ОНОМАСТИКА
84
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Нысандарға атау беру және қайта атауда басшылыққа алынатын
екінші мәселе – ұлттық атаулар мен ұғым-түсініктер мүмкіндігін
барынша пайдалану. Атаудың негізгі мақсаты – белгілі бір нысан
туралы ақпарат беру, сондықтан атау ретінде таңдалған сөздің
мағынасы оның ішкі мазмұнын ашып тұруы тиіс. Екінші сөзбен
оны нысан мен атаудың байланысы деп атауға болады. Қазіргі
жағдайларды ескере отырып, атау беру мәдениетінің қалыптасуына
арнайы мамандар тарапынан ұсыныстар жасау арқылы ықпал ету
мақсатында атаулар сөздігі дайындалуы тиіс. Түрлі салаларға арналған
атауларды қамтитын бұл сөздікті ресми мекемелер бекітеді. Ілгеріде
аталғандай, ғылыми-зерттеу институттары ұсынған кісі есімдерінің де
тізімі
белгіленіп, осы тәртіппен сәйкес мекемелерге беріледі.
Қазіргі кезде қазақ ономастикасын қамтитын ауқымы жағынан
қала ономастикасы және ауыл ономастикасы деп екіге бөлуге болады.
Қала ономастикасы өзінің сәулеті, сан қырлылығымен ерекшеленеді.
Тұрғын үй кешендері, әкімшілік мекемелер, шағын аудандар,
тағамханалар және т.б. түрлі халыққа қызмет көрсету орындары.
Бұл жағынан алғанда ауыл ономастикасы қала ономастикасының
құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде ауыл ономастикасы
ұлттық белгілерімен ерекшеленіп отыр, алайда қала мәдениетінің
ауылға ықпал етпей қоймайтыны белгілі. Қала мен ауыл арасындағы
байланыстың артуы және ақпарат құралдарының мол мүмкіндігі
арқылы ононмасткалық атаулардың да бірдейлесуі мүмкін дейтін
болжам бар, атау берудің шарттарында бұл да ескерілуі тиіс. Бізде
қалыптасқан «мемлекеттік мекеме» және «жекеменшік мекеме»
дейтін ұғымдар бар. Ал құқықтық-нормативтік актілерде бұндай
айырмашылық болмауы тиіс. Өкінішіке қарай, жеке меншік нысандар
атауларының мемлекетік мүддеге, моральдық құқыққа, мемлекеттік
тілдің жазу және мәдени нормаларына т.б. сәйкестігін реттеп отыратын
құқықтық құжаттар бізде болмай отыр. Егер арнайы «ҚР Ономастика
туралы» Заңын қабылдайтын болсақ, осы құрылымдардың барлығы
қамтылар еді. Атаудың берілу тәртібі, жазылу ережелері: қазақша
нұсқасы, транскрипция, транслитерация ұғымдарының жүйесі,
дүниежүзі елдеріне ұсынылатын стандарттары т.б., кісі есімдерінің
мәдени сапасы мен жазылу ережелері, құжаттарымызда таңбалануы
т.б. құқықтық-нормативтік шешімі жөніндегі арнайы құжаттың
қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Себебі, бұл
филология, тарих, география, құқық, халықаралық қатынастар т.б.
секілді бірнеше сала мамандарының атсалысуымен жүзеге асатын
күрделі мәселе болып табылады.
ОНОМАСТИКА_85_«Тіл_және_қоғам»'>ОНОМАСТИКА
85
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазіргі күнде экономикалық және әлеуметтік өмірде көптеген
өзгерістер болуда. Мұның бәрі тілден өз көріністерін табуда. Бәсекелесік
пайда болысымен бұрынғы мекеме, фирма, қоғамдық ұйымдардың,
дүкендердің бір типтегі, бір сарындағы атаулары келмеске кетті де,
көптеген кәсіпкерлер өз кәсіпорындарының атауларын өзгелерге
ұқсамайтындай және бір көргеннен, бір естігеннен ұмытылмайтындай,
сонымен қатар мекемені жарнамалайтындай етіп таңдап қоя бастады.
Осындай сауда саттық мекемелерінің, олардың тауарлық белгілерінің
аттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. атаулары қазіргі
күнде ғалымдар тарапынан зерттелетін тақырып ретінде үлкен
қызығушылық тудырып отыр [1; 2.].
Қазіргі күнде эргонимдер саласындағы зерттеулер Қазақстанның
жекелеген қалаларының тілдік материалдары негізінде қолға алынып
зерттеліп жатыр [3; 4.]. Біз осы мақаламызда эргонимдерді Қызылорда
қаласының мысалында қарасырамыз.
Қызылорда
қаласының
эргонимдері
Аман АБАСИЛОВ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Мадалхан Д.,
Ж.Қизатов атындағы №23
мектеп-лицейі