«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет14/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
32
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
 2. Айыру, түсіну. 
Киши мен тегүчи аба оғланы ісиг тумлығығ билгү 
адра аны. Ыстық пен суықты айыра алатын әкесінің ұлы (өзі туралы) 
мен адаммын деп айта алады (ҚБК 273
11
).
  3.  Ажырату,  жекелеу. 
Уқушуғ  адыртың  білігтә  өңі.  Білімнен  өзге 
ақылды ажыратасың (ҚБН 70
24
).
  4.  Бір  нәрседен,  біреуден  айыру. 
Амрақынта  адыртымыз  ерсәр. 
Егер біз (оларды) сүйіктілерінен айырсақ (ТТ IV В
14
).
 5. Өмірден айыру. 
Алты йашымда қаң адырдым білінмәдім үч ечімә 
йыта  адырдым.  Алты  жасымда  әкемнен  айрылдым,  білінбеді  (жете 
түсінбедім), үш үлкен бауырымнан айрылдым (Е 32
16
).
 Айыру етістігі де бұл дәуірлерде айру ‘айрылысу, айрылу’ түрінде 
кездеседі  және  осы  түбірден  тараған 
адзыр,  адзыш,  адзры,  адзрыл, 
адзрыш сияқты нұсқалары да бар. Мысалы: Олар іккі айрышды. Олар 
екеуі  айрылысты  (МҚ  138
14
). 
Адзырмаш  мен  бегсіг  йа  қулсығ  кішіг. 
Мен адамдарды бек немесе құл деп бөлмеймін (ҚБН 68
8
). 
  Бір  түбірдің 
ад,  ай,  адз  нұсқаларының  орта  ғасырларда  қатар 
қолданылуы тайпалар тіліне байланысты ерекшелік болу керек.
 Айыр сөзі етістік ретінде тілімізде тоғыз түрлі мағынада жұмсалады. 
Бұл  етістік  бұрынғы  мағыналарын  жоғалтпаған,  керісінше  үстеме 
жаңа  мағыналарға  ие  болған.  Сондай-ақ,  қазіргі  түркі  тілдерінде  де 
өнімді қолданылса керек. 
Айыр – түрк., түр., аз., гаг., қтат., қар. қ. г., құм., қбал., қыр., қаз., 
ноғ., ққал., тат., баш.; 
айир – өз.; азыр – сұйғ., хак; а:р – лоб.; адыр 
– тув.; 
уйар – чув. Бұл сөздердің көне түбірі – -ай, 
~ -адз, ~ -ад, ~ -ат 
‘айырылу, екіге бөліну’. Кейін келе бұл түбірлерге әр тілдің өзіне тән 
қосымшалары жалғанып, мағына жағынан да түрлене түскен.
  Осы  түбірден  тараған  сөздер  қазақ  тілінде  бүгінде  әртүрлі 
дыбысталып,  тұлғалық  жағынан  бір-бірінен  алшақтап,  әртүрлі 
мағынаға ие болған: 
айрық (жол айрығы), айырым (айырылатын жер), 
айда (жер жырту, яғни бұрында соқамен жер жыртқанда жерді екіге 
айырып,  қопарып  отырған). 
Айдақ  жазу  дегендегі  айдақ  шимайлап, 
қалай болса солай жазуды білдіреді. Алдыңғы 
айда етістігінен жасалған 
болу керек, жер жыртқанда да жер бетіне әртүрлі із түседі. Сондай-ақ 
айдақ-сайдақ сөзінің түбірін де бірінші сыңарынан іздейміз. Қарайым 
тілінің  қырым  диалектісінде
  ай  деп  біздегі  ауды  (бұт  киімнің  екі 
балағының  түйіскен  жері),  ал 
айак  деп  жол  айрығын,  жол  торабын 
айтады.  Жолға  байланысты  айтылатын 
аяқ  жол  біздің  тілімізде  де 
бар. 
Аудың  да  шығу  тегі  көне  ай  түбірімен  байланысты.  Осы  арада 
ай 
~ ар(шу), ар(ыл) түбірлерінің сәйкестігін де айта кету керек. Аршу 
етістігінің де мағынасы бірнәрседен бөліп алуға, айырып алуға сәйкес 
келеді. Заттық мағынадағы 
айыр қаз., хак. т., айыр (екі ұшы айыр) – 
қаз., 
айырланған,  тарамданған  –  қаз.,  хак.,  тув.,  т.б.  қолданылады. 
Қазақ тіліндегі 
айырды аша деп те атайды. 
 Тілімізде осы сөзбен мәндес, тұлғалас тағы бір сөз бар, ол – 
ажырау, 
ажырату  етістігі.  Бұл  сөз  де  өз  алдына  дамып,  бірнеше  мағынаға 


ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
33
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ие  болған,  дегенмен  мағына  сәйкестігі  сақталған.  Көне  тілде  й-мен 
айтылған  сөздердің  көпшілігі  тілімізде  ж-ға  ауысқандығы  тарихтан 
белгілі.  й
~ж  сәйкестігінің  нәтижесінде  қалыптасқан  сөздер  тілімізде 
өте көп.
  Орта  ғасырлардың  өзінде  бірнеше  нұсқада  айтылатын  етістіктің 
тіліміздегі тұлғалары мынадай: ай 
~ ад ~ аж ~ ау ~ ар.
 Ажыра етістігі көне тілде кездеспегенмен, кейінгі дәуірлерде пайда 
болған  етістіктердің  қатарына  кірмейді,  себебі  оның  сонау  байырғы 
замандардан  келе  жатқандығын  дәлелдейтін  деректер  бар. 
Ажыра 
етістігі тек біздің тілімізде ғана емес, өзге түркі тілдерінде де кездеседі: 
ажыра  –  қыр.;  ажра  –  өз.,  ұйғ.  диал.;  ажры  –  ұйғ.;  ажыра  –  қаз.; 
ажийа – лоб.; айры – алт.; айи (айи >йир) – лоб.
Түбірлердің  дыбыстық  сәйкестіктердің  нәтижесінде  қалыптасуы 
түпкі  түбірдің  бір  екендігін  және  кейін  пайда  болмағандығын 
дәлелдейді. Түбірдің монғол тілімен сәйкес келуінің өзі де шығу тегінің 
әріде жатқандығынан хабар береді.
  Келтірілген  тілдік  деректерді  саралай  келе  бір  түбірден  тараған 
бірнеше  сөз  әртүрлі  бағыт  алғанмен,  түпкі  түбір  мен  мағынаның 
сақталуы  архетип  түбірді  анықтауға  мүмкіндік  беретіндігіне  көз 
жеткізуге болады. Дегенмен бірнеше түбірдің алғашқысы қайсы? деген 
сұрақ  туындайды.  Ғалымдар  арасында  әртүрлі  пікірлер  болғанмен, 
түбірлердің алғашқысы нақты дәлелденген емес.
 Г. Вамбери 
айыр етістігі ай ат ‘бөлу, айыру’ етістігінен жасалынған 
десе, В. Банг 
айға қарағанда ад немесе адз ертерек пайда болған дейді. 
К.  Менгес 
ажыра 
~  ажри  тұлғасының  шығу  тегін  монғол  тілімен 
байланыстырады  (
аджыра<  монғ.  anid
ǯira).  Түркі  тілінің  айыр,  адыр 
етістіктерін Н.Н. Поппе де монғол тілінің 
ажи ‘есінде қалдыру, байқау’ 
етістігінен жасалынған 
ажира етістігімен салыстырады да, оны монғ. 
дейінгі 
padi  ‘айыру’  етістігінен  болған  деп  есептейді.  Берілген  тілдік 
деректер түпкі түбіртек 
ад болу керек деген болжамға әкеледі.
 Мұндай тілдік қолданыстар және сөздердің бірнеше нұсқада келуі 
сөз байлығын толықтыра түседі. Бұл сөздердің мағыналық, мазмұндық 
ауқымы  әлдеқайда  кең.  Сөз  мағыналарының  өзгеруі  бір  жақты 
болмайды.  Соның  бір  көрінісі  –  осындай  дыбыстар  сәйкестігінің 
нәтижесінде қалыптасқан сөздер. 
 Сөздер құрамындағы бір дыбыстың өзгеруі мағынаның өзгеруіне 
әкеледі.  Бұлға  етістігі  қазіргі  кезде  екі  түрлі  мағынада  жұмсалады: 
«1.  Қолмен  бір  нәрсені  сермеп,  сілтеп  қимыл  жасау,  қозғау,  белгі 
беру. 2. Бір затты басқа бір нәрсемен араластыру, шайқау [3, 152 б.]. 
Ал  осы  сөздің  көне  тілдегі  мағынасына  келсек,  төрт  түрлі:  1.  Бұлғау, 
араластыру. 
Ол тұтмач булғады. Ол кеспені араластырды (МҚ III 289); 
2.  Лайлау. 
Ол  сувуғ  булғады.  Ол  суды  лайлады  (МҚ  III  289);  3.  Ауыс. 
опық  жегізу,  ренжіту,  қастық  істеу. 
Ол  ер  аның  көңлін  булғады.  Ол 
адам  оның  көңілін  бұзды  (жүрегін  ауыртты)  (МҚ  III  289);  4. 
Ауыс. 
наразылығын  өршіту,  қоздыру,  бүлік  шығару. 
Ічрә  бен  булғайын. 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау