ОНОМАСТИКА
80
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
осындай мақсатпен ұйымдастырылған болатын. Негізгі мақсат
– нысандарға атаулар беру мен қайта атаудың нақты шарттарын
анықтау.
Осы жиынға арнайы дайындықпен келген ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің
қызметкерлері мен сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ
мүшелері артық ауыс бос сөзге бармай нақты мәселелерге тоқталды.
Үш топ жеке салалар бойынша зерттеулер жүргізген.
Бірінші топ:
әуежайлар, порттар, темiржол вокзалдары, темiржол стансалары,
метрополитен стансалары, автовокзалдар, автостансалар;
екінші топ:
физикалық-географиялық объектілер, денсаулық сақтау, мәдениет,
спорт мекемелері;
үшінші топ: білім мекемелері, жоғары оқу
орындары, орта арнаулы оқу орындары, мемлекет қатысатын басқа
да заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бірліктер (елді мекендер),
олардың құрамдас бөліктері (көше, даңғыл, көпір, алаң, саябақ т.б)
бойынша атау беру және қайта атау мәселелеріне тоқталды. Дамыған
елдердегідей аяқжлоға дейін ереже дайындап шығу тағы да біраз
дайындықты қажет етеді, дегенмен қазіргі өз ішіміздегі жағдайды
зерделей отырып, жалпы атау берудің жүйесі қалай болуы тиіс деген
сұрақ аясында біршама ұсыныстар айтылып, бір тоқтамға келгендей
болды. Бірнеше қағидаттар ұсынылды:
Әлемдік тәжірибелереге сүйене отырып, өзіміздің ішкі жағдайды
зерделеген
бірінші топтың ізденістері мен ұсыныстары негізінен
Қазақстан Республикасы аумағындағы
әуежайлар, порттар, темiржол
вокзалдары, темiржол стансалары, метрополитен стансалары,
автовокзалдар, автостансалар тек жергілікті жердің атымен аталуы
керек деген тоқтамның айналасынан алыстамады. Оның өзіндік себебі
бар – бұл нысандар бағыттық қызмет атқарады. Атаулар жолаушының
немесе жіберіліп жатқан хат-хабар, жүк тасымалының қайда бара
жатқаны туралы ақпарат беріп тұруы тиіс. Осыған байланысты: 1.
Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар өзі орналасқан
елді мекеннің, қаланың (облыстың) атауымен аталады; 2. Бір елді
мекен және қала аумағында бірнеше әуежай кездескен жағдайда сол
елді мекеннің, қаланың атауымен (облыстың) атап, реттік санымен
белгіленеді (Астана-1, Астана-2). Дөңгелек үстелге жиналғандар бұл
ұсынысты дұрыс деп қабылдады.
Екінші топтың
физикалық-географиялық объектілер, денсаулық
сақтау, мәдениет, спорт мекемелері атауларының берілу принциптері
туралы ұсыныстары былайша өрбіді: біріншіден, нысандарға
атау беруде халқымыз ертеден ұстанып келеген дәстүрлі тарихи
принциптерді басшылыққа алу. Қазіргі кезде лингвистеріміз бен
географтарымыз оны екіге бөліп қарастырып жүр. Нысандардың
тарихи атауын қалпына келтіру және географиялық принциптерді
басшылыққа алу. Айналып келгенде бұл екеуінің де негізі бір.
Қолданысымызда ертеден сақталып келе жатқан жануарларға
ОНОМАСТИКА
81
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қатысты: Маралсай, Арқарлы, Текелі, Бұғылы, Құланды, Қоянды т.б.;
Өсімдіктерге байланысты: Миялы, Жосалы, Қайыңды, Қарағайлы,
Доланалы, Аршалы т.б.; Жер қыртысына байланысты: Ақсай,
Көксай, Ақшоқы, Қарашоқы, Азаншоқы, Ақжал, Қаражал, Сарыжал,
Саумалтау, Шымылдықтау, Алатау, Ақтау, Қаратау, Ақжар т.б. Түсінікті
болу үшін айта кету керек «географиялық принцип» дегеніміз атауы
ұмытылған географиялық нысандарға атау беру кезінде сол аймақтың
жер қыртысын немесе ерекше сипатына қарай атау: сулы жер болса,
Мыңбұлақ, Саумалкөл, Жалтыркөл т.б. Қырға орналасса Алтынқыр,
Ақбиік; ойпатқа орналасса, Ойпаң, Ойыл, Ойлыауыл т.б. тарихи
атаулармен сабақтастыру. Елді-мекендер мен түрлі географиялық
нысандарды атау немесе қайта атау кезінде осындай атауларды беру
туралы ұсыныстарды дөңгелек үстелге жиналғандар бірауыздан
қолдады.
Тарихи принцип атау беру мен қайта атауда, физика-географиялық
нысандарға ғана емес, ономастикасының барша салалары бойынша
басшылыққа алынуы тиіс. Бұл ғасылар бойы қалыптасқан дәстүрді
қайта жаңғыртудың құқықты-нормативтік жүйесі болып табылады.
Мәдениет және спорт мекемелері қашан да жарнаманы қажет етеді.
Оның атауында осы жағы үнемі көрініп тұруы тиіс. Ел болашағы
үшін маңызды бұл саланың осы ерекшелігі ескеріле отырып, атау
берудің мынандай принциптері ұсынылды: 1. Атау мазмұнында,
нысан орналасқан елді-мекеннің немесе қаланың атауы және
атқаратын қызметі туралы ақпарат қамтылады: Доланалы футбол
алаңы, Қоғалы спорт мектебі, Зеренді мәдениет орталығы. 2. Мәдениет
және спорт мекемелерінің атқаратын қызметі мен ішкі мазмұнына
қарай жаранамалық сипаттағы қазақша түрлі көркем ұғым-түсінік
атаулары беріледі. Мысалы: спорттық бассейндерге суға қатысты
Толқын, Тұңғиық, Мөлдір, Айдын т.б.; күрес, ауыр атлетикаға күш-
қуат бейнелі Алып, Таусоғар, Сомбілек т.б.; би орталықтарына
нәзіктік, сұлулыққа қатысты Сымбат, Талшыбық, Нәзік, Ағерке т.б.;
3. Мұражайлар, театрлар, саябақтар атқаратын қызметі мен ішкі
мазмұны бойынша аталады: Президенттік мәдениет орталығы, ҚР
Ұлттық мұражай, Жазу тарихы музейі, Алматы хайуанаттар паркі,
т.б. 3. Кісі есімдерін беру, бектіліген тізім бойынша, мемлекеттік
ономастикалық комиссия тарапынан ұсынылады.
Денсаулық сақтау
мекемелерінің атаулары: 1.Қазақстан Республикасының аумағындағы
денсаулық сақтау мекемелер атауының құрамында, өзі орналасқан
елді-мекеннің немесе қаланың атауы, атқаратын қызметі туралы
ақпарат қамтылуы тиіс. Мысалы: Алматы қалалық жедел және
шұғыл көмек көрсету ауруханасы, Алматы қалалық адам ұрпағын
өрбіту орталығы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы,
Астана медицина университеті. 2. Атаудың құрамында денсаулық
cақтау мекемелерінің түрлері көрсетілуі тиіс (
дәріхана, аурухана,
емхана, емдеу орталығы т.б.). 3. Белгілі бір нысанға атау беру туралы
Достарыңызбен бөлісу: |