ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
34
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Іштен мен бүлік шығарайын (МЧ Ю
4
). Қазіргі тілмен салыстырғанда
көне тілде мағынасы кең. Мағынаның тарылуына сөздің бір
мағыналарының тұлғалық жағынан дыбыстық өзгеріске түсуі себеп
болған сияқты. Өзгеше сипат алған мағына бүгінде өзге сөз ретінде
танылады. Жоғарыда берілген екінші мағына тілімізде
бұл түбірінің
бүл түріне ауысуынан жасалынған. Бұлға етістігі ауыспалы мағынада
бүлік шығаруды білдірген болса, орта ғасырларда бүлінген, бұзылған,
ескірген, тозған сияқты мағыналарды білдіретін сөздің тұлғасы
бүл
түрінде көрінеді. Мысалы:
Бүл тарығ. (Ұзақ сақталғаннан) бүлінген
астық (МҚ I 335). Олай болса, бұл түбірдің екі түрлі дыбыстық
өзгеріске түсуі ертеректе болған.
Бүл түбірінен бүгінде бүлдір, бүлін,
бүлік, бүлікшіл т.б. сөздер қалыптасқан.
Көне түбірлердің тілімізде қолданылып, кейбір орындарда сақталып
қалғандығын көбінесе фольклор тіліне байланысты анықтауға болады.
ҚТТС-де
бүл етістігінің мағынасын былай береді: 1. Ел ішіне іріткі
түсу, жұрт тыныштығының бұзылуы, елдің күйреуі. Осы айтқаным
болмаса, Тұғырға сұңқар қонбаса, Ноғайлы елдің
бүледі (Батырлар
жыры) . 2. Бүліну, қирау, быт-шыты шығу. Хандар киген қамқа тон,
Шүберек болар тозған соң. Еңсесі биік кең сарай,Мортың болар
бүлген соң (Алдаспан) [6, 45 б.]. Әрине, бұл сөздер мағына жағынан да,
тұлға жағынан да көне тілмен сәйкеседі.
Бүлдір сияқты бұз да осы бұл түбірімен түбірлес болуы әбден
мүмкін.
Бұзу, бүлдіру – синоним сөздер. Мысалы: 1. Бұзу, сындыру.
Ебін барқын буздым. Үйлерін, ғимараттарын бұздым (БҚ
34
).
Ол ев
бузды. Ол үй бұзды (МҚ II 8). 2. Жеңу, жою, құрту. Таңут бодунығ
буздым. Таңғұт халқын жеңдім (БҚ
24
). 3.
Ауыс. Берекесін кетіру,
құлату, қирату.
Еліг болса есіз ажунуғ бузар. Егер басқарушы ақымақ
болса, дүниені қиратар (ҚБН 149
24
). Екі етістіктің мағына жақындығы
тарихи тұрғыдан да көрінеді, жалпы ұқсас мағына сезіліп тұрады.
Бүл, бұл түбірлері – біздің тіліміз үшін ұмыт болған өлі түбірлер.
Бұл түбірлердің әрқайсысы көне дәуірлерде дербес сөз болған және
бірнеше сөздердің құрамында кездеседі.
Көне түбірлердің сақталып қалған келесі бір орындары – қос
сөздер құрамы. Құрамындағы бір сыңары, кейде екі сыңары да
түсініксіз қос сөздер тілімізде баршылық.
Бұлға етістігінің үшінші,
төртінші мағыналарындағы ренжу, наразылығы өршу сияқты
мағыналар
бұлқан-талқан (бұрқан-тарқан) болды (қатты ашуланды)
қос сөзінің құрамында сақталып қалған.
Бай ашуланып бұлқан-
талқан болды (Қаз. ертег.). Қос сөздің бірінші сыңары мағыналы болып
келеді де, екінші сыңары соған дыбыстық еліктеуден пайда болады.
Сондықтанмағынаны бірінші сыңарынан іздейміз.
Бұлқан ‘жайсыз,
тынышсыз’ мағынасында өте сирек кездеседі, ал
бұлқан болды тіркесі
‘ашуланды, ренжіді’ мағынасын білдіреді. Мысалы: Барысында көп
істің
бұлқан болса, жар ізгі, Жасырамыз, соғыстың Құпиясы тәрізді
(Қ. Мырзалиев. Бұлбұл).
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
35
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Бір түбірден тараған сөздер әруақытта бір бағытта дами бермейді.
Көне тілдегі сөздің әртүрлі мағыналары әртүрлі бағытта дами отырып,
түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Орта ғасырларда кездесетін осы сөзбен тұлғалас
булнуқ етістігінің
мағынасы – ‘орнынан жылжу’ (әскер қатары).
Йағы санчмыш ерсіг
еран булнуқуп / йана еврә санчты йағысын утуп. Жауды талқандаған
ержүрек әскердің қатарлары орнынан жылжығанда, ол тағы
шабуылдап, өзінің жауын жеңді (ҚБК 129
1
) [7, с.123].
Булнуқ етістігінің
мағынасын беретін сөздің тұлғасы дыбыстық құрамы жағынан
сәл өзгеріске түсіп, өзгеше сипат алып кеткен.
Булнуқ етістігінің
құрамындағы қосымшаның н мен қ дыбыстары метатеза заңдылығы
бойынша орындарын алмастырып айтылған.
Бұлқын етістігінің
алдыңғы етістікке ұқсас мағынасы – бірден жұлқи қозғалу. Қозғалу
мен жұлқи қозғалудың арасындағы мағыналық реңк айырмашылығы
келе-келе пайда болған болу керек. Әуелгі түбір етістік білдіретін
мағына мағыналық реңктер жамап, жаңа сөз қолданыстары пайда
болады. Көне тілдегі
булғанч ‘абыржу’, булғануқ ‘кір, лай’, булғақ
‘наразылық’ сияқты сөздер де алдыңғы етістіктермен түбірлес.
Бұл сөздерді тарихи тұрғыдан жеке сөз, туынды сөз жасауға негіз
болған дербес түбір ретінде танимыз.
Мысалдардан байқап отырғанымыздай,
булға етістігі МЧ және МҚ
ескерткіштерінде және қазіргі көпшілік түркі тілдерінде кездеседі,
дыбыстық жағынан сәл өзгеріске түскен:
булға – қар., құм., қбал.,
қыр., ноғ., өз., ұйғ.,алт. диал., тув. диал;
бұлға – қаз., тат., баш; пұлға
– тат. диал.; полға –сұйғ.; былға – қаз., ноғ., ққал., тат. диал., тув.
диал. т.б. Бұл етістіктің түркі тілдеріндегі мағыналары көне тілмен
сәйкес келеді, алайда әрбір түркі тілінде уақыт өткен сайын өзінің
мағыналарына өзгеріс кіргізіп отырғаны түркі тілдерінің деректерінен
көрінеді. Қол бұлғау мағынасы көне тілде кездеспегенмен, құм., қыр.,
өз. диал., ұйғ., қбал., қаз., ноғ., ққал., тат., т.б.; былғау, шайқау – қыр.,
қаз., ққал., хак. (бас шайқау); бас изеу – ққал., ктат. т.б. кездеседі.
Бұл бұлғау, араластыру мағыналарына қарағанда кейін пайда болған.
Ал осы етістіктердің түп төркінінің қайдан шыққандығын әуелі түркі
тілдерінен іздестірген жөн. Осы етістіктің була – түрі түрк., түр.,
аз., гаг., өз., ұйғ.; була: – як.; бұла, была – тат. диал.; пула – сұйғ.,
алт. диал.; пыла – алт., тел., леб., шор., саг., койб.; биле – түр. диал.
т.б. Бұл етістіктердің қайсысы көне тілге жақын? десек, түркі тілі
жалғамалы тіл болғандықтан, түбірге қосымшалар бірінен кейін бірі
жалғанып келеді де, біртіндеп түбір мен қосымша бірігіп, біртұтас
тұлғаға айналады. Сондықтан түркі тілінде түпкі түбірлер көбінесе бір
буынды болып келеді.
В. Банг
булға етістігінің шығу тегін бул, булу-дан пайда болған деп,
булу-ды телеут тілінің (алт. т. диал.) пулу ‘қатты ашулану, көтеріліске
шығу’ етістігімен байланыстырады және көне ұйғ.
булун ‘абыржыған,
асып-сасқан’, ‘бүлінген’ ‘абыржу’етістігімен салыстырады.
Бул
Достарыңызбен бөлісу: |