ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
30
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
өлі түбірлер. Мұндай түбірлер бүгінде жеке-дара қолданылмағанмен,
бірнеше сөздердің, сөз тіркестерінің немесе қос сөздердің бір
сыңарларының құрамында сақталып қалған. Олар этимологиялық
тұрғыдан анықталады. Ал мағыналық жағынан өзгерістерге ұшырап
отыратындығы – заңды құбылыс.
Сөз мағынасының тарылуына оның дыбыстық жағынан өзгеріске
түсуі де себепші болып отырады. Кейде әуелгі нұсқасы тілімізде
кейбір сөз тіркестерінің құрамында сақталып қалады да, мағынасы
күңгірттенеді, ал дыбыстық жағынан өзгеріске түскен нұсқасы
кеңінен қолданылатын сипатқа ие болады. Мәселен, қазір
аңғар
түрінде айтылатын етістіктің көне тілдегі тұлғасы –
аңа ‘аңғару,
түсіну’. Бұл етістік сол дәуірлерде аңла түрінде де айтылған.
Ол сөзүг
аңлады. Ол сөзді түсінді (МҚ I 93). Қазір де сөзіңді аңдап сөйле дейміз.
Аңла тілімізде аңда түрінде айтылып, кейіннен қолданылу өрісінің
тарылуына байланысты тек
аңысын аңды, аңдамай сөйлеген ауырмай
өледі сияқты сөз тіркесінде, мақал-мәтелдердің құрамында сақталып
қалған. Қолданылу өрісінің тарылуына тілімізде дыбыстық жағынан
өзгеріске түскен
аңғар нұсқасының өнімді жұмсалуы себепші
болған.
Аңда мен аңды етістіктерінің түбірі бір емес. Аңды-ның көне
тілдегі мағынасы – (жабайы құстарды, аңдарды) аңду, қарауылдау,
сыртынан бақылау. Қазірде бұл сөздің түсінігі кеңейген, құс пен аңнан
өзгелерге қатысты да жұмсала береді.
Аң деп майы емдік дәрі ретінде
қолданылған құсты, ал
аңчы деп жабайы құстарды аулайтын аңшыны
айтқан. Түркі тілінің
аң сөзі монғ. ang / ан(г) ‘аң, жабайы құстар’ және
angla- / angna- ‘аң аулау, құс ұстау’ сөздерімен сәйкес келеді.
Аңла етістігінің түбірі – аң, ал -ла – етістік тудырушы жұрнақ.
Бұл етістік өзге нұсқаларына қарағанда түркі тілдерінде кеңінен
қолданылады. Кезінде ғалымдар о дыбысынан басталатын
оңна – хак.,
оңно – алт. диал. және onga – `
L
[1,50 б.] сөздері
а:ң ~ аң ~ ан және ой ‘ой, ақыл’ т.б. сөздері арасындағы
тікелей байланысты анықтауға мүмкіндік беретіндігін айтқан болатын.
Сондай-ақ
ой мен ұқ сөздерінің арасында байланыстың бар екендігі
жөнінде де пікірлер бар.
Ан түбірі түркі тілдерінен өзге монғол тілінде
кездеседі: angzira- (< ang-zira-), anzira (
ұқ
етістігінің монғ. т. параллелі uxa- / ухах түрінде дыбысталады [2,154].
Аңла тілімізде етістік ретінде қолданылмағанмен, ертеректе
қолданыста болғандығын дәлелдейтін тағы бірнеше сөзді атауға болады.
Аңдатпа – кітаптың, мақаланың мазмұнын көрсететін қысқаша
түсінік.
Аңдағыш, аңдампаз – аңғарымпаз, сезгіш, яғни тез түсініп
қоятын адам [3, 49 б.]. Сөздің көнелігін дәлелдейтін тағы бір факті –
аңды етістігінің көне аңысын (аңдысын) сөзімен тіркесіп келуі. Бұл
сөздің этимологиясы жайында Ә. Нұрмағамбетов былай дейді: «Біздің
байқауымызша, «аңыс» сөзінің түпкі төркіні монғол тілі болса керек.
Бұл тілде:
аньсга – көздің қабығы (Мон. – қаз. сөз., 1954) [4, 19 б.]. Аңыс
сөзінің монғол тілімен төркіндестігі сол тілден ауысқандығын көрсете