Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет64/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 134-беті 
 
134 
 
3.4  Шартта  оқу  орнының,  кəсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын 
кəсіпорнының  (мекеменің,  ұйымның)  жəне  білім  алушылардың  міндеттері  мен 
жауапкершілігі айқындалады. 
3.5  Кəсіптік  практиканы  өткізу  үшін  оқу  орны  практика  базасымен  келісілген 
бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кəсіптік практиканы өтудіңоқу-тəрбиелік процесінің 
кестесін бекітеді.  
Кəсіптік  практиканы  өтуге  жолдау  кезінде  білім  алушыға  осы  Қағидаға 2 жəне 3-
қосымшаларға сəйкес  нысандары  бойынша  кəсіптік  практиканың  жұмыс  жоспар-кестесі, 
кəсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі. 
3.6  Кəсіптік  практиканың  əр  түрі  бойынша  білім  алушыларға  АƏИУ-ден  жəне 
практика  базасынан  –  кəсіпорнынан  (мекемеден,  ұйымнан)  жетекшілер  тағайындалады. 
Қажет болған жағдайда кеңесшілер тағайындалады 
3.7  Жетекшілердің  қызметтерін,  міндеттері  мен  жауапкершілігін  АƏИУ  жəне 
практика базасы – кəсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды. 
3.8  Кəсіптік  практикаға  арналған  шығындарды  АƏИУ  жəне  практика  базасы  болып 
табылатын  кəсіпорын  (мекеме,  ұйым)  жоспарлайды  жəне  кəсіптік  практиканы  өткізуге 
арналған шартта айқындалады. 
Өндірістік  қажеттілік  болған  жағдайда  білім  алушы-практиканттар  белгілі  бір 
лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады. 
3.9  Кəсіптік  практиканың  базасы  болып  табылатын  ұйым  кəсіптік  практиканың 
бағдарламасына  сəйкес  оны  өту  үшін  білім  алушыларға  орын  береді  жəне  білім 
алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді. 
3.10  Практика  базасы  –  ұйым  білім  алушылармен  кəсіптік  практиканы  өту  кезінде 
болатын 
қайғылы 
оқиғаларға 
2015 
жылғы 
23 
қарашадағы 
Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес толық жауапты болады. 
 
4 Білім алушылардың практика түрлерін ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі 
4.1  АƏИУ  білім  алушыларының  оқу  (танысу)  практикасының  мақсаты  оқыту 
процесінде  алынған  теориялық  білімдерді  бекітуді  жəне  тереңдетуді,  зерттеу  қызметінің 
алғашқы  дағдыларына ие  болуды,  іскерлік  хат алмасуды жүргізуді машықтарды  қамтитын 
бастапқы  кəсіби  құзыреттерді  игеру,  оқитын  мамандыққа  сəйкес  қызметтің  практикалық 
машықтар мен дағдыларды игеру болып табылады. 
4.2 Оқу (танысу) практикасының негізгі міндеттері: 
1) АƏИУ қызметінің негізгі бағыттарымен танысу; 
2) мамандықпен жəне оның білім беру бағдарламаларымен танысу; 
3)  болашақ  мамандықтың  объектісі  болып  табылатын  университеттің  ұйымдық-
құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жəне т.б. жалпы танысу; 
4) болашақ кəсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын жəне міндеттерін зерттеу;  
5) іскерлік хат алмасуды зерттеу жəне іс қағаздарын жүргізу; 
6) еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады. 
4.3 Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі жəне 1-
курста ұйымдастырылады. 
4.4 Нақты пəндік саланың ерекшелігіне жəне болашақ маманның кəсіптік біліктілігіне 
байланысты  оқу  практикасының  танысу,  далада  өтетін,  экскурсиялық,  бағдарлы,  мектеп, 
есептеу, пленэр жəне т.б. түрлерін ажыратады. 
4.5  Оқу  (танысу)  практикасы  болашақ  кəсіптік  қызметінің  нысаны  болып  табылатын 
мамандықтарда танысу экскурсияларын қамти отырып университетте өткізіледі. 
4.6  Оқу  практикасы  аталған  мамандық  бойынша  мамандар  даярлауды  жүзеге 
асыратын арнайы кафедраға бекітіледі. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 135-беті 
 
135 
 
4.7 Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына жəне 
мамандықтың бейініне сəйкес əзірленеді. 
4.8 Тілдік практиканың мақсаты білім  алушыларда ауызша жəне жазбаша  аударудың 
дағдыларын,  іскерлік  мен  достық  қарым-қатынас  дағдыларын,  соның  ішінде  оқытылатын 
тілдердің сөйлеушілерімен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
4.9 Тілдік практиканың негізгі міндеттері: 
1) білім алушыларды ауызша жəне жазбаша аударудың теориясы мен практикасының 
негіздерімен танысу; 
2) теориялық жəне практикалық білімдері мен машықтарды бекіту жəне кеңейту; 
3) тілдік коммуникация саласындағы практикалық дағдылар мен машықтарды алу; 
4) арнайы лексиканы аудару дағдыларын ұлғайту жəне бекіту; 
5) тиісті мамандық бойынша сөздік қорды арттыру; 
6)  сөйлеу  тілін,  шет  тілде  тілдесудің  диалогтық  нысанын  дамыту  жəне  бекіту  болып 
табылады. 
4.10  Тілдік  практика  тілдерді  білетін  кадрларды  даярлайтын  жəне  көптілді  білім 
беретін  мамандықтарда  білім  алушылар  үшін  жүргізіледі,  сондай-ақ  мамандыққа 
байланысты 
білім 
алушылардың 
оқуды 
аяқтағанына 
дейін 
2-курстан 
бастап 
ұйымдастырылады. 
4.11  Тілдік  практика  аталған  мамандық  бойынша  мамандарды  даярлайтын  арнайы 
кафедраға бекітіледі. 
4.12  Тілдік  практиканың  бағдарламасында  білім  берудің  деңгейлі  моделі  мен  шет 
тілдерді меңгерудің жəне көптілді білім беру қағидаларының талаптарын есепке алу қажет. 
4.13  Мамандықтың  ерекшілігіне  байланысты  1-курстан  кейін  кəсіптік  практиканың 
далада өтетін, археологиялық жəне басқа түрлері ұйымдастырылады жəне өткізіледі. 
Бұл  практика  түрлерінің  мақсаты  білім  алушыларда  кəсіби  міндеттерді  дамытуды 
толықтыратын жəне тиісті құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. 
Кəсіптік  практиканың  басқа  түрлерін  бағдарламалары  аталған  мамандық  бойынша 
мамандарды даярлайтын арнайы кафедралары əзірлейді. 
4.14  Педагогикалық  практиканың  мақсаты  жалпығылыми,  культурология-лық, 
психологиялық-педагогикалық, əдістемелік жəне арнайы пəндер бойынша білімдерді бекіту 
жəне  тереңдету,  теориялық  білімдер  негізінде  педагогикалық  машықтарды,  дағдылар  мен 
құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.  
4.15 Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері: 
1) педагогикалық қызметтің бастапқы тəжірибесін игеру; 
2) сабақ беру мен оқыту əдістемесін меңгеру; 
3) педагогикалық шеберліктің негіздерін білу; 
4)оқу-тəрбие  жəне  оқытушылық  жұмысты  өз  бетінше  жүргізудің  машықтары  мен 
дағдыларына баулау; 
5) ғылыми-психологиялық жəне педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру; 
6) тəрбие жұмысының əдістемесін меңгеру; 
7) оқытудың инновациялық технологияларды білу; 
8)  оқу  жəне  тəрбие  жұмысы  барысында  білім  алушыларға  олардың  даму 
ерекшеліктерін ескере отырып жеке тəсілді жүзеге асыру болып табылады. 
4.16 Педагогикалық практика бүкіл оқу мерзімі бойы əр курста өткізіледі жəне: 
1) 1-курстың білім алушыларының педагогикалық практикасын; 
2) 2-курстың білім алушыларының психологиялық-педагогикалық практикасын;  
3) 3-курстың білім алушыларының оқу-тəрбиелік педагогикалық практикасын; 
4) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды. 
4.17  Педагогикалық  практика  үздіксіз  болып  табылады  жəне  теориялық  оқытуымен 
қатар өткізіледі. 


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау