«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет12/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

44

45

ІІІ. Жаңа сабақ: Өздік есімдігі.

Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған сөздер  қатарына 

жатады.  Есімдіктің  жеті  түрі  бар.  Олар:  жіктеу,  сұрау, 

сілтеу,  өздік,  жалпылау,  белгісіздік,  болымсыздық.  Бүгінгі 

танысатынымыз – өздік есімдігі. Өздік есімдігі бір ғана сөз 

арқылы жасалады. Ол – «өз» сөзі, өздік есімдігі мағынасы 

жағынан адамның өзіне тән нәрсені білдіреді. Көбіне түбір 

мағынада  қолданыла  бермей,  төмендегідей  түрде,  тәуел-

деулі, септеулі, жіктеулі, көптеулі түрінде жүзеге асады:

Жақтары

Тәуелдеулі түрі



Тәуелдеулі түрінде 

жіктелуі


І жақ

Менің өз-ім

Мен өзім-мін

ІІ жақ


Сенің өз-ің

Сен өзің-сің

ІІ жақ

(сыпайы түрі) Сіздің өз-іңіз



Сіз өзіңіз-сіз

ІІІ жақ


Оның өз-і

Ол өз-і


Септіктер

Жекеше түрі

Көпше түрі

Атау септігі

Өзім

Өздерің


Ілік септігі

Өзім-нің


Өздерің-нің

Барыс септігі

Өзім-е

Өздерің-е



Табыс септігі

Өзім-ді


Өздерің-ді

Жатыс септігі

Өзім-де

Өздерің-де



Шығыс септігі

Өзім-нен


Өздерің-нен

Көмектес септігі

Өзім-мен

Өздерің-мен

Оқушылардың  санасында  жаңа  тақырыпты  бекіту  үшін 

өздік  есімдіктің  тәуелдеу,  жіктеу,  септеу  үлгілері  интерак-

тивті тақта арқылы көрсетілді. Оқушыларға тақырып толық 

түсіндірілген  соң  «Өздік  есімдігі  дегеніміз  нені  білдіреді, 

анықтамасы  қалай  айтылады,  кім  жауап  береді?»  деген 

сұрақтар қойылып, тақырып пысықталады.

«Өздік  есімдігі  деп  белгілі  бір  нәрсені,қимылды,       

адамның  өзіне  тән  екендігін  білдіретін  есімдік  түрін 

айтамыз».

ІV. Бекіту кезеңі. 

1.«Кім жылдам?» ойыны. Берілген қазақ ақындарының 

өлең жолдарынан, ойларынан өздік есімдікті тауып, толық 

анықтама беру.

1.   Ана тілің – арың бұл,

     Ұятың боп тұр бетте.

     Өзге тілдің бәрін біл,

     Өз тіліңді құрметте!     (Қадыр Мырза Әли).

2.  Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас,

     Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас. 

                                                (Ш.Смаханұлы).

3.  Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

      Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

      Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

      Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

                                               (Әбділдә Тәжібаев).

4.   «... Өз ұлтына басқа жұртты қосамын  дегендер әуелі 

сол жұрттың тілін аздыруға тырысады». 

                                               (Ахмет Байтұрсынұлы).

5.   Жақсылардың сөзін сау

      Жамандаған жаманның

      Күндердің күні болғанда

      Өз басына тілі – жау.      (Шалкиіз жырау).

6.    «Өз  алдына  ел  болуға  өзінің  тілі,  әдебиеті  бар  ел                    

ғана жарай алатынын ұмытпауымыз керек».

                                             (Ахмет Байтұрсынұлы).

2.  Тақтамен  жұмыс.  Екі  оқушы  тақтаға  «Өз  кітабым» 

деген  сөзді  жекеше,  көпше  түрінде  тәуелдеп  жазып                     

шығады.



46

47

Менің өз кітабым – өзімнің кітабым.



Сенің өз кітабың – өзіңнің кітабың.

Сіздің өз кітабыңыз – өзіңіздің кітабыңыз.

Оның өз кітабы – өзінің кітабы.

Біздің өз кітаптарымыз – өздеріміздің кітаптарымыз.

Сендердің өз кітаптарың – өздеріңнің кітаптарың.

Сіздердің өз кітаптарыңыз – өздеріңіздің кітаптарыңыз.

Олардың өз кітаптары – өздерінің кітаптары.

3. Балама тест. 

(Тест қорытындысын оқушылар өзара тексереді).

1. Өзім, өзі, өзің есімдіктері өздік есімдікке жата ма?

а/  иә;                               

ә/ жоқ.


2.  Бұл, сол, ол есімдіктері сұрау есімдігіне  жата ма?

а/  иә;                               



ә/ жоқ.

3. Есім сөздердің орынына есімдік қолданылады ма?



а/  иә;                               

ә/ жоқ.


4.  Мен, сен, ол есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма?

а/  иә;                               



ә/ жоқ.

5.  Кім,  не,  қай,  қалай  есімдіктері  жіктеу  есімдігіне                      

жата ма?

а/  иә;                               



ә/ жоқ.

4. Кітаппен жұмыс

V. Бағалау.

VІ.  үй  тапсырмасы.  Өздік  есімдікті  қолдана  отырып, 

өлең жолдарын жазу.



Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс

Гүлнара ЕСЕНҒАЛИЕВА,

Батыс Қазақстан облысының

Теректі ауданындағы

«Ақжайық» орта 

мектебінің мұғалімі.

«ҚАРАКӨЗДЕРІМ,  ШУАҚТЫ 

МЫНАУ ӨМІРДЕ ШӨЛІРКЕП 

ЖүРГЕН МЕЙІРГЕ...»

(7-сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – Сайын Мұратбековтың 

«Жусан  иісі»,  Оралхан  Бөкейдің  «Тортай  мінген  ақбоз 

ат»,  Марат  Қабанбайдың  «Бауыр»  шығармаларының  ой-

түйінін  жан-жақты  аша  отырып,  идеясына  көз  жеткізу, 

жазушылардың козғап отырған көкейкесті мәселесін талдау, 

үш шығармадағы тақырып үндестігі мен ұқсастығына үңілу 

арқылы  мазмұнын  ашу;  дамытушылық  –  шығармадағы 

панасыз балалардың тағдырын бүгінгі қоғам проблемасына 

айналып  отырған  жетімдер  өмірімен  байланыстыра  ой 

қозғау,  шығармашылыққа  баулу;  тәрбиелік  –  адал  дос-

тыққа,  мейірімділікке,      жанашырлыққа,      адамгершілікке, 

патриотизмге тәрбиелеу.



Түрі:  білімді  жинақтау,  қорыту.  Әдісі:  СТО  жобасының 

стратегиялары арқылы сұрақ-жауап, талдау.



Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

Еркін  Рақышевтің  «Жетімдер»  атты  көркем  фильмінен 

үзінді. Ой қозғау. Ойларыңа не түсті?

1-топ – Аян. 2-топ – Тортай. 3-топ – Қали.

Тақтада үш топтың жоспары.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау