Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 148-беті
148
стандарттарға сілтеме жасалған...». Тізімге стандарттардың аттары мен белгілеулері
белгілердің тіркеу нөмірлерінің өсуіне қарай тəртіппен орналастырылады.
6.6
«Анықтамалар»
атты
құрылымдық
элемент
магистрлік
диссертациядағы
терминдерді нақтылауға не бекітуге қатысты анықтамалардан тұрады. Анықтамалар тізімі
келесі сөздерден басталады: «Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер сəйкес
анықтамаларымен пайдаланылған...».
6.7
«Белгілеулер
мен қысқартулар»
атты құрылымдық
элемент
магистрлік
диссертацияда қолданылған белгілеулер мен қысқартулардан тұрады. Олар диссертация
мəтінінде кездесуіне қарай берілген қажетті талдау мен түсініктемеден тұрады.
Анықтамалар, белгілеулер жəне қысқартуларды «Анықтамалар, белгілеулер жəне
қысқартулар» деген құрылымдық элемент ретінде де беруге болады.
6.8 Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, басқа ғылыми-зерттеу
бағдарламаларымен байланыстылығы, сонымен бірге зерттеудің мақсаты мен міндеттері,
оның жалпы ғылыми-зерттеу жұмысында алатын орны көрсетілуі керек.
6.9 Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың негізгі əдістемесі жəне
негізгі нəтижелік көрсеткіші берілуі тиіс.
6.10 Негізгі бөлімге:
–
зерттеу бағытын таңдау жəне оның негіздемесі, мəселені шешу əдістері мен олардың
салыстырмалы бағасы, жұмысты орындауда таңдалынған əдістемені мазмұндау;
–
теориялық жəне (не болмаса) эксперименттік зерттеу процесі, сонымен бірге
теориялық зерттеулердің ерекшелігі мен мазмұнын, зерттеу əдістерін, есептеу əдістерін,
эксперименттік жұмыстың қажеттігін негіздеу;
–
зерттеу жұмыстарының нəтижелерінқорытындылау жəне жұмыстың келешектегі
бағыттары бойынша ұсыныстар, алынған нəтиженің дұрыстығын бағалау жəне оны отандық,
шетелдік жұмыс нəтижелерімен салыстыру;
–
əрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар енеді.
6.11 Қорытынды:
–
диссертациялық зерттеу нəтижесі бойынша қысқаша қорытындыларды;
–
қойылған міндеттердің толық орындалуының бағалауын;
–
жұмыс нəтижесін білім берудің инновациялық қызметінде, ғылым мен өндірісте
нақты пайдаланудың ұсыныстары мен деректер талдамасын;
–
орындалған жұмыстың техникалық-экономикалық деңгейін осы саладағы жақсы
жетістіктерімен салыстыруды не бизнес-жоспарды қамтуы тиіс.
6.12 Əдебиеттер тізімі магистрлік диссертацияны дайындауда пайдаланылған əдістер
жайындағы мəліметтерден тұруы керек. Тізім 4-қосымшаға сай рəсімделінеді.
6.13 Қосымшаға диссертациялық жұмысты орындауға байланысты қандай да бір
себептермен негізгі бөлімге ендірілмеген материалдарды: эксперименттік зерттеу мен
сауалнама нəтижелерін, статистикалық көрсеткіштерді ендіру ұсынылады.
6.14 Магистрлік диссертацияның рефератына келесі мəліметтер кіреді:
–
диссертацияның көлемі мен құрылымы ;
–
иллюстрациялар, кестелер (бар болса), пайдаланылған əдебиеттер тізімінің саны;
–
кілттік сөздердің тізімі (15-16 сөз);
–
зерттеудің өзектілігі;
–
зерттеу мақсаты;
–
зерттеу объектісі;
–
алынған нəтижелер, оның жаңашылдығы, ғылыми жəне практикалық маңыздылығы;
–
Басылымдар бойынша мəліметтер.
Рефераттың көлемі 1 интервалмен жазылған 8-16 бетті құрайды.
6.15 Рефератқа орыс жəне ағылшын тілдеріндегі резюмелер (əрқайсысы 1 беттен)
енгізіліп, магистрдің қолы қойылады.
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті
ҚП-АƏИУ-09-2016
Сапа менеджменті жүйесі
Құжатталған процедура
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы
217
беттің 149-беті
149
7 Магистрлік диссерттацияны рəсімдеу ережелері
7.1 Жалпы ережелері
7.1.1 Магистрлік диссертацияның мəтінін дайындау осы Ереженің талаптарына сай
орындалады. Магистрлік диссертацияның мəтінінің парақтары мен оларға енген суреттер
мен кестелер А4 форматына сай болуы керек.
7.1.2 Магистрлік диссертация баспа құрылғысы не графикалық құрылғылар арқылы
компьютерде А4 форматты ақ парақтың бір жағына бір интервалмен басылуы тиіс. Қаріп
түрі қалыпты, кегль 14. Магистрлік диссертацияның мəтіні келесі шектік өлшемдерді
сақтау арқылы параққа басып шығарылуы тиіс: оң жағы 10мм, жоғарғы жағы 20мм, сол
жағы 30мм, жəне төменгі жағы 20 мм.
7.1.3 Магистрлік диссертацияның көлемі гуманитарлық мамандықтар үшін кем дегенде
70-100 бет, жаратылыстану жəне техникалық бағыттары мамандықтары үшін 70-90 бет.
7.1.4 Белгілі бір терминдерге, формулаларға жəне теоремаларға назар аудару үшін түрлі
гарнитуралы компьютерлік қаріптерді қолдануға рұқсат етіледі.
7.1.5 Диссертацияның орындалу тəсіліне қатыссыз мəтіннің басылу сапасы мен
иллюстрациялары, кестелері талапқа сай анық болуы керек.
7.1.6 Магистрлік диссертацияны орындауда кескіндердің бейнеленуі, тығыздығы бүкіл
диссертация көлемінде бірдей, анық болуы керек. Магистрлік диссертацияда əріптер,
цифрлар мен белгілер нақты бейнеленуі керек.
7.1.7 Мəтінді құжаттар парағының бүлінуіне, бұрынғы мəтіннің (графиканың) толық
тазартылмай кір іздерінің сақталуына жол берілмейді.
7.1.8 Диссертацияда кісінің аты-жөндері, мекеменің, ұйымдардың, фирмалардың,
өнімдердің аттары жəне де басқа жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі.
7.1.9 Жалқы есімдер мен ұйымдар атауларын диссертация тіліне аударуда түпнұсқа
атауы (алғашқы берілуінде) қосып келтіруге жол беріледі.
7.2 Магистрлік диссертацияның құралуы
7.2.1 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары – «Мазмұны»,
«Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе»,
«Қорытынды», «Пайдаланылған əдебиеттер тізімі» диссертацияның құрылымдық
элементтері тақырыбының қызметін атқарады.
7.2.2 Құрылымдық элементтердің тақырыптары үлкен əріппен жол ортасына нүктесіз
енгізіледі.
7.2.3 Бөлімдердің, бөлімшелердің жəне баптардың тақырыптары қызыл жол (абзац)
арқылы (міндетті түрде 4 əріптік орынға не 1 см-ге тең) үлкен əріппен соңына нүкте
қойылмай енгізіледі. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы ажыратылады.
Тақырыпта сөздерді тасымалдауға болмайды.
7.2.4 Магистрлік диссертация мəтінін компьютер арқылы ендіруде бөлімшелердің
тақырыптары қою түсті қаріппен ерекшеленуі тиіс.
7.2.5 Мəтін мен құрылымдық элементтердің тақырыптары аралығында «бос жол»
(0,7мм) қалдырылады.
7.3 Магистрлік диссертацияның беттерін нөмірлеу
7.3.1 Магистрлік диссертацияның беттері араб цифрларымен диссертацияның бүкіл
мəтінін қамту арқылы нөмірленеді Бет нөмірі беттің төменгі жағының ортасына нүктесіз
қойылады.
7.3.2 Титул парағы беттердің жалпы нөмірленуі құрамына енеді. Титул парағында беттің
нөмірі қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |