«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет35/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

ОНОМАСТИКА
82
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ұсыныстар  түскен  жағдайда  дәрілік  өсімдіктер  немесе  денсаулыққа 
қатысты қазақша ұғым-түсінік атаулары таңдалады. Мысалы, 
Демеу, 
Шипагер,  Саламат,  Тасжарған,  Көкемарал,  Мыңжапырақ  т.б.  4.Кісі 
есімдерін беру, бектіліген тізім бойынша, мемлекеттік ономастикалық 
комиссия тарапынан ұсынылады. Негізінен оқу орындарына болмаса, 
денсаулық мекемелеріне кісі есімін беру жағымды әсер қалдырмайды. 
Сондықтан бұл мәселеде тереңірек ойлана түсу керек деген ұсыныстар 
айтылды. 
Үшінші топ: 
білім мекемелері, жоғары оқу орындары, орта арнаулы 
оқу  орындары,  мемлекет  қатысатын  басқа  да  заңды  тұлғалар, 
әкімшілік-аумақтық  бірліктер(елді  мекендер),  олардың  құрамдас 
бөліктері  (көше,  даңғыл,  көпір,  алаң,  саябақ  т.б)  бойынша  атау  беру 
және  қайта  атау  мәселелеріне  тоқталды.  Біршама  ұсыныстар  ортаға 
салынды.  Білім  мекемелері  өзінің  тұрған  жерінің  (ауыл,  қала,  елді 
мекен  т.б.)  атауымен  аталғаны  дұрыс.  Егер  бір  жерде  бірнешеу 
болған  жағдайда  нөмірленіп  беріледі:  «Астана  қалалық  №48  мектеп-
лицей»,  «Астана  қалалық  №  55  орта  мектебі»,  жалғыз  болғанда  ішкі 
мазмұнымен  аталады«Дарынды  қыз  балаларға  арналған  қазақ-түрік 
лицей-интернаты».  Ауылдық  мектептер:«Амангелдіорта  мектебі», 
«Қызылтуорта  мектебі»  «Ш.Уәлиханов  орта  мектебі»,«Майшұқыр 
негізгі мектебі» т.б. Бұл мектептердің атауынан Жалпы білім мекемесі 
екені,  қай  жерде  тұрғаны  туралы  ақпараттарды  алып  отырмыз. 
Осы  секілді  орта  арнаулы  және  ЖОО-лардың  атауында  да  тұрған 
жері,  берілетін  білімнің  бағыты  немесе  мазмұны  туралы  ақпараттар 
қамтылуы тиіс.
Мемлекет қатысатын басқа да заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық 
бірліктер (елді мекендер), олардың құрамдас бөліктері (көше, даңғыл, 
көпір,  алаң,  саябақ  т.б)  де  осы  ұстанымдағы  тәртіпке  бағынуы  тиіс. 
Ең бірінші кезекте тарихи атау беру дәстүрі ескеріледі: тұған жерінің 
тарихи  атауы,  болмағанда  географиялық  принцип  басшылыққы 
алынады. Сонымен қатар, тілімізде атау ретінде қалыптасқан тарихи-
географиялық терминдер және ішкі мазмұны лайықты ұғым-түсінік 
атаулары  беріледі.  Мысалы,  Жезқазған  облысыныңЖездіауданын; 
Жезқазған  облысының  Жездіжұмысшы  поселкесі;  Жамбыл 
облысының  Жамбылқаласы;  Жамбыл  облысының  Жамбылауданы; 
Жамбыл облысының Шуқаласы, Шу ауданы т.б. 
Қазіргі  таңда  мемлекеттік  ономастика  комиссиясы  мен  жергілікті 
атқару орындарының белсенді жұмыстарының нәтижесінде біршама 
тәжірибенің  жинақалғаны  белгілі,  дегенмен  алдағы  жұмыстардың 
жүйелі  әрі  қайшылықсыз  болуы  үшін,  ілгеріде  атап  өткеніміздей, 
қауқарлы  құжатымыз  болуы  тиіс.  Бұл  құжатта  мемлекеттік  мүдде 
мен  халық  дәстүріндегі  атау  беруге  қатысты  тарихи  құндылықтар 
сабақтастықтығы 
сақтала 
отырып, 
халықаралық 
кеңістікке 
ықпалдасудың  оңтайлы  тетіктері  де  қамтылуы  тиіс.  Қазірге  дейінгі 
жұмыстарымызда  жетістіктер  болғанмен,  қайшылықты  жақтары  да 


ОНОМАСТИКА
83
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
аз емес екен. Солардың ішінде талай білікті де, білімді ұлт зиялысын 
тығырыққа  тірегені  –  нысандарға  кісі  есімін  берудің  шарттарын 
белгілеу  болды.  «Көкемнің  аты  –  көшеге,  атамның  аты  –  ауылға» 
дейтін мысқыл нақыл да осы жағдайға байланысты туған еді. Бізде қазір 
батыр  да,  ақын  да,  данышпан  да,  би-шешен  де  көп.  Кешегі  Кеңестік 
жүйенің  сойылын  соққан  қайраткерлер  мен  «геройларымыз»  да 
жетіп артылады. Қазақ елінің біртұтас тарихын жасай алмай отырып, 
тарихи тұлғалар туралы нақты қандай пікір болуы мүмкін. Мысалы, 
біз  негізінен  Қазақстан  Республикасы  шекарасының  ішіндегі  елдің 
тарихы туралы ғана айтамыз да, сыртта жатқан ағайынның басынан 
кешкен  тағдыр-талайы  ұлттық  тарихымыздан  қаншалықты  орын 
алды  дегенге  келгенде  ойланамыз.  Сондықтан,  қазірге  ұлттық 
тұлғаларды  ұлықтауымыз,  олар  туралы  нақты  фактілерге  сүйенген 
монографиялық  сипаттағы  зерттеу  еңбектер  жазу,  магистрлік, 
докторлық  (PhD)  диссертациялар  қорғау  деңгейінде  жүргізілсе  тым 
қораш  болмас  еді.  Атау  берудің  бағытын  өзгертпей,  осылай  кете 
берсек,  күңгірт  тарихтың  қойнынан  суырып  алынатын  «тұлғалар» 
саны да азаймайтын түрі бар.
«Мәңгілік  ел»  идеясы  дәл  осы  тұста  ойымызды  селт  еткізгендей 
болды.  Өткенімізге  көз  жіберсек,  Адам  ата  мен  Хауа  анадан  бері 
үзілмей  жалғасып  келе  жатқанымыз  ақиқат.  Солардың  ішінде 
қазіргімен  салыстырғанда,  халыққа  он  есе,  мың  есе  артық  қызмет 
еткен  тұлғалар  болуы  мүмкін.  Қайсысы  қалды  тарихымызда? 
Мыңдаған  жылдардан  жеткені  санаулы  ғана.  Ал  біз  өткен  бірер  жүз 
жылдық пен алдағы жиырма-отыз жылдың айналасынан ұзай  алмай 
жүрміз.  Тіпті  атын  ұсынып  жүрген  кей  тұлғаларымыз,  бар  болғаны 
–  кешегі  Кеңестік  идеяның  қызығын  көргендер  ғана  екен,  соны 
да  міндет  қылатын  сияқтымыз.  Қазіргі  атау  беруіміздің  барысы, 
көп  жағдайда,  алдағы  күнге  қолдан  дайындалып  жатқан  проблема- 
ның  сипатын  аңғартатындай.  Сондықтан,  дөңгелек  үстелге  жинал- 
ғандар нысандарға кісі есімін берудің шарттарына баса назар аудар- 
ды.
Кісі  есімін  беруге  көп  ұрыну  тарихи  құндылықтарымыздың 
жаңа заман сұранысынан кенжелеп қалуына ықпал етеді. Атау беру 
ұлттық  дәстүрімізде  бар  құбылыс.  Сол  атаулардың  аясында  ұлттық 
дүниетанымымыз  бан  арман-тілегіміз,  дүниеге  көзқарасымыз  т.б. 
қамтылған. Енді міне жаһандану заманында көшпелілікке негізделген 
сол  бір  ғажайып  рухани  әлеміміз  уақытпен  бірге  санамызда 
көмескіленетін  түрі  бар.  Сондықтан  атау  беру  мәселені  тереңнен 
түсінетін мамандардың, арнайы комиссияның шешімімен ғана жүзеге 
асуы тиіс. Бұл орайда, әсіресе, кісі есімінің төменнен емес, жоғарыдан 
ұсынылғаны  абзал.  Бұл  атаудың  беделі  үшін  де,  елдің  біртұтастығы 
үшін  де  аса  маңызды.  Екіншіден,  түрлі  салалар  бойынша  ғылыми-
зерттеу  институттарының  ұсыныстары  басшылыққа  алынғаны  жөн. 
Нағыз ұлттық тұлғалардың солай ғана анықталуы мүмкін. 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау