындау, т.б.);
-   проксемика (бағыт, қашықтық, т.б.);


296
-   просодика мен экстралингвистика (интонация, дауыс, тембр, 
үзіліс, күлкі, т.б.).
Сол уақытта қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарымен жəне 
білім берудегі электронды басылымдармен жұмыс жасауға қажетті 
ерекше талаптар ерекшеленеді. Мұндай талаптардың ішіне, мыса-
лы, оқытушының дидактикалық қасиеттерді білуі мен ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарымен қолдану біліктілігі 
кіреді. 
Компьютерлендірілген ақпараттық білім ортасында мұғалім-
дердің спецификалық қызметіндегі психологиялық-педагогикалық 
мəселелер бүгінгі күнге дейін əлі зерттелмеген өз ерекшелігі бар. 
Сонымен қатар,  жан-жақты білімді ақпараттандыру технологияла-
ры мен құралдарының таралуына қарамастан оқу үдерісін басқару, 
оқушыларды дамыту жəне тəрбиелеу тəрізді мұғалімнің негізгі 
міндеті маңызды болып қалуы қажет. 
Жалпы орта білім беруге жаңа ақпараттық технологиялар-
ды енгізуге жəне құрастыруға педагогикалық кадрларды дайын-
дау əкімшілік қолдаусыз мүмкін емес. Себебі, оқушыларды 
оқытуда ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын 
қолдануға педагогтардың дайындығын қалыптастыру үдерісінде 
оқытушылардың ескішілдігімен қоса үлкен кедергі – оқу орын-
дарының ұйымдастырушылық құрылымының салғырттығы. 
Мұның дəлелі ретінде сəйкес қосымша оқыту қызметкерлерінің 
жетіспеушілігіне, мұғалімдердің қызметіндегі жаңашыл конструк-
тивті ынталандыру мен мақұлдаудың тапшылығына, оқу үдерісін 
ақпараттандыру бойынша жұмыс үшін оқытушылар уақытының 
жетіспеушілігіне əкелетін мектеп əкімшілігінің қызметіндегі 
мəселелерге сілтеу жасау жеткілікті болады. 
Білім беруді ақпараттандырумен айналысатын білікті маман-
дар ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолда-
нумен оқытуға байланысты стандарттар мен саясатты өндірудің 
қажеттілігін көрмейді жəне қатынаспаушылық тəрізді келеңсіз 
көзқарастарды ұстанады. Осыған байланысты білім беруді 
практикалық ақпараттандыруға бастапқы кезде педагогтардың 
үлкен дайындық дəрежесіне бағдарланған, жалпы орта білім берудің 
қазіргі заманғы ұйымдастырушылық инфрақұрылымын құруға 
бағытталған əкімшілік саясат қажет. 
Шетел мемлекеттерінің тəжірибелері қазіргі заманғы ақпараттық 
жəне қатынастық технологияларды құру жəне енгізу мəселелеріне 


297
педагогикалық қоғамның қызығушылығын ынталандыруға арналған 
мамандандырылған басылымдарды жариялаудың орындылығына куə 
болады. Ондай басылымдар мамандардың кең тобына бағытталуы 
керек:
-   барлық дайындық деңгейі мен барлығына бағытталған 
педагогтарға;
-   жалпы орта білім беру жүйесінің əкімшілігіне;
-   əр түрлі мектептік пəндердің оқытушы-əдіскерлеріне;
-   компьютер мен адамның қарым-қатынас интерфейсі, 
графикалық айқындауыштар, жасанды интеллект, компью-
терлік техника, телекоммуникация жүйелері тəрізді əр түрлі 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялар саласындағы 
мамандардың;
-   психологтардың;
-   эргономистердің;
-   əлеуметтанушылардың;
-   тіл мамандарының.
Ондай баспалар білім беруді ақпараттандыру мəселелерімен 
айналысатындардың қызметтерін байланыстыратын буын, тəжірибе 
алмасу, құрастыру жəне білім мен біліктілікті тасымалдайтын 
орталық болуы қажет.  
Оқытушылардың оқу үдерісінде ақпараттық құралдарды қолдану 
мен құрастыруға дайындығын қалыптастыруға конкурстарды өткізу, 
жаңашылдардың еңбегін мадақтау, сонымен қатар каталогтардың 
келесі басылымдармен құрастырылған электрондық ақпараттық 
ресурстардың сертификациясы себепші болады. Сетрификатты беру 
мен мағлұматтарды жариялау каталогтағы сертификацияланған 
бағдарламалар жайлы оқытушы-құрастырушылардың ғылыми 
жəне əдістемелік еңбектердің тізіміне құрылған электрондық оқу 
құралдарын қосуға дəлелдеме беру қажет. 
Аталғандардың басқасынан оқыту үдерісінде ақпараттық техно-
логияларды қолдану бойынша конференцияларда тəжірибелермен 
тікелей тұлғааралық алмасу маңызды нəтижені береді. Есте қаларлық 
жағдай, ондай конференциялар баяндамалардың мазмұнымен 
жақынырақ танысуға ғана емес, сонымен қатар, оқытуға арналған 
бағдарламалық жабдықтамалардың өнімдерін көруге, жалпы орта 
білім беруді ақпараттандыруға бағытталған ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдарын қолданудың жəне  құрудың əр түрлі 
тəсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді. 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау