163
5B010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы
Базалық пәндер
Алматы
АЛҒЫСӨЗ
1 Бакалавриаттың 5В010800 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша
Қазақтың спорт
және туризм академиясында құрастырылған және енгізілген
2 Пікір білдірушілер: Андрущишин И.Ф. – п.ғ.д., профессор, «Дене шынықтыру және
спорттың теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі, Қаз СТА;
Тастанов А.Ж. –
п.ғ.к., Абай атындағы Қаз ҰПУ доценті.
3 ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2016 ж. 30 маусымда БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ
ҚОСЫЛДЫ
4 Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының 5В010800 – «Дене шынықтыру
және спорт» мамандығы бойынша 2016 жылғы типтік оқу жоспары негізінде жасалған
5 Бағдарламаны басылымға ұсынуға нұсқау берген «Дене шынықтыру және спорт»
Республикалық оқу - әдістемелік секциясы
164
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы
типтік бағдарламасын көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді
МАЗМҰНЫ
ТҮСІНІКТЕМЕ
КІРІСПЕ
1 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1.
Дене шынықтырудың түрлері мен әдістемелік қызметтері.
1.2.
Дене шынықтыру жүйесі.
1.3.
Дене шынықтырудың қағидаттары.
1.4.
Дене шынықтыру құралдары.
1.5.
Дене шынықтыру әдістері.
1.6.
Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету.
1.7.
Дене сапаларын тәрбиелеу негіздері.
1.8.
Дене шынықтыру үдерісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы.
1.9.
Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері.
1.10.
Студенттің өзіндік жұмысы.
2 МОДУЛЬ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЖАСЕРЕКШЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруының негіздері.
2.2.
Мектеп жасындағы дене шынықтырудың негіздері.
2.3.
Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау мен бақылау.
2.4.
Сабақ – мектептегі оқытудың негізгі түрі.
2.5.
Дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларын тәрбиелеу.
2.6.
Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын
өткізудің құрылымы мен әдістемесі.
2.7.
Дене шынықтыру бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар.
165
2.8.
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша мектептен тыс жұмыстары.
2.9.
Ересек тұрғындар арасындағы дене шынықтырудың негізгі бағыттары.
2.10.
Студент жастардың дене шынықтыруы.
2.11.
Әскери қарулы күштердегі дене даярлығы.
2.12.
Егде және үлкен жастағы дене шынықтыру.
2.13.
Бейімдеу дене шынықтыруы.
2.14.
Сауықтыру дене тәрбиесі.
2.15.
Студенттің өзіндік жұмысы.
А Қосымшасы. Әдістемелік, практикалық (семинарлық) сабақтардың, СӨЖ
тақырыптарының тізімі.
Б Қосымшасы. Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі.
ТҮСІНІКТЕМЕ
Осы типтік оқу бағдарламасы «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» оқу
пәнінің негізгі мазмұны мен құрылымын анықтайды. Бұл оқу пәні 05010800- «Дене
шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кәсіби мамандарды даярлауға арналған
негізгі базалық пән болып табылады.
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең
теориялық білім берумен бірге, дене тәрбиесі жоғары оқу орындары мен педагогикалық
ЖОО-ғы дене тәрбиесі факультеттерін бітіруші мамандар болашақта кәсіби маман ретінде
осы пәннің негізгі түсініктерін тәжірибеде, спорттық ұйымдарда және басқа да әртүрлі оқу
мекемелерінде дұрыс қолдана білуіне үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің» негізгі санаттарының көлемі мен
мазмұны, оның шектес ғылымдар саласындағы орны және студенттер мен дене тәрбиесі
ЖОО-н бітіруші мамандық иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.
2. Дене шынықтырудың жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретіндегі рөлін, олардың өзара
және адамның басқа да нақты өмірінің әртүрлі жақтарымен байланысын, оның құрылымын,
мазмұны мен қызметтерін ашу.
3. Жеке тұлғаның дене шынықтыруды қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі
қағидаттарына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тәсілдерге, дене қасиеттерін
қалыптастыру және қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының
басты салаларына, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне, жоспарлауға, бақылауға, және
есеп жүргізуге сипаттама беру.
4. Адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану
ерекшеліктерін айқындау.