«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет11/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
25
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
сан,  сапа,  себеп-алдарлық,  қатыстық,  қимылдың  өту  сипаты  тәрізді 
т.б.  грамматикалық  мағыналардың  болуы;  грамматикалық  субьекті 
мен  обьектінің  ажыратылуы  тілдің  грамматикалық  құрылымының 
дамығандығын көрсететін негізгі белгілер болып табылады. Граммати- 
калық құрылыстық ежелден келе жатқан негізгі категориялары қазақ 
тілінде барынша тұрақты екендігі байқалады. 
Дамыған тілдің негізгі белгілерінің бірі – сөз байлығы. Сөз байлығы 
дегеніміз тек сандық көрсеткіш қана емес. Ол, ең алдымен сөз алуандығы 
деген ұғымды қамтиды. Ал сөз алуандығы дегеніміз не? Әдетте, тілде 
ақиқат дүниедегі әрбір зат, құбылыстың бас-басына телінген атаулары 
бар. Олар әрбір затты даралап көрсетеді 
(изен, жусан, тырнақ, саусақ, 
шынтақ,  т.б.)  сонымен  қоса,  ең  бастысы,  олардың  бәрін  бір  ұғымға 
жинақтайтын  (қара,  от,  қол)  тәрізді  атаулардың;  деректі  атаулармен 
бірге  (мектеп,  кітап,  т.б.)  бейдерек  атаулардың  (білім,  өнеге,  тәрбие, 
ұғым, өнер, т.б.); сондай-ақ сезім-күйді көрсететін (монтию, жайраңдау, 
томсыраю,  күлімсіреу,  т.б.  тәрізді)  сөздермен  қоса  ой-танымдық 
(интелектуалдық) мазмұндағы (қанағат, абырой, ар-ұят, адамгершілік 
тәрізді) сөздердің болуы, қазақ тілі лексикалық жүйесіндегі сөздердің 
алуан түрлілігі сөз байлығының сапасын көрсетеді.
Халықтың тарихи тағылымы, көргені мен көңілге түйгені логикалық, 
эстетикалық таным-білімі қазақ тілінің сөз байлығында жинақталған. 
Қазақ тілі осылардың субстанциялануы, материализациялануы. Қазақ 
тілі  –  жалпы  адамзат  өмірінің  барлық  салаларында  жасалған  аса 
маңызды,  білімді,  қорытылған  тәжірибені  кемел  тіл  ретінде  өзінің 
сөздік  қоры  мен  сөздік  құрамында  жинақтағы  тіл.  Қазақ  тілінің 
мемлекеттік тіл деген жоғары мәртебеге ие болуы ендігі жерде оның 
жинақтауыш қызметіне тән мүмкіндіктерін кеңінен аша түспек. 
Кемел  тілге  тән  тағы  бір  негізгі  белгі  –  небір  нәзік  айырмашы- 
лықтарды  дәл  көрсете  алатын  тілдік  амал-тәсілдердің  болуы;  ең 
бастысы, тілдік-стильдік құралдардың, амал-тәсілдердің 
1) бейтарап, 2) 
кітаби, 3) сөйлеу тілі деп аталатын үшендік (триадалық) жүйе құруы. 
Қазақ  әдеби  тілінің  қарамағындағы  құралдардың  үшендік  жүйесі  өз 
іштерінде  әрі  қарай  тарам-тармақтарға  бөлінеді.  Әдеби  тілдің 
кітаби 
тіл және сөйлеу тілі деп аталатын типтері бар. Ал кітаби тілдің көркем 
әдебиет  стилі,  ғылыми  стиль,  ресми  стиль,  публицистикалық  стиль 
деп  аталатын  салаларға  тарамдалуы  рның  қоғамдық  өмірдің  барлық 
саласындағы  қарым-қатынастың  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ете 
алатынын көрсетеді. 
Тілдің  кемелдігін  танытатын  осындай  объективті  белгілерге 
қарағанда қазақ тілі өз мүмкіндігін жарыққа шығарған, яғни құрылым 
жүйесі  дамыған  тілдердің  санатына  жатады.  Қазақ  тілінің  мұндай 
дәрежеге жетуі, әрине, ондаған ғасырларда әртүрлі кезеңдерден қазақ 
этносының рулық, тайпалық, тайпалық одақ, халық болып қалыптасып, 
ұлт  болып  ұюы,  ата  кәсібі,  ата  жұрты  тарихымен,  шаруашылығы, 
мәдениеті, мемлекеттілігінің болуымен тығыз байланысты. Қазақ тілі 


ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
26
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
әр  қилы  тарихи  кезеңдерден  өте  келе  қазақ  халқының  (ұлтының) 
ұлттық тілі болып қалыптасты. 
Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі
Қазақ  тілі  –  небір  күрделі  ойды,  аса  нәзік  мағыналық  реңктерді 
дәлме-дәл  бере  алатындай  құрылымы  мен  жүйесі  дамыған,  стильдік 
тармақтары  сараланған,  сөз  байлығы  аса  мол,  ұлттық  тіл  деңгейіне 
көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі.
Қазақ  тілі  –  әлемдік  тіл  кеңістігінде  қайталамасы  жоқ,  ғасырлар 
бойы  гуманизм  мен  прогреске  қазақтардың  ұлттық  тұтастығы  мен 
бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. 
Қазақ  тілінде  адамгершілік  пен  бауырмалдықты,  өнеге  мен 
ізгілікті  уағыздайтын  небір  көркем  сөз  үлгілері  жасалған.  Абайдың 
ойшылдыққа толы ұлы мұрасы, М.О.Әуезов сомдаған көркем дүниелер 
ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып 
қосылуы қазақ тілінің эстетикалық, дүниетанымдық қуатының, басқа 
да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екендігін танытады. 
Жалпыхалықтық  қазақ  тілінің 
әдеби  тіл,  қарапайым  сөйлеу  тілі, 
жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық 
тілдің жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне 
қарағанда,  әдеби  тіл  өзінің  қырналып,  екшеліп,  сымбатталғанымен, 
тіл тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, 
функционалдық,  стильдік  тармақтарының  саралана  түскенімен 
ерекшеленеді.  Жалпыхалықтық  тілдің  ең  жоғарғы  формасы  болып 
табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының қоғамдық өмірінің барлық 
саласында  дерлік  қызмет  етеді.  Оның  қоғамдық  өмірдің  бұқаралық 
ақпарат;  көркем  әдебиет;  ғылым-білім;  ресми,  құқық,  саясат 
салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар. 
Өзінің әлеуметтік мүмкіндігін аша түсу үшін әдеби тілдің нәр алып 
отыратын қайнар көздері болуға тиіс. 
Қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті 
сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың бұлақ көздері болып табылады. 
Сондай-ақ,  байырғы  әдебиеттегі  ауызша  әдеби  тілдің  үлгілері 
(жыраулар  әдебиеті,  эпикалық,  тарихи  жырлар  т.б.)  және  бастауын 
шағатай,  ортаазиялық  түрки  тілінен  алатын  қазақ  топырағында 
жасалған 
қазақ  ескі  кітаби  тіл  үлгілері  де  қазіргі  қазақ  әдеби  тілін 
байытудың  көздеріне  жатады.  Қазақ  тілі  «өз  буына  өзі  семіріп,  өз 
қазанында ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс-
берісі  бар.  Сөз  қатарын  ауыс-түйіс  жолымен  молықтыру,  әсіресе, 
лексика – терминология жүйесінен айқын байқалады. 
Әсіресе,  ауызша  дәстүрде  дамыған  эпос,  тарихи  жырлар,  ақын-
жыраулар  поэзиясы  тәрізді  көркем  эпикалық  шығармалар  мен  ұлы 
Абай  бастаған  алыптар  шоғыры  жазба  дүниелерінің  стандартты 
тілдік нормаларды қалыптастыруда рөлі айрықша болды. Сондықтан 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау