ОНОМАСТИКА
82
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ұсыныстар түскен жағдайда дәрілік өсімдіктер немесе денсаулыққа
қатысты қазақша ұғым-түсінік атаулары таңдалады. Мысалы,
Демеу,
Шипагер, Саламат, Тасжарған, Көкемарал, Мыңжапырақ т.б. 4.Кісі
есімдерін беру, бектіліген тізім бойынша, мемлекеттік ономастикалық
комиссия тарапынан ұсынылады. Негізінен оқу орындарына болмаса,
денсаулық мекемелеріне кісі есімін беру жағымды әсер қалдырмайды.
Сондықтан бұл мәселеде тереңірек ойлана түсу керек деген ұсыныстар
айтылды.
Үшінші топ:
білім мекемелері, жоғары оқу орындары, орта арнаулы
оқу орындары, мемлекет қатысатын басқа да заңды тұлғалар,
әкімшілік-аумақтық бірліктер(елді мекендер), олардың құрамдас
бөліктері (көше, даңғыл, көпір, алаң, саябақ т.б) бойынша атау беру
және қайта атау мәселелеріне тоқталды. Біршама ұсыныстар ортаға
салынды. Білім мекемелері өзінің тұрған жерінің (ауыл, қала, елді
мекен т.б.) атауымен аталғаны дұрыс. Егер бір жерде бірнешеу
болған жағдайда нөмірленіп беріледі: «Астана қалалық №48 мектеп-
лицей», «Астана қалалық № 55 орта мектебі», жалғыз болғанда ішкі
мазмұнымен аталады«Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік
лицей-интернаты». Ауылдық мектептер:«Амангелдіорта мектебі»,
«Қызылтуорта мектебі» «Ш.Уәлиханов орта мектебі»,«Майшұқыр
негізгі мектебі» т.б. Бұл мектептердің атауынан Жалпы білім мекемесі
екені, қай жерде тұрғаны туралы ақпараттарды алып отырмыз.
Осы секілді орта арнаулы және ЖОО-лардың атауында да тұрған
жері, берілетін білімнің бағыты немесе мазмұны туралы ақпараттар
қамтылуы тиіс.
Мемлекет қатысатын басқа да заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық
бірліктер (елді мекендер), олардың құрамдас бөліктері (көше, даңғыл,
көпір, алаң, саябақ т.б) де осы ұстанымдағы тәртіпке бағынуы тиіс.
Ең бірінші кезекте тарихи атау беру дәстүрі ескеріледі: тұған жерінің
тарихи атауы, болмағанда географиялық принцип басшылыққы
алынады. Сонымен қатар, тілімізде атау ретінде қалыптасқан тарихи-
географиялық терминдер және ішкі мазмұны лайықты ұғым-түсінік
атаулары беріледі. Мысалы, Жезқазған облысыныңЖездіауданын;
Жезқазған облысының Жездіжұмысшы поселкесі; Жамбыл
облысының Жамбылқаласы; Жамбыл облысының Жамбылауданы;
Жамбыл
облысының Шуқаласы, Шу ауданы т.б.
Қазіргі таңда мемлекеттік ономастика комиссиясы мен жергілікті
атқару орындарының белсенді жұмыстарының нәтижесінде біршама
тәжірибенің жинақалғаны белгілі, дегенмен алдағы жұмыстардың
жүйелі әрі қайшылықсыз болуы үшін, ілгеріде атап өткеніміздей,
қауқарлы құжатымыз болуы тиіс. Бұл құжатта мемлекеттік мүдде
мен халық дәстүріндегі атау беруге қатысты тарихи құндылықтар
сабақтастықтығы
сақтала
отырып,
халықаралық
кеңістікке
ықпалдасудың оңтайлы тетіктері де қамтылуы тиіс. Қазірге дейінгі
жұмыстарымызда жетістіктер болғанмен, қайшылықты жақтары да