«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет42/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

МЕРЕЙТОЙ
99
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жат  сөздерді  тілімізге  әдейі,  жорта,  қалыбынан  бұлжытпай,  кіргізіп 
отырғандар  бар.  Бұл  –  бір.  Екінші  –  не  себепті  екенін  өзі  білмей, 
ойламай,  бір  сөзді  бір  жерден  қалай  естісе  я  оқыса,  сол  сөзді  сол 
күйінше  бұлжытпай  тілге  кіргізіп,  қолданып  отырғандар  бар.  Жат 
сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ылайықтап 
алу  керек.  Жат  сөзді  өзгертпей,  бұлжытпай  алатын  жер  дүниеде  тіл 
жоқ  деп  айтса  да  болады.  Бұл  туралы  Аурупа  тілдерінен  алдымызда 
үлгі  келтіреміз.  Жат  сөздерді  өзгертпестен  алып,  бастапқы  жат 
қалыбымен тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұ жолда жүрген 
адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді. Жат сөздерді өзгертпейінше 
жүргіземіз деп қазақтың тілін бұрағандар да, «мәдениетке үйретеміз, 
өнер шашамыз» деп арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бір 
есеп. Арақ, шылым, аурулар адам денесін бұзса, зорлықпен кіргізген 
жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады. Қайсысының күнәсі 
көп?!
Тілімізге  жат  сөздер  екі  жақтан  кіріп  жатыр.  Бірі  –  араб,  парсы 
сөздері,  молдаға  оқығандар  арқылы.  Екіншілері  –  Аурупа  сөздері, 
ордаға оқығандар арқылы. Араб-парсы сөздері тілімізге дінмен бірге 
кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқызамыз деп, 
[тіл] бұраса да ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілінің заңына 
ылайықтап  қолданатын  болды.  Дін  тілімізді  бұза  алмады.  Бұған 
себеп  –  көшпелі  салтымыз  һәм  елге  тым  кәдірлі  болған  орасан  бай 
ауыз  әдебиетіміз.  Көшпелі  елге  жазу-сызу  оңайлықпен  таралмады. 
Жазба  әдебиет  жоқтық  бізді  сақтады.  Жазба  сөз  қазақ  арасына  он 
тоғызыншы әсірдің екінші бөлімінде пайда болды десе болады. Онан 
бұрынғы есепке алынбайды. Жазба сөз бізге, бір жағынан, Қазаннан, 
бір  жағынан,  Бұхардан  келді.  Араб-парсы  сөздерінің  де  көбі  осы 
көршілер арқылы келді.
Тілімізді  байытайын  деп  тұрған  екінші  түрлі  жат  сөздер  Аурупа 
сөздері,  бұ  сөздердің  жаңғыз-жарымы  болмаса,  елге  сіңгені  жоқ. 
Бұларды қолданып, елге ықтиярсыз кіргізейін деп тұрған – әдебиет 
тіліміз. Аурупа сөздері соңғы заманда әдебиет тілімізге жапа-тармағай 
кіріп жатыр. Соңдықтан бұлар туралы да біраз ғана сөз айтпақшымыз.
1)  Аурупа  сөздерін  алғанда,  сөзді  қазақ-қырғыз  тілінің  заңымен 
өзгертіп,  сіңуге  қолайлап  алу  керек.  Аурупа  тілінен  бізге  әсері  көп 
тиетін  тіл  –  орыс  тілі,  орыс  сөздері  ықтиярсыз  қолдануға  керек 
болатын  дәуірде  тұрмыз.  Сондықтан  орыс  сөздерін  қолданғанда  өте 
сақтық керек.
2)  Күнбатыс  Аурупа  сөздерін  алғанда  түбін  тексеріп,  шамадан 
келгенше  сөзді  түпкі  иесінің  сөйлеуіне  жақындатып  алу  керек.  Сөз 
франсоздікі  болса,  франсоздың  айтуына,  немістікі  болса,  немістің 
айтуына  жақындатып  алу  керек.  Көпке  дейін  Аурупамен  біздің 
арамызға орыс тілі дәнекер болады. Орыстар Аурупа сөздерін өзінше 
өзгертіп  алады.  Мұны  үнемі  ұмытпасқа  керек.  Аурупа  сөздерін 
орыс арқылы алғанда өте сақтық керек. Аурупа сөзін орыс өзгертіп, 


МЕРЕЙТОЙ_100_«Тіл_және_қоғам»'>МЕРЕЙТОЙ
100
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
орыстың  өзгерткенін  біз  тағы  өзгертсек,  ақырында  Аурупа  сөзі 
орынсыз  танымастай  болып  кетіп,  аурупаша  да  болмай,  орысша  да 
болмай  шатақ  болуы  мүмкін.  Копенгаген  дұрыс  емес,  Көпен-һаген 
я  Көпенһаген  болуы  керек.  Гелсингфорс  дұрыс  емес,  һелсинк-Форс 
болуы керек. Мұндай үлгілер көп.
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын 
ұмытпайды,  бөтен  тілдің  сөздерін  ана  тілінің  заңымен  айтамын  деп 
шатасады.  Әксент  туады,  бөтенше  сөйлеуге,  бөтен  елдің  адамынан 
айырылмастай  болып  сөйлеу  бұларға  өте  қиын  болады.  Бұлардың 
жат  тілде  сөйлегенде жаттығы  білініп  тұрады.  Өз  тілін  жақсы  білген 
түрікке Аурупа тілдерінде сөйлеу қиын болса керек.
Мектепте  ана  тілін  жақсылап  оқыған  балаға  орыс  сөздерін  көпке 
дейін дұрыстап сөйлеу мүмкін емес. Біздің айтайын дегеніміз мынау: 
бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. 
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; 
ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз 
тілін білмей тұрып жат тілді еліктей беруі зор хата. Бұл оқығандардың 
һәм оқушылардың есінен шықпауы керек.
(Автордың Қазақ-қырғыз тіліндегі  
сингармонизм заңы еңбегінен алынды)


МЕРЕЙТОЙ
101
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл  –  адам  жанының  тілмашы.  Тілсіз  жүрек  түбіндегі  бағасыз 
сезімдер,  жан  түкпіріндегі  асыл  ойлар  жарық  көрмей,  қор 
болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, 
басқалардың  жан  сырын  ұға  алады.  Ойлаған  ойын  сыртқа  шығарып 
басқаға  ұқтыра  алса,  адамның  не  арманы  бар.  Жазушы,  ақын  деген 
сөз  –  ойлаған  ойын  әдемілеп  жарыққа  шығара  алатын  адам  деген 
сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға 
тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның толық 
мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында. 
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. 
Тілсіз  ұлт,  тілінен  айырылған  ұлт  дүниеде  ұлт  болып  жасай  алмақ 
емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі 
болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. 
Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол 
ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ 
тілінде  қазақтың  сары  сайран  даласы,  біресе  желсіз  түндей  тынық, 
біресе  құйындай  екпінді  тарихы,  сар  далада  үдере  көшкен  тұрмыс, 
асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың 
сар  даласы  кең,  тілі  де  бай.  Осы  күнгі  түрік  тілдерінің  ішінде  қазақ 
тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік 
балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін 
қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың әдебиет 
тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн 
түрік  балаларының  тілі  біріксе,  ол  біріккен  тілдің  негізі  қазақ  тілі 
болса,  сөз  жоқ,  түрік  елінің  келешек  тарихында  қазақ  ұлты  төрден 
орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. 
 
 
(Автордың Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде 
алатын орны еңбегінен алынды)
Мағжан ЖҰМАБАЕВ


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау