ОНОМАСТИКА
89
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
құрылтайшылардың және олардың жақын туыстарының есімдерінен
алынған қысқартулар
«ЖанРос» (Жандос – үлкен ұлының аты +
Россия – мемлекет атауы),
«Ибрайхан и К» (Ыбрайхан және Кенжебек
– мекеме иелерінің атауы),
«ВАВ-групп» (Боранбаев Әскербек
Болатұлы – мекеме құрылтайшысының атыжөні),
«Жан и Ш» (ЖШС),
«
Ырыс-НГ» (ЖШС), «К-групп» (ЖШС), «Абзал и К» (ЖШС), «Венера
и К» (дүкен), т.б.. Енді бірі жай ғана дыбыс тіркестерінен алынған
атаулар болуы мүмкін, оны ат қоюшы ол эргонимнің мағынасын
түсіндіре де алмайды. Мысалы,
«Ергош» (кафе), «Гемакасис» (ЖШС),
т.б.. Жалпы мұндай эргонимдер әдетте өте аз кездеседі. Мұнда ат
қоюшы эргонимнің негізінен адресатқа жеңіл қабылдануына, есінде
тез сақталуына көңіл бөледі. Тағы бір топтағы эргонимдер сатып
алушыларға ешқандай ақпарат бермейді. Бұл кәсіпорын иесінің
эргонимнің мүмкіндігін біле бермеуінен жіберілетін қателігі. Жалпы
қандай да бір эргоним болмасын ол фирманың имиджін жасайтын
және оны тауар мен қызмет көрсету нарығында алға сүйреуге
көмектесетін сыртқы жарнаманың бір тәсілі болып табылады.
Жүргізілген зерттеу аясында біз жоғарыдағыларға қосымша
полиэтникалық сипатты танытатын эргонимдер тобын да анықтадық.
Жалпы эргонимдер сол жерде қолданылып отырған тіл немесе
тілдер базасында, сол халықтардың ерекшелігін көрсететін атаулар
негізінде қалыптасады. Қызылорда қаласында көптеген этностар
мен диаспоралар өмір сүреді. Міне, осы жағдай көптеген дүкен,
мекеме, фирма, мейрамхана атауларының әралуан тілде болуына
себепші болып отыр. Мысалы, түрік тілдері тобынан алынған атаулар:
«Регистан», «Шахноза», «Мунира», «Узбечка», «Алишер», «Азия»,
«Шаһар», «Шайхана», «Шейх-S», «Стамбул», «Анкара», «Кишлак»,
т.б.; орыс тілі незінде жасалған эргонимдер - мейрамханалар: «Золотой
дрокон», «Арбат», «Кристал»; кафелер: «Фортуна», «Насталгия»,
«Ласточка»; дүкендер: «Оптовик», «Нородный», «Башмачок»;
дәмханалар:
«Волшебная лампа Алладина», «Минутка»; сән салоны:
«
Принцесса», шеберхана: «Татьяна», т.б.; корей тілі негізінде жасалған
эргонимдер:
«Чосон», Кореана (кафе), «Асон» (кафе) т.б.; шешен тілі
негізінде жасалған эргоним:
«Дашо сай» т.б.. Сондай-ақ Қызылорда
«Сыр – алаштың анасы» деп аталған үш жүздің басы қосылған, рулық
құрамы әртүрлі өңір болып табылады. Бұл қаладағы осы топтағы
эргонимдерде біршама орын алған. Мысалы:
«Қыпшақ» (орта жүз
руы),
«Ер Шоштан» (орта жүз руы найманның бір атасының атауы),
«Дөйт» (кіші жүз руы), «Алаша» (кіші жүз атауы), т.б..
Бүгінгі таңда тілімізге өзге тілдердің элементтері еніп, тіліміздің
жүйелері ішінара болса да өзгерістерге түсуде. Жалпы бір тілге өзге
тілден енген сөздерді зерттеу отандық лингвистердің ғана емес,
онымен қатар шетел лингвистерінің де өзекжарды мәселесі болып
саналады. Шет тілінен енген сөздер деп өзге тілдің сөздік қорына тиесілі
сөздерді айтамыз. Олардың бірі біздің сөздік қорымызға ешқандай
ОНОМАСТИКА
90
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
баламасыз дәл өзінің сол мағынасында еніп жатса, кейбірінің тілімізде
аудармасы болғанымен оны өзіміз өзара қарым-қатынаста қолданып
жатамыз. Өйткені ол сөздер өзге елдің мәдениеті арқылы енуде.
Ал мәдени тұрғыда елімізде жаһандану үрдісі жүріп жатыр, демек
біз әртүрлі дамыған елдермен мәдени және жан-жақты тәжірибе
алмасудамыз. Тілімізде шет тілі элементтері өз қалпында қолданылуы
ономастиканың эргонимика саласында қатты сезілуде. Бұның ең
негізгі себептерінің бірі ол атаулардың мемлекеттік тіл басқармасына
қарасты болмағанынан туып отыр. Әрбір номинатор өз кәсіпорнына
өзі қалаған есімді атау етіп беруде. Кәсіпорын иелері үшін немесе,
басқаша айтқанда, ат қоюшылар үшін маңыздысы тілдік саясат емес,
адресатқа эргонимнің жағымдылығы болып отыр.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда егемен ел ретінде әлемнің
көптеген елдерімен мәдени, саяси, экономикалық байланыста дамып
келеді. Бұл оның лингвистикалық кеңістігіне де өз әсерін тигізеді.
Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, соның ішінде
зерттеу нысаны болып отырған Қызылорда қаласында өзінің шеттілдік
атауын (брэнділерін) көрсететін көптеген белгілі шетелдік фирамалар
атаулары мен шетел сөздерінен ғана тұратын көптеген эргонимдер
бар. Мысалы, фирмалық дүкен
«АDIDAS» (дүкен), «NOKIO» (дүкен),
шаштараз-салон
«WELLA, «Ti-tech сервис» (ЖШС), «Esperanza»
(кафе),
«Oasis» (турситік агенттік), «City jeans» (киім дүкені), «Sonata»
(кафе),
«GALLA» (түрік жиһазы), «R.A.M.JEANS» (ерлер киім дүкені),
«Fashion» (киім дүкені), «Camellia» (гүл орталығы), «Evim» (түрмыстық
тауарлар дүкені),
«COPY EXPRESS» (компьютерлік техника дүкені)
«TEKSAN» (дүкен), «TEXNOMAN» (дүкен), «PLATINA» (зергелік
шеберхана),
«MAXSMUM» (жарнама агенттігі), «NEXUS» (дизайн
студиясы),
«SUPERMATIK» (интернет клуб), «Royal» (интернет клуб),
«ANGELA» (сән салоны), т.б.
Қаланың экономикалық және өндірістік өмірдің орталығы ретін-
де танытатын атауларды «техногендік
эргонимдер» деп атайды. Техно-
гендік эргонимдердің мынадай түрлері бар: -құрылыс, -авто, -сауда
және трейд (ағыл. to trade – сауда жасау), -техно және -тех, -энерг және
-энерго, мұнай және oil (ағыл. мұнай, май), - инвест, -холдинг, -газ, -хим,
-жөндеу, металл. Оларға:
«Торғай-Петролиум» (АҚ), «АйДан Мұнай» (АҚ),
«Қуат Амлон Мұнай» (ЖШС), «КазПетрол Групп» (ЖШС), Құмкөл Транс
Сервис» (ЖШС), «КазРосМұнай» (ЖШС), «ЭкоҚұрылысМаркетинг»
(ЖШС),
«Ай-дан-инвест» (ЖШС), «АсарХолдинг» (ЖШС), «Бест сервис»
(ЖШС),
«Батт Ойл» (ЖШС), «Дорстрой» (ЖШС), «Строй-Мода» (Сауда
үйі),
«Отырар travel» (туристік агенттік), т.б. Әрбір атау сол халықтың
тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі туралы белгілі бір ақпарат береді. Сонымен
Қызылорда қаласының эргонимдік кеңістігі мекеме, компания, өнеркәсіп,
фирма, қоғамдық ұйым атауларының өзіндік жүйесін білдіреді.
Ғалымдарды аймақтық деңгейдегі осы заманғы эргонимдер проблемалары
және ылғи да даму үстіндегі лексикалық бірліктер қызықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |