ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
68
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
халықаралық стандартынан) // Қазақ тілі: әдістеме. Республикалық
ғылыми-әдістемелік журнал. – №2-2005(2). – 10-13-б.
3. Коростелев В.С. Основы функционального обучения иноязыч-
ной лексике. – Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1990.
– 157 с.
4. Рожкова Г.И. К лингвистическим основам методики преподавания
русского языка иностранным. – М.:
Русский язык, 1977. – 246 с.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология. –Москва: Просвещение, 1973.
–239 с.
6. Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері // Педагогикалық ізденіс. – А.:
Рауан, 1990. – 237-287-б.
ОНОМАСТИКА
69
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
К
ез келген халықтың ономастикалық атаулар жүйесі – оның
этникалық сәйкесімділігін (идентичность) нақты объективті
түрде айқындайтын негізгі тілдік маркерлердің бірі санатындағы
дүние. Ұлттың өзін-өзі сәйкестендіруіндегі объективті факторға
этнографтар ортақ биологиялық, антропологиялық белгілермен қатар
территориялық-географиялық (мемлекеттік) факторды жатқызады.
Бұл факторлар қатарына қазақ халқының ұлттық «өздігін», ұлттық
санасын растайтын тілдік фактор, оның ішінде, сол халық ерте
кезден мекендеген тарихи территорияны және қазіргі кезеңдегі
халқымыздың географиялық-этнологиялық кеңістігінде орналасқан
географиялық атауларды, ең алдымен мемлекетіміздің атын –
Қазақстан Республикасының атауын жатқызамыз.
Философ И.Канттың түсінігіне сай – кез келген ұлт өзін және өз
болмысын нақты географиялық шекаралары бар хронологиялық
тұрғыдан өзінің үздіксіз тіршілік етіп келе жатқан географиялық
кеңістікпен сәйкестендіреді.
Ата-бабаларымыздың қаһармандық пен азаттық үшін күреске
толы жолында өткен тарихын айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «...
Қазақтар – ұлы өркениет ұрпағы ретінде ұлттық «өздігін» барша
тарихи өткелдер мен қасіреттерден алып шыққан халық. Алып шығып
қана қоймай,
оны сақтап, көбейте білген халық» [1, 23 б.].
Қазақ
жер-су атаулар
жүйесіндегі
ортағасырлық
кірме
атаулар
Қыздархан РЫСБЕРГЕН
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты Ономастика бөлімінің
меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы
ОНОМАСТИКА
71
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Топонимдік материал негізіндегі этнотілдік бірегейлікті біз көне
түркі топонимдік жүйесін қарастырудан бастап, хронологиялық
тұрғыдан ендігі жерде ортағасырлық Қазақстан территориясындағы
топонимдік жүйенің жалпы сипаты қандай болды деген мәселеге
тоқталамыз.
Тарих ғылымында орта ғасырдың өзін ерте орта ғасыр (раннее
средневековье) (жоғарыда қарастырылған Күлтегін, Түркі қағанаты
т.б. дәуірі), нақ орта ғасыр (собственно средневековье) және
кейінгі орта ғасыр (позднее средневековье) деп үш дәуірге бөліп
қарастыру қалыптасқан. Ал ежелгі қазақ жеріндегі (орта) ортағасыр
дәуірі автохтонды түркі ортаға араб-иран мәдениеті элементтері
мен ислам дінінің ежелгі түркі мәдениеті, тілі, ғылым-білім т.б.
салаларына бастырмалата енуімен ерекшеленеді. Алайда қазақ
топонимиясындағы аймақтық зерттеулерге арналған жұмыстарда
араб-иран
элементтерінің
жер-су
атауларындағы
ықпалы
Қазақстанның әр аймағында әртүрлі дәрежеде көрініс тапқандығын
көрсетеді. Араб халифатының әскери-саяси экспансиясы VІІІ-ІХ
ғасырлар аралығында әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік -
шығыс аймақтарында үстем сипатта өтіп жатты. Оны біз сол кезеңдегі
жазба ескерткіштерде көрініс тапқан топонимдік атаулардан да
байқауымызға болады. Жер-су атаулары жүйесіндегі ұлттық сананың
көрінісін қарастыру эволюциялық тұрғыдан алғашқы этникалық
сана нышандары этнотайпалық деңгейде тілдік маркерлер мен ортақ
топонимдік модельдерде көне түркі заманынан өз жалғасын тауып
келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік.
Түркі, қазақ ономастикасында тілдік-классификациялық тұрғыдан
араб-парсы немесе иран тектес топонимдерді кірме атаулар деп
топтастыру дәстүрі қалыптасқан. Бұл топонимдік кірме қабат қазіргі
Қазақстанның топонимдік кеңістігінде белсенді түрде тілге, қоғамға
қызмет етіп келе жатқан дағдылы «өз» атауымызға айналған тарихи
онимдік қабатты құрайды. Алайда бұл «тарихилықтың» өзі шартты
екендігін айтқан болатынбыз. Пайда болу жағынан олар «тарихи», ал
қызмет ету жағынан «заманауи» атаулар деуге болады.
Ислам ықпалына ертерек іліккен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-
шығыс аймақтарында өзге өңірлермен салыстырғанда араб, иран
(парсы) тектес атаулар мен оның элементтерінің қатысуымен жасалған
топонимдер
шоғыры қоюырақ келеді
Орта ғасырдағы шашыраңқы түркі тайпалары мен түрлі
этнокомпоненттердің әрі қарай табиғи түрде ынтымақтасуына,
этнос, халық болып бірігуіне, этногенез процесіне кері ықпал етіп,
этникалық процестерді кешеуілдеткен осы бір күрделі тарихи кезеңде
топонимдік негізде этнобірегейлік деңгейін айқындау үшін сол кездегі
ғаламның топонимдік бейнесі қандай сипатта болды? Түркі негізді
географиялық атаулар жүйесінің орта ғасыр кезеңі қандай сипатта
дамыды? деген мәселеге тоқталамыз.